Адамдардың өмiрiне, денсаулығына төнген қауiп-қатер және табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде қалыптасқан жағдайдағы iс-қимылдар тәртiбi туралы халықты хабардар ету, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауiпсiздiк және құқықтық тәртiптi қорғау мүдделерiнде телерадио хабарларын тарату желiлерiн пайдалану қағидаларын бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1112 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 941 қаулысымен

Адамдардың өміріне, денсаулығына төнген қауіп-қатер және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде қалыптасқан жағдайдағы іс-қимылдар тәртібі туралы халықты хабардар ету, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік және құқықтық тәртіпті қорғау мүдделерінде телерадио хабарларын тарату желілерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы қаулысына
Баспасөз Релизі

      Қазақстан Республикасының Үкіметімен 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1112 «Адамдардың өміріне, денсаулығына төнген қауіп-қатер және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде қалыптасқан жағдайдағы іс-қимылдар тәртібі туралы халықты хабардар ету, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік және құқықтық тәртіпті қорғау мүдделерінде телерадио хабарларын тарату желілерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қаулысы қабылданды.
      Аталған қаулының мақсаты телерадио хабарларын тарату операторларының желілері арқылы халықты хабардар етуді жүзеге асыру кезінде өзара іс-қимыл жасайтын тараптар қатынастарын реттейтін қағидаларды заңды түрде бекіту болып табылады.
      Осы қаулы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде адамдардың өміріне, денсаулығына төнген қауіп-қатер туралы халықты хабардар ету, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік және құқықтық тәртіпті қорғау мүдделерінде жеделдіктің артыруына мүмкіндік туғызады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз