"Астана қаласын орнықты дамытудың 2030 жылға дейінгі стратегиялық жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 17 наурыздағы № 67 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 қазандағы № 1309 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Астана қаласын орнықты дамытудың 2030 жылға дейінгі стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 17 наурыздағы № 67 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               С.Ахметов

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ «Астана қаласын орнықты дамытудың 2030 жылға дейінгі
стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы
Президентінің 2006 жылғы 17 наурыздағы № 67 Жарлығына
өзгерістер енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Астана қаласын орнықты дамытудың 2030 жылға дейінгі стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 17 наурыздағы № 67 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 8, 65-құжат; 2011 ж., № 26, 301-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      4 және 4-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Астана қаласының әкімі:
      1) Астана қаласын дамытудың бағдарламаларын іске асыру шеңберінде Стратегиялық жоспарды іске асырудың негізгі бағыттарын көздесін;
      2) жыл қорытындысы бойынша 15 мамырға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне Астана қаласын дамыту бағдарламаларының іске асырылуы жөніндегі есеп шеңберінде Стратегиялық жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
      4-1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жылдың қорытындылары бойынша 30 мамырға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Стратегиялық жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат берсін.».
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Астана қаласын орнықты дамытудың 2030 жылға дейінгі стратегиялық жоспарында:
      «Астана қаласын орнықты дамыту көрсеткіштерін бағалау» деген 5-бөлім алып тасталсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады