Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман инспекциясы лауазымды адамдарының орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруы жөніндегі қағидаларды бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1145 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 745 қаулысымен

«Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман инспекциясы лауазымды адамдарының орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруы жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйе ктегі № 1145 қаулысына баспасөз релизі

      «Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман инспекциясы лауазымды адамдарының орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруы жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1145 қаулысы Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 12-бабының 17-18) тармақшасының негізінде қабылданды.
      Қаулы Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман инспекциясы лауазымды адамдарының орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруы жөніндегі тәртібін белгілейді.
      Қаулыға «Құқықтық мониторинг, сараптама және талдау ғылыми-зерттеу институты» ЖШС мен ҚР АШМ жанындағы Кәсіпкерлік мәселелер жөніндегі сараптамалық кеңестің ғылыми сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманың оң қорытындысы бар.
      Қаулы ормандарды қорғау жөніндегі шараларды көздейді, бұл ретте оны іске асыру жеке кәсіпкерлік субъектілерінің шығындарын азайтуға немесе ұлғайтуға ықпал етпейді.

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз