Байланыс формасы

"Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1478 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 846 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.12.2016 № 846 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап төрт ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 25-26, 188-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Салалық бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу, бағалау және бақылау ережесін бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Салалық бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу, бағалау және бақылау ережесі бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесінде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Салалық бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу, бағалау және бақылау ережесі";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Салалық бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу, бағалау және бақылау ережесі "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығына сәйкес әзірленді және салалық бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу, бағалау және бақылау тәртібін айқындайды.";

      мынадай мазмұндағы 4-1-тараумен толықтырылсын:

      "4-1. Салалық бағдарламаларды іске асыру

      21-1. Салалық бағдарламаның берілген мақсаттарына, нысаналы индикаторларына, міндеттеріне, нәтижелер (аралық және түпкі) көрсеткіштеріне қол жеткізу үдерісі іске асыру болып табылады.

      21-2. Салалық бағдарламаны іске асыру кезінде:

      1) ведомствоаралық өзара іс-қимылдағы келісімділік;

      2) берілген нәтижелерге ресурстардың барынша аз шығындарымен қол жеткізу бағдарын ұстану;

      3) қаржы, еңбек және басқа да ресурстардың теңгерімділігі қамтамасыз етілуі тиіс.

      21-3. Тиісті кезеңге арналған салалық бағдарламаны іске асырудың нәтижелілігі мен тиімділігі үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының Үкіметіне, әзірлеуші мемлекеттік органға және бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдарға жүктеледі.";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Салалық бағдарламаларды мониторингілеу";

      26, 27 және 28-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Салалық бағдарламаларды мониторингілеу жылына бір рет жылдың қорытындылары бойынша жүргізіледі.

      27. Салалық бағдарламаларды мониторингілеу оны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган және осы бағдарламаны іске асыруға қатысатын бірлесіп орындаушы мемлекеттік орган жасайтын іске асыру туралы есеп негізінде жүргізіледі.

      28. Іске асыру туралы есеп:

      1) құжаттың деректемелерін:

      құжаттың атауын, нөмірін, күнін;

      әзірлеуші мемлекеттік орган мен бірлесіп орындаушыларды;

      іске асыру мерзімін, оның ішінде кезең-кезеңімен;

      2) жоспарланған және нақты қол жеткізілген нысаналы индикаторларды және міндеттер нәтижелерінің көрсеткіштерін, сондай-ақ оларға қол жеткізілмеу себептерін;

      3) орындалған және орындалмаған жоспарланған іс-шаралар және олардың орындалмау себептері, орындалмаған іс-шаралардың өңірдегі, елдегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайға ықпалы туралы ақпаратты;

      4) қаржыландыру көздері бойынша бөле отырып, бөлінген қаржы құралдарының игерілуі туралы ақпаратты (көлемі мен пайдаланылмау себептерін көрсетіп);

      5) құжатты іске асыруға қатысатын әр түрлі тараптардың өзара іс-қимылын талдауды;

      6) құжаттың іске асырылу барысына ортаның сыртқы әсерін талдауды;

      7) шешілуге осы құжат бағытталған проблемалар мен міндеттердің шешілу деңгейі туралы ақпаратты, құжатты іске асырудың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсерін (осы ақпарат құжатқа бағалау өткізілген жылғы есепке енгізілуге тиіс);

      8) игілік алушылардың қанағаттанушылығының деңгейі, оның ішінде жоспарланғанға қарағанда нақты көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсетулердің деңгейі туралы ақпаратты (осы ақпарат құжатқа бағалау өткізілген жылғы есепке енгізілуге тиіс);

      9) мемлекеттік қаржылық бақылау нәтижелері жөніндегі іс-шараларды қоса алғанда, жүргізілген бақылау іс-шаралары туралы мәліметтерді;

      10) тұжырымдар мен ұсыныстарды, оның ішінде құжатты түзету, қаржыландыру көлемі мен көздері жөніндегі, қолданыстағы заңнаманың өзгеруі туралы және басқа ұсыныстарды қамтуы тиіс.";

      мынадай мазмұндағы 28-1-тармақпен толықтырылсын:

      "28-1. Бағалау жүргізілетін жылы салалық бағдарламаны іске асыру туралы есеп барлық бағалау кезеңінде осы Ереженің 28-тармағында көрсетілген ақпаратты қамтиды.";

      29, 30, 31, 32, 33 және 34-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Іске асыру туралы есеп мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындаған нысан және тәртіп бойынша құрылады.

      30. Іске асыру туралы есептің негізінде мониторингілеу жөніндегі қорытынды дайындалады.

      Салалық бағдарламаларға бағалау жүргізілетін жылы мониторингілеу жөніндегі қорытынды қалыптастырылмайды.

      31. Мониторингілеу жөніндегі қорытынды:

      1) деректемелерді (салалық бағдарлама бекітілген актінің атауын, нөмірін, күнін, әзірлеуге жауапты мемлекеттік органды, бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдарды, іске асыру мерзімдерін, оның ішінде кезең бойынша);

      2) есепті кезеңде қол жеткізілген нақты нәтижелерді, оның ішінде есепті кезеңдегі аралық мәнімен қоса, нақты қол жеткізілген нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштерін (аралық немесе түпкілікті мәнге қол жеткізілмеген жағдайда қол жеткізілмеу себептерін көрсету);

      3) есепті кезеңге жоспарланған іс-шаралар санын, орындалған және орындалмаған (себептерін көрсете отырып) іс-шаралар тізбесін;

      4) салалық бағдарламаның іске асырылу барысына ықпал ететін факторларды талдауды;

      5) қаржыландыру көздері бойынша бөле отырып, іс-шараларды орындауға есепті кезеңге бөлінген және игерілмеген, бюджеттік және өзге де қаржы құралдары туралы ақпаратты;

      6) жүргізілген бақылау іс-шаралары туралы мәліметтерді;

      7) орындаушы жауапты мемлекеттік орган салалық бағдарламаға енгізген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты;

      8) алдыңғы бағалаудың нәтижелері бойынша салалық бағдарламаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ақпаратты;

      9) қорытындылар мен ұсыныстарды қамтуы тиіс.

      32. Салалық бағдарламаға мониторинг жүргізу үшін:

      1) осы бағдарламаны іске асыруға қатысатын бірлесіп орындаушы мемлекеттік орган өз құзыреті шегінде есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанына дейін салалық бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік органға іске асыру туралы ақпаратты ұсынады;

      2) салалық бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар ұсынатын іске асыру туралы ақпарат негізінде салалық бағдарламаны іске асыру туралы есеп қалыптастырады және оны есепті жылдан кейінгі жылдың 10 наурызына дейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ұсынады, сондай-ақ бірінші басшының қолы қойылған есепті веб-порталда (құпия сипаттағы және қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) орналастырады.

      33. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган салалық бағдарламаларды іске асыру туралы есептер негізінде жүргізілген мониторинг қорытындылары бойынша олардың әрқайсысы бойынша қорытынды жасайды және оларды іске асыру туралы есептермен бірге есепті жылдан кейінгі жылдың 25 наурызына дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады.

      34. Салалық бағдарламаны мониторингілеу нәтижелері бойынша оларды түзетуді жүзеге асыруға болады.";

      мынадай мазмұндағы 6-тараумен толықтырылсын:

      "6. Салалық бағдарламаларды бағалау

      36. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті өзінің жұмыс жоспарына сәйкес жүргізетін бақылау іс-шаралары шеңберінде жүргізілетін бағалауды қоспағанда, салалық бағдарламаларды бағалау оларды іске асырудың әрбір үш жылы өткеннен кейін (аралық) және жоспарлы кезеңнің қорытындылары (түпкі) бойынша жүзеге асырылады.

      Салалық бағдарламаның іске асырылуын бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.

      37. Салалық бағдарламаның іске асырылуын бағалау: осы Ереженің 28, 28-1 және 29-тармақтарына сәйкес жасалатын барлық бағалау кезеңіндегі іске асыру туралы есептер, статистикалық ақпарат; бақылау тексерістері негізінде жүргізіледі; сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың, ғылыми институттардың, халықаралық сарапшылардың және тағы басқалардың бағалауы пайдаланылуы мүмкін.

      38. Осы Ереженің 37-тармағында көрсетілген құжаттардың негізінде қорытынды дайындалады.

      39. Қорытынды:

      1) деректемелерді (салалық бағдарламаны бекіткен актінің атауын, нөмірін, күнін, салалық бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік органды, бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдарды, іске асыру мерзімдерін, оның ішінде кезең бойынша);

      2) есепті кезеңде қол жеткізілген нақты нәтижелерді, оның ішінде есепті кезеңдегі аралық мәнімен қоса нақты қол жеткізілген нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштерін (аралық немесе түпкілікті мәнге қол жеткізілмеген жағдайда қол жеткізілмеу себептерін көрсету);

      3) есепті кезеңге жоспарланған іс-шаралар санын, орындалған және орындалмаған (себептерін көрсете отырып) іс-шаралар тізбесін;

      4) салалық бағдарламаның іске асырылу барысына ықпал еткен факторларды талдауды;

      5) қаржыландыру көздері бойынша бөле отырып, іс-шараларды орындауға есепті кезеңге бөлінген және игерілмеген бюджеттік және өзге де қаржы құралдары туралы ақпаратты;

      6) жүргізілген бақылау іс-шаралары туралы мәліметтерді;

      7) жауапты орындаушы мемлекеттік орган салалық бағдарламаға енгізген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты;

      8) алдыңғы бағалаудың нәтижелері бойынша салалық бағдарламаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ақпаратты;

      9) құжатты іске асыру барысының нәтижелілігі мен тиімділігі туралы тұжырымдар;

      10) құжатты іске асыруды ұйымдастыру деңгейі туралы тұжырымдар;

      11) құжатты іске асырудың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалының дәрежесі туралы тұжырымдар;

      12) бағалау нәтижелеріне байланысты: құжатты түзету туралы; мемлекеттік органның қызметін жақсарту бойынша; қаржыландыру көлемдері мен көздері бойынша; қолданыстағы заңнаманы өзгерту және басқалар туралы ұсынымдарды қамтуы тиіс.

      40. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган әрбір салалық бағдарламаны бағалау жөніндегі қорытындыларды қалыптастырады және барлық есепті кезең үшін іске асыру туралы есептерді есепті кезеңнен кейінгі жылдың 25 наурызынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады.

      41. Салалық бағдарламаға жүргізілген бағалау нәтижелерінің дұрыстығы мен толықтығын салалық бағдарламаны орындаушы, әзірлеуші, бірлесіп мемлекеттік органдар мен тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар қамтамасыз етеді.";

      мынадай мазмұндағы 7-тараумен толықтырылсын:

      "7. Салалық бағдарламаларды бақылау

      42. Салалық бағдарламалардың іске асырылуын бақылауды оны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган және осы бағдарламаны іске асыруға қатысқан бірлесіп орындаушы мемлекеттік орган салалық бағдарламаларды іске асыру мониторингі, бағалау және жүргізілген бақылау іс-шараларының негізінде жүзеге асырады.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады