Алматы облысында және Алматы қаласы маңында әлемдік деңгейдегі тау шаңғысы курорттарын дамыту жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1761 Қаулысы

      Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру, шетелдік және отандық инвесторлар үшін тартымды инвестициялық ахуал жасау, Алматы облысына және Алматы қаласы маңына туристер ағынын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Алматы облысында және Алматы қаласы маңында әлемдік деңгейдегі тау шаңғысы курорттарын дамыту жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
      2. Жоспарды орындауға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ мүдделі ұйымдар:
      1) Жоспарды іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;
      2) жыл сайын, жылдың және жарты жылдықтың қорытындылары бойынша
1 қаңтарға және 1 шілдеге Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі жыл сайын, 20 қаңтарға және 20 шілдеге Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне жүктелсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                        С. Ахметов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2012 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1761 қаулысымен   
бекітілген      

Алматы облысында және Алматы қаласы маңында әлемдік деңгейдегі
тау шаңғысы курорттарын дамыту жоспары

Р/с

Іс-шараның атауы

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

Қаржыландыру көздері

1

2

3

4

5

6

1. Тау шаңғысы курорттарын нормативті-құқықтық және институционалдық қамтамасыз ету жөніндегі шаралар (бұдан әрі – ТШК)

1.

Алматы облысы және Алматы қаласы тау шаңғысы курорттарын халықаралық және өңірлік деңгейі бойынша жіктеу жөнінде ұсыныстар енгізу

ҚР Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ, Алматы облысы және Алматы қаласы әкімдіктері

2013 жылғы I тоқсан

талап етілмейді

2.

Қазақстан Республикасында Туризмді дамыту тұжырымдасын есепке ала отырып, халықаралық курорттардың даму операторларын және жобаларға мемлекеттің қатысу деңгейін айқындау

ҚР Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ, Алматы облысы және Алматы қаласы әкімдіктері

2013 жылғы II тоқсан

талап етілмейді

3.

Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі (бұдан әрі-Іле-Алатау МҰТП) аумағында ТШК үшін жер учаскелеріне құқық беру мәселелері жөнінде ұсыныстар енгізу

ҚР Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ, АШМ, Қоршағанортамині, ЖРБА, Алматы облысы және Алматы қаласы әкімдіктері

2013 жылғы III тоқсан

талап етілмейді

4.

Алматы қаласы ТШК дамытудың жүйелі жоспары (бұдан әрі – Жүйелі жоспар) шеңберінде жобалауға және салуға жоспарланып отырған ТШК аумағындағы объектілерді есепке ала отырып, жаңа мемлекеттік нормативтерді (мемлекеттік нормативтік құжаттарды) әзірлеу немесе қолданыстағыларға өзгерістер енгізу қажеттілігі жөнінде ұсыныстар енгізу

ҚР Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ, ТЖМ, СДШІА, ҚТКШІА

2013 жылғы II тоқсан

талап етілмейді

5.

Жүйелі жоспарды есепке ала отырып, Іле-Алатау МҰТП-нің Бас жоспарын дамыту жөнінде ұсыныстар енгізу

АШМ-нің қорытындысы

ИЖТМ

2013 жыл

талап етілмейді

6.

Халықаралық ТШК-тардың іргелес және кіреберіс аумақтары бөлігінде құрылыстың Бас жоспарларына өзгерістер әзірлеу /енгізу

Әкімдердің қаулылары

Алматы облысы және Алматы қаласы әкімдіктері

2013 жыл

талап етілмейді

7.

Жүйелі жоспарды іске асыру мәселесі жөнінде халықаралық сарапшыларды тарта отырып, сарапшы Кеңесін құру жөнінде ұсыныстар енгізу

ҚР Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ

2013 жылғы I тоқсан

талап етілмейді

8.

Жүйелі жоспарға сәйкес Алматы қаласының туристік инфрақұрылымын жақсарту жөнінде іс-шаралар жоспарын әзірлеу

Әкімдіктердің қаулысы, ИЖТМ-мен келісу

Алматы облысы және Алматы қаласы әкімдіктері

2013 жыл

талап етілмейді

9.

ТШК-тарды салудың Бас жоспарларын ескере отырып, ТШК-ка тікелей іргелес жатқан аумақтардағы жер учаскелерін Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес мемлекеттік мұқтаждықтар үшін мәжбүрлі түрде иеліктен шығару мүмкіндігін қарастыру

ҚР Үкіметіне ақпарат

Алматы облысы және Алматы қаласы әкімдіктері

2013 жыл

талап етілмейді

2. ТШК-ның инженерлік-көліктік инфрақұрылымын дамыту бойынша шаралар

10.

ТШК салудың Бас жоспарлары және жоспарлаудың егжей-тегжейлі жоспарларын әзірлеуге қаражат бөлу жөнінде ұсыныстар енгізу

ҚР Үкіметіне ақпарат

Алматы қаласы мен Алматы облысының әкімдіктері

2013 жыл

талап етілмейді

11.

Жаңа халықаралық ТШК-ның сыртқы инженерлік-көліктік инфрақұрылымының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге қаражат бөлу жөнінде ұсыныстар енгізу

ҚР Үкіметіне ақпарат

Алматы қаласы мен Алматы облысының әкімдіктері

2013 жыл

талап етілмейді

12.

Жаңа халықаралық ТШК-ның сыртқы инженерлік-көліктік инфрақұрылымының жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеуге қаражат бөлу жөнінде ұсыныстар енгізу

ҚР Үкіметіне ақпарат

Алматы қаласы мен Алматы облысының әкімдіктері

2013-2015 жылдар

талап етілмейді

13.

Халықаралық ТШК үшін инженерлік-көліктік инфрақұрылым құрылысының кезеңдері бойынша ұсыныстар енгізу

ҚР Үкіметіне ақпарат

Алматы қаласы мен Алматы облысының әкімдіктері

2013 жыл

талап етілмейді

14.

Халықаралық ТШК-ның туристік инфрақұрылымы құрылысының фазалары бойынша ұсыныстар енгізу

ҚР Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ, Алматы қаласы мен Алматы облысының әкімдіктері, Курортты дамыту операторы

2013 жыл

талап етілмейді

15.

Таудағы туристік маршруттар үшін қосымша туристік инфрақұрылымдарды жобалау және құрылысын салу бойынша ұсыныстар енгізу

ҚР Үкіметіне ақпарат

Алматы қаласы мен Алматы облысының әкімдіктері

2014 жыл

талап етілмейді

16.

Алматы қаласының халықаралық әуежайын кеңейту бойынша ұсыныстар енгізу

ҚР Үкіметіне ақпарат

ККМ, Алматы қаласының әкімдігі

2013 жылғы II тоқсан

талап етілмейді

17.

Қапшағай қаласында жаңа әуежай құрылысын салу бойынша ұсыныстар енгізу

ҚР Үкіметіне ақпарат

ККМ, Алматы облысының әкімдігі

2013 жылғы II тоқсан

талап етілмейді

18.

Әуеқатынасын кеңейту және жаңа бағыттар ашу мүмкіндігін қарастыру

ҚР Үкіметіне ақпарат

ККМ

2013 жыл

талап етілмейді

3. Тау шаңғысы спорты және тау, экологиялық және басқа туризмнің түрлерін дамыту жөніндегі шаралар

19.

Жүйелі жоспарды есепке ала отырып, тау шаңғысы және тау спортын, экологиялық және туризмнің басқа да түрлерін көпшілікке таныту жөнінде іс-шаралар жоспарын әзірлеу

ҚР Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ, СДШІА, Алматы қаласы, облыстардың әкімдіктері

2013 жылғы II тоқсан

талап етілмейді

20.

Тау шаңғысы спорты мен тау туризмін көпшілікке танытумен байланысты жыл сайынғы спорттық және ойын-сауық іс-шараларын (4-тен кем емес) өткізу жөнінде ұсыныстар енгізу

ИЖТМ-ге ақпарат

Алматы қаласының әкімдігі СДШІА

2013-2020 жылдар

талап етілмейді

21.

Тау шаңғысы спорты мен тау туризмі жөніндегі нұсқаушыларды даярлаудың біліктілік талаптарын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу

ҚР Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ, СДШІА

2013 жыл

талап етілмейді

22.

Тау шаңғысы спорты мен тау туризмі жөніндегі нұсқаушыларды даярлауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі мәселені пысықтау

ҚР Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ, Алматы қаласының, Алматы облысының әкімдіктері

2013 жыл

талап етілмейді

23.

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының дене шынықтыру бойынша оқу бағдарламаларына тау шаңғысы спорты мен тау туризмін енгізу жөніндегі мәселені пысықтау

ҚР Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ, БҒМ, СДШІА, Алматы қаласының, Алматы облысының әкімдіктері

2013 жыл

талап етілмейді

24.

Техникалық және кәсіптік білім беруді ұйымдастыру негізінде туризм және қонақжайлық саласындағы мамандарды даярлау жөніндегі кәсіби стандарттарды әзірлеу туралы ұсыныстар енгізу

ҚР Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ, БҒМ, Еңбекмині

2013 жыл

талап етілмейді

25.

Таудағы туристік маршруттарды әзірлеу және картаға түсіру жөнінде ұсыныстар енгізу.
Жоғары қауіпті маршруттарды ерекше топқа бөлу. Туристік маршруттар үшін қосымша инфрақұрылымда қажеттілігін (туристер топтарының байланысқа шығатын бақылау пункті, жол көрсеткіштер, күркелер, тұрақтар және т.б.) айқындау

ИЖТМ-ге ақпарат

Алматы қаласының және Алматы облысының әкімдіктері, ТЖМ

2013 жыл

талап етілмейді

26.

ТШК сыртқы және ішкі бейне бақылау камераларымен және қарау жүйелерімен жабдықтау жөнінде ұсыныстар енгізу

ҚР Үкіметіне ақпарат

Алматы қаласының және Алматы облысының әкімдіктері, ІІМ

2013 жыл

талап етілмейді

4. ТШК аумағының экологиялық проблемаларын шешу жөніндегі шаралар

27.

ТШК құрылысының жобасын іске асырудың барлық кезеңінде экологиялық талаптардың сақталуына мемлекеттік экологиялық бақылау ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар енгізу

ҚР Үкіметіне ақпарат

Қоршағанортамині, Алматы қаласының және Алматы облысының әкімдіктері

2013 жыл

талап етілмейді

28.

Экологиялық сараптамалар өткізу жөнінде ұсыныстар енгізу

ҚР Үкіметіне ақпарат

Алматы қаласының және Алматы облысының әкімдіктері, Қоршағанортамині

МЭС өткізудің экологиялық заңнамада белгіленген мерзімдерге сәйкес жобалар түскен сайын

талап етілмейді

29.

ТШК құрылысы бойынша қоғамдық тыңдауларды өткізу

ҚР Үкіметіне ақпарат

Алматы қаласының және Алматы облысының әкімдіктері

2013 жыл тоқсан сайын

талап етілмейді

30.

Биоәртүрлілікті сақтау мақсатында Іле-Алатау МҰТП аумағында инженерлік-техникалық араласу және басқа да шаруашылық қызмет деңгейін барынша азайту жөніндегі шараларды әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізу

ҚР Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ, АШМ, ҚТКШІА

2013 жыл

талап етілмейді

31.

Алматы облысының және Алматы қаласының тау шаңғысы курорттарының базасында ерікті түрде апаттан құтқару жұмыстарын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгізу

ҚР Үкіметіне ақпарат

ТЖМ, Алматы қаласының және Алматы облысының әкімдіктері

2013 жыл

талап етілмейді

32.

ТШК аумағында жануарлардың көші-қон жолдарының бар болуы туралы ұсыныстар енгізу

ҚР Үкіметіне ақпарат

АШМ, Қоршағанортамині

2013 жыл

талап етілмейді

33.

ТШК аумағында тоғандар, көпірлер, су өткізу және су жинау құбырларын салу барысында балықтарды және басқа да су жануарларын қорғау жөнінде ұсыныстар енгізу

ҚР Үкіметіне ақпарат

АШМ, Қоршағанортамині

2013 жыл

талап етілмейді

34.

ҚР аумағындағы ТШК құрылысы мен жұмыс істеуі, табысты әрі қауіпсіз дамуы, халықты және дүние-мүлікті апатты гидрометеорологиялық құбылыстардан сақтауды қамтамасыз ету мақсатында гидрометеорологиялық және экологиялық мониторингтер жүргізу жөніндегі мәселені пысықтау

ҚР Үкіметіне ақпарат

Қоршағанортамині

2013 жыл

талап етілмейді

35.

Іле-Алатау МҰТП-нің аумағында ТШК құрылысына бөлінген таулы алқаптар аумағындағы халықаралық және қазақстандық Қызыл кітапқа енген флора мен фаунаның сирек кездесетін түрлері мекендейтін орындардың мониторингін жүргізу

ҚР Үкіметіне ақпарат

АШМ, Қоршағанортамині

2013 жыл

талап етілмейді

36.

ТШК аумағына автокөлік құралдарын кіргізуге шектеу қою шараларын әзірлеу жөнінде ұсыныс енгізу

ИЖТМ-не ақпарат

Алматы қаласының және Алматы облысының әкімдіктері, ІІМ, АШМ

2013 жылдың II тоқсаны

талап етілмейді

37.

Келу жолдары және тұрақ, оның ішінде арнайы көліктер орындарын жобалау жөнінде ұсыныстар енгізу

ҚР Үкіметіне ақпарат

Алматы қаласының және Алматы облысының әкімдіктері, ІІМ

2013 жыл

талап етілмейді

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:
      ИЖТМ – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
      АШМ – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
      Қоршағанортамині – Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
      ККМ – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
      БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
      ІІМ – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
      ТЖМ – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
      Еңбекмині – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
      ЖРБА – Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі
      СДШІА – Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі
      ҚТКШІА – Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі
      ҚР – Қазақстан Республикасы
      МҰТП – мемлекеттік ұлттық табиғи парк
      ТШК – тау шаңғысы курорты

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады