Орман қоры жерінің жекелеген учаскесін басқа санаттағы жерге ауыстыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 қарашадағы № 1498 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 130-бабына және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Созақ ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – мекеме) орман қоры жерінен алаңы 3069,6 гектар жер учаскесі өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер санатына ауыстырылсын.
      2. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскесін уран өндіру үшін «КАТКО» Қазақстан-француз бірлескен кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі – серіктестік) беруді қамтамасыз етсін.
      3. Серіктестік Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығысын республикалық бюджеттің кірісіне өтесін, алынған сүректі мекеменің теңгеріміне бере отырып, алаңды тазарту жөнінде шаралар қабылдасын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 26 қарашадағы
№ 1498 қаулысына   
қосымша       

Орман қоры жерінің санатынан өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш
қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған және
өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жер санатына
ауыстырылатын жердің экспликациясы

Жер пайдаланушының атауы

Жалпы алаңы, гектар

Оның ішінде:

орман көмкерген

ауыл шаруашылығы алқаптары

өзге жерлер

Созақ ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекеме

3069,6

3069,6

-

-

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады