Қорғаныс мұқтажы үшiн жер учаскелерін беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1125 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 13-бабының 3) тармақшасына және 105-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысының елді мекен жерлері санатынан «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері 5511 әскери бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жер учаскелері қорғаныс мұқтажы үшін тұрақты жер пайдалану құқығында берілсін.
      2. Шығыс Қазақстан облысының әкімі мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері 5511 әскери бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес алаңы 7,0 гектар жайылымдық алқаптарды ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсатта пайдалану үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қоюдан туындаған ауыл шаруашылығы өндірісінің шығынын республикалық бюджет кірісіне өтесін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1125 қаулысына  
қосымша      

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері 5511 әскери бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қорғаныс мұқтажы үшін тұрақты жер пайдалану құқығында берілетін жер учаскелерінің экспликациясы


р/с №

Жалпы алаңы, га

Оның ішінде

Жер учаскесінің орналасқан жері

Жер учаскесінің нысаналы мақсаты

жайылым

басқа жерлер

1.

7,0

7,0


Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Жанғызтөбе кенттік округі, Жанғызтөбе кенті

Атыс орнын салуға және қызмет көрсету үшін

2.

2,09


2,09

Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Жанғызтөбе кенттік округі, Жанғызтөбе кенті

Казармаға қызмет көрсету үшін


9,09

7,0

2,09





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады