Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн акваөсіруді дамыту үшін пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1141 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 745 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі.
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 18-05/291 бұйрығын қараңыз.

      «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі  Заңының 8-бабының 24-11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн акваөсіруді дамыту үшін пайдалану қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2012 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 1141 қаулысымен   
бекітілген       

Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн акваөсіруді дамыту үшін пайдалану қағидалары 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн акваөсіруді дамыту үшін пайдалану қағидалары (бұдан әрi — Қағидалар) «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 8-бабының 24-11) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн акваөсіруді дамыту үшін пайдалану тәртiбiн белгілейді.
      2. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) акваөсіру – балық ресурстарының және басқа да су жануарларының жасанды өсімін молайту және өсіру;
      2) су айдындарына балық жіберу – өз өсімін өзі молайтатын таралымдарды жасау, бағалы, сирек кездесетін және құрып бара жатқан балықтардың түрлерін сақтау және (немесе) тауарлық өнім алу мақсатында су айдындарына және (немесе) учаскелеріне балық өсіру материалы мен балықтарды жіберу;
      3) көлде тауарлы балық өсiру шаруашылығы (бұдан әрi – КТБШ) – су айдындарындағы шаруашылық құны төмен балықтарды аулау есебінен ихтифаунаны толық немесе ішінара алмастыру, оларға балықтың бағалы түрлерiн қоныстандыру, өсiру және кейiннен аулау арқылы оларды балық шаруашылығы мақсатында пайдалануды жақсартумен айналысатын шаруашылық;
      4) шарбақтық балық өсіру шаруашылығы – шарбақта тауарлы өнім өсіруге мамандандырылған шаруашылық;
      5) пайдаланушы - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 ақпандағы № 102 қаулысымен бекітілген Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурс өткізу ережесіне және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік  талаптарына (бұдан әрі - Бекіту ережесі) сәйкес балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі бекітіп берілген жеке және (немесе) заңды тұлға;
      6) аумақтық бөлімшелер - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.08.2013 N 825 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2. Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн акваөсіруді дамыту үшін пайдалану тәртібі

      3. Акваөсіруді дамыту мақсатында:
      1) жекелеген көлдер, техникалық су қоймалары, теңіздердің, өзендердің және су қоймалардың бөлшектенген шығанақтары, және КТБШ құру үшін жергілікті маңызы бар басқа да жеке су айдындары;
      2) шарбақты шаруашылық құру үшін халықаралық және республикалық маңызы бар су айдынының учаскелері пайдаланылады;
      4. Пайдаланушы өз бастамасы бойынша КТБШ және судағы торлы шарбақ шаруашылығы нысанындағы балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн биологиялық негіздемесі болған жағдайда акваөсіруді дамыту үшін су айдынын және (немесе) учаскесін балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне аудару арқылы пайдалана алады.
      5. Пайдаланушы су айдынын және (немесе) учаскесiн акваөсіруді дамытуға пайдалануға аудару үшін аумақтық бөлімшеге мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) акваөсіруді дамыту үшін биологиялық негіздеме;
      3) акваөсіру шаруашылығын құру бойынша дайындық жұмыстарының тізбесімен балық шаруашылығын жүргізу жоспары (бұдан әрі – жоспар).
      6. Аумақтық бөлімше осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген құжаттарды келіп түскеннен кейін 5 жұмыс күн ішінде қарап, Бекіту ережесінде көзделген тәртіппен құрылған балық шаруашылығының су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекіту жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – комиссия) қарауына жолдайды.
      7. Жалған және толық емес ақпараттар мен құжаттар пакеті ұсынылған жағдайда осы Қағидалардың 6 тармағында көрсетілген мерзімде аумақтық бөлімше пайдаланушыға жазбаша дәлелді бас тарту береді.
      Осы Қағидалардың 6 тармағында көрсетілген мерзімде дәл еместіліктерді және жетіспеушіліктерді жойған жағдайда пайдаланушы аумақтық бөлімшеге құжаттарын тапсырады.
      8. Комиссия ұсынылған материалдарды бес жұмыс күн ішінде қарайды және осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес, нысан бойынша акваөсіруді дамыту үшін көлдерде тауарлы немесе көлдерде  тауарлы балық өсiру шаруашылығын құру туралы акт (бұдан әрі – аудару актісі) жасайды және осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша балық шаруашылығының су айдындарын және (немесе) учаскелерiн акваөсіруді дамыту үшін пайдалану туралы үлгілік шартқа сәйкес жасалған Балық шаруашылығының су айдындарын және (немесе) учаскелерiн акваөсіруді дамыту үшін пайдалану туралы шарт (бұдан әрі – Шарт) жасасу үшін аумақтық бөлімшеге жібереді.
      9. Су айдындарын және (немесе) учаскелерiн акваөсіруді дамыту үшін пайдалануға:
      1) аяқтау акті;
      2) шарт негіз болып табылады.
      10. Балық шаруашылығы бассейнімен байланысы бар су айдындарына және (немесе) оның жекелеген бөліктеріне осы өңірдің табиғи су айдындарында мекендейтін, сондай-ақ жерсіндірілген, интродукцияланған, реинтродукцияланған балық түрлерін ғана жіберуге рұқсат етіледі.
      11. Су айдынымен байланысы бар суару жүйелері балық өсіру материалдарын алу мақсатында балық шабағын өсіру үшін, сондай-ақ бұған биологиялық негіздеме бар болса, тауарлы балық өндіру үшін жас балықтарды өсіру үшін меншік иесімен келісім бойынша пайдаланылады.
      12. Тұрғындар үшін ауыз су көзі ретінде пайдаланылатын су айдындарында және (немесе) учаскелерінде судағы торлы шарбақ ішінде балық өсіру шаруашылығын ұйымдастыруға болмайды.
      13. Судағы торлы шарбақ ішінде балық өсіру шаруашылықтарының су айдындарына теріс әсерін болдырмау мақсатында су айдынындағы торлы шарбақтардың көлемі бүкіл су айдыны көлемінің 0,1 %-ынан аспауы тиіс. 

Балық шаруашылығы су    
айдындарын және (немесе)  
учаскелерiн акваөсіруді дамыту
үшін пайдалану қағидаларына 
      1-қосымша         

КТБШ немесе торлы шарбақ шаруашылығы нысанындағы балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін акваөсіруді дамыту үшін пайдалануға аударуға арналған
өтініш 

      1. Пайдаланушы (кәсіпорынның атауы, Т.А.Ә.)___________________  ____________________________________________________________________
      2. Пайдаланушының деректемелері_______________________________
      3. Шекарасы, учаскенің координаталары, оның аумағы, га________
      4. Шаруашылық құру жөніндегі құрылыс және балық өсіру-мелиоративтік дайындық жұмыстарының түрлері____________________
      5. Шаруашылық құру бойынша жұмыстар жүргізу мерзімі ___________
      _______________________________________________________________
      6. Пайдаланушының мекенжайы ___________________________________
      7. Пайдаланушының қолы, күні __________________________________

      Қосымша:
      1. Акваөсіруді дамыту үшін биологиялық негіздеме;
      2. Акваөсіру шаруашылығын құру жөніндегі дайындық жұмыстарының тізбесімен балық шаруашылығын жүргізу жоспары.

Балық шаруашылығы су    
айдындарын және (немесе)  
учаскелерiн акваөсіруді дамыту
үшін пайдалану қағидаларына 
2-қосымша         

Көлдік-тауарлық балық өсiру шаруашылығы немесе шарбақты балық өсiру шаруашылығы нысанында пайдалануға су айдынын немесе учаскісін ауыстыру жұмыстарын аяқтау туралы АКТІ

______________________       «___» ___________20__жыл
  (акт жасалған жер)
Біз, төменде қол қойған комиссия мүшелері
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
      (лауазымы, тегі, аты, жөні,)
бір тараптан және бұдан әрі «пайдаланушы» деп аталатын, Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн акваөсіруді дамыту үшін пайдалану қағидаларына сәйкес iс-әрекет ететін ____________________ екінші тараптан осы актіні жасадық.
жалпы аумағы (га) __________________________________________________
_____________________________________ауданында орналасқан (ауданның атауы)_______________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                     (су айдынының атауы)
көлдерде тауарлы немесе судағы торлы шарбақ ішінде балық өсiру шаруашылығын құру жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген барлық іс-шаралар орындалған.
      «Пайдаланушы» мынадай балық өсіру-мелиорациялық жұмыстарды жүргізген (орындаған жұмыстардың тізбесі)___________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
      Жоғарыда баяндалғанға байланысты _____________________________
____________________________________________________________________
      (су айдынының атауы)
__________________________________________ көлдерде тауарлы немесе            (шаруашылықтың атауы) судағы торлы шарбақ ішінде балық өсiру шаруашылығын құруға дайын, деп есептейміз
      Осы акт 2 данада жасалды.

      Қолдары

      Комиссия
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

      «Пайдаланушы»
_____________________________________________________________________

Балық шаруашылығы су    
айдындарын және (немесе)  
учаскелерiн акваөсіруді дамыту
үшін пайдалану қағидаларына 
3-қосымша        

Балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскесін акваөсіруді дамыту үшін пайдалану туралы ҮЛГІЛІК ШАРТ

_________________         «___»________20___ жыл
  (жасалған жер)
      Аумақтық бөлімше, немесе бұдан әрі уәкілетті орган деп аталатын, Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн акваөсіруді дамыту үшін пайдалану қағидалары негізінде іс-әрекет ететін ___________________________________________арқылы, бір тараптан және бұдан әрі пайдаланушы деп аталатын_____________________
____________________________________ негізінде іс-әрекет етуші_______
___________________________________ арқылы, екінші тараптан, осы шартты жасасып, төмендегілер жайында келісімге келді:
      1. Уәкілетті орган бақылау жасайды, ал пайдаланушы _____ жыл мерзімге пайдалануға берілген________________________________________
                                   (су айдынының атауы)
балық шаруашылығы су айдынында және (немесе) учаскесінде акваөсіруді дамыту жөнінде міндеттемелер қабылдайды.
      2. Пайдаланушының оған берілген су айдынын немесе учаскесін басқа тұлғаларға беруге, оның ішінде жалға беруге құқығы жоқ.
      3. Пайдаланушы:
      1) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауға;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасы осы шартың талаптарын сақтауға;
      3) белгіленген тәртіппен су айдынының, учаскесінің шекарасын арнайы белгілермен көрсетуге;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органның қызметкерлерін көлдерде тауарлы немесе судағы торлы шарбақ ішінде балық өсiру шаруашылығын қарап-көруге және оның қызметін тексеруге жіберуге міндеттенеді.
      4. Осы шартты уәкілетті орган:
      1) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасы жүйелі түрде бұзылған;
      2) бекітілген су айдынын және (немесе) учаскесін пайдалану құқығы басқа заңды және (немесе) жеке тұлғаларға берілген;
      3) шарттық міндеттемелер өрескел немесе жүйелі түрде бұзылған жағдайда бұзуы мүмкін.
      5. Осы шартқа көлдерде тауарлы немесе судағы торлы шарбақ ішінде балық өсiру шаруашылығы су айдындарын немесе учаскелерін аудару жұмыстарын аяқтау туралы акт қоса тіркеледі.
      6. Осы шарт екі данада жасалды, олардың бірінші данасы_________
____________________________________________________________ берілді,
            (пайдаланушыға)
екіншісі _________________________________________ уәкілетті органда
           (уәкілетті органның атауы)
сақталуда.

Шарттың қолданысқа енген күні       «___» _____________20__жыл


Уәкілетті орган
_______________________________
(атауы)

_______________________________
(пошталық, телеграфтық адресі) 

______________________________
______________________________
______________________________
(банк деректемелері)
______________________________
______________________________
(лауазымы, Т.А.Ж.)
______________________________
(қолы, мөр)

Пайдаланушы
_______________________________
(атауы)

_______________________________
(пошталық, телеграфтық адресі) 

______________________________
______________________________
______________________________
(банк деректемелері)
______________________________
______________________________
(лауазымы, Т.А.Ж.)
______________________________
(қолы, мөр)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады