Аккредиттеу жөніндегі органды таңдау бойынша конкурс өткізу қағидаларын және аккредиттеу жөніндегі органға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1770 Қаулысы.

      "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Аккредиттеу жөніндегі органды таңдау бойынша конкурс өткізу қағидалары және аккредиттеу жөніндегі органға қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1770 қаулысымен
бекітілген

Аккредиттеу жөніндегі органды таңдау бойынша конкурс өткізу
қағидалары және аккредиттеу жөніндегі органға қойылатын
біліктілік талаптары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Аккредиттеу жөніндегі органды таңдау бойынша конкурс өткізу қағидалары және аккредиттеу жөніндегі органға қойылатын біліктілік талаптары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленген және аккредиттеу жөніндегі органды таңдау бойынша конкурс өткізу тәртібі мен аккредиттеу жөніндегі органға қойылатын біліктілік талаптарын айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:

      1) уәкілетті орган – техникалық реттеу және өлшемдердің бірыңғайлығын қамтамасыз ету саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      2) қатысушы компания – белгіленген тәртіппен тіркелген, Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын, осы Қағидаларда көрсетілген талаптарға сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімді ресімдеген және оны ақпараттық хабарламада белгіленген мерзімнен кешіктірмей ұсынған заңды тұлға.

      3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.

2. Конкурсты өткізу тәртібі

      4. Аккредиттеу жөніндегі органды таңдау бойынша конкурсты уәкілетті орган өткізеді.

      5. Уәкілетті орган аккредиттеу жөніндегі органды таңдау бойынша конкурс өткізу туралы ақпараттық хабарламаны өзінің интернет-ресурсында, сондай-ақ республикалық мерзімді баспа басылымдарында, конкурс өткізгенге дейін кемінде күнтізбелік жиырма күн қалғанда жариялайды.

      Конкурсты өткізу туралы хабарламада мынадай мәліметтер қамтылуы тиic:

      1) уәкілетті органның атауы және орналасқан жері;

      2) толық ақпарат алуға болатын жері және тәсілі;

      3) конкурстық ұсыныстар ұсынылатын жер және соңғы мерзімі, сондай-ақ конкурстық ұсыныстар салынған конверттер ашылатын жер, күні және уақыты.

      6. Уәкілетті орган:

      1) қатысушы компаниялардан конкурстық ұсыныстар салынған конверттерді қабылдайды;

      2) келіп түскен конкурстық ұсыныстарды және конверттерді ашу рәсіміне қатысуға ниет білдірген қатысушы компаниялардың уәкілетті өкілдерін тіркеу журналын жүргізеді. Журналдарда қатысушы компанияның конкурстық ұсыныс салынған конвертті ұсыну уақыты мен күні, қатысушы компанияның уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (конкурстық ұсыныс салынған конвертті ұсынған және конкурсқа қатысатын тұлға) көрсетіледі.

      7. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген қатысушы компания ұсынған конкурстық ұсынысында мыналар қамтылуы тиic:

      1) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға өтінім;

      2) қатысушы компанияға қойылатын біліктілік талаптарға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі:

      заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың және жарғының көшірмесі.

      Ескертпе: *"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;

      аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйымдарға мүшелікті растайтын құжаттар;

      бірінші басшының немесе оны алмастыратын тұлғаның қолы, банктің (банктердің) мөрі қойылған банк (банктер) алдында конверттер ашылатын күннің алдындағы үш айда мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы банк (банктер) анықтамасының түпнұсқасы (егер қатысушы компания екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болған жағдайда, аталған анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады);

      бірінші басшы немесе оны алмастырушы тұлғаның, сондай-ақ бас бухгалтердің (бухгалтердің) қолы қойылған соңғы қаржы жылындағы бухгалтерлік теңгерімінің мөрмен расталған түпнұсқасы;

      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен міндетті аудит жүргізу белгіленген заңды тұлғалардың соңғы қаржы жылындағы аудиторлық есебінің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшiрмесi;

      растау құжаттарының көшірмесімен қоса білікті персоналдың (аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторлар) болуы туралы ақпарат;

      персоналда аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы туралы ақпарат.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.12.2013 N 1363 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      8. Конкурстық ұсынысты қатысушы компания беттерін нөмірлеп және мөрмен растап, тігілген түрде ұсынады.

      9. Конкурстық ұсыныстың жолдары арасына ендiрме, өшірулер немесе қосып жазулар енгізуге жол берілмейді.

      10. Конкурстық ұсыныс салынған конверт конкурс өткізу туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген мекенжай бойынша уәкілетті органға жіберіледі және онда "Аккредиттеу жөніндегі органды таңдау бойынша конкурс" және "____________________________ дейін ашуға болмайды" деген (конверттерді ашу күні мен уақыты) сөздер жазылуға тиіс.

      11. Қатысушы компания өзінің конкурстық ұсынысын қайтарып алуға құқылы. Қайтарып алу туралы хабарламаны қатысушы компания жазбаша түрде, бірақ ресми ақпараттық хабарламада көрсетілген соңғы мерзімнен кешіктірмей жібереді.

      12. Уәкілетті орган конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді конкурстық құжаттамада көрсетілген мерзімде, уақытта және жерде ашады.

      Уәкілетті орган конкурсқа қатысуға өтінім салынған конвертті ашқан кезде конкурсқа қатысуға арналған өтінімде қамтылған құжаттар мен материалдар тізбесі туралы ақпаратты жариялайды.

      Конкурсқа қатысуға өтінім берген қатысушы компания және (немесе) сенімхат ұсыну шартымен оның уәкілетті өкілі аудиожазба немесе бейнетүсірілім жүргізу құқығымен конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашуға қатыса алады.

      Конкурсқа қатысуға өтінімдері салынған конверттерді ашқан кезде қатысатын тұлғалардың уәкілетті орган жұмысына араласуға құқығы жоқ.

      13. Уәкілетті орган конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен кейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей, тиicтi хаттама жасайды.

      Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу туралы хаттамаға уәкілетті орган қол қояды.

      14. Уәкілетті орган конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер ашылған күннен кейін екі жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде:

      1) конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасының көшірмесін қатысушы компанияларға не ашу рәсіміне қатысқан олардың уәкілетті өкілдеріне жіберуге немесе ұсынуға;

      2) уәкілетті органның интернет-ресурсында қол қойылған конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасының мәтінін жариялауға міндетті.

      Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасында қамтылған және уәкілетті органның интернет-ресурсына да орналастырылған мәліметтер барлық мүдделі тұлғаларға танысу үшін ақысыз түрде қолжетімді болуы тиic.

      Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсіміне қатыспаған қатысушы компанияларға конверттерді ашу туралы хаттаманың көшірмесі олардың жазбаша сұрауы не олардың уәкілетті өкілдерінің уәкілетті органға жазбаша сұрауы бойынша, сондай сұрау түскен күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынылады.

      15. Көрсетілген өзгерістерді конкурстық құжаттамаға енгізбей және республикалық мерзімді баспа басылымында жарияламай конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашудың күнін, уақытын және жерін өзгертуге жол берілмейді.

      16. Мынадай:

      1) қатысушы компания өзінің конкурстық ұсынысында күмәнді ақпарат беру фактісі белгіленген;

      2) қатысушы компания осы Қағидалардың 24-тармағында көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;

      3) осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген құжаттар болмаған және (немесе) олар белгіленген талаптар сақтамай ұсынылған;

      4) конкурстық ұсыныстың жолдары арасында ендiрме, өшірулер немесе қосып жазулар болған жағдайларда уәкілетті орган қатысушы компаниялардың конкурстық ұсыныстарын қабылдамайды.

      17. Ұсынылған конкурстық ұсыныстарды мұқият қарау, шынайы бағалау және салыстыру мақсатында уәкілетті орган ұсынылған конкурстық ұсыныстар бойынша түсініктемелер сұратады. Ұсынылған конкурс ұсыныстары бойынша түсініктемелерді қатысушы компания уәкілетті органға 3 (үш) жұмыс күні ішінде беттері нөмірленген және мөрмен расталған түрінде ұсынады.

      18. Қатысушы компания біліктілік талаптарына сәйкес келетін және белгіленген талаптарға сай келетін қажетті құжаттарды қамтитын конкурстық ұсыныстарды ұсынған жағдайда уәкілетті орган жеңімпазды мынандай өлшемдерді ескере отырып айқындайды, бар болса ұпай беріледі:

      1) штатында білікті персоналдың (аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторлар) болуы:

      бір бірліктен он бірлікті қоса алғанда – бір ұпай беріледі;

      он бір бірліктен жиырма бірлікті қоса алғанда – екі ұпай беріледі;

      жиырма бір бірліктен отыз бірлікті қоса алғанда – үш ұпай беріледі;

      отыз бір бірліктен және одан да жоғары – төрт ұпай беріледі;

      2) персоналдың (аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторлар) аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы:

      бір жылдан екі жылға дейін – аккредиттеу жөніндегі әрбір бес сарапшы-аудитор үшін бір ұпай беріледі;

      екі жылдан астам және үш жылға дейін – аккредиттеу жөніндегі әрбір бес сарапшы-аудитор үшін екі ұпай беріледі;

      үш жылдан астам - аккредиттеу жөніндегі әрбір бес сарапшы-аудитор үшін үш ұпай беріледі.

      19. Ең жоғары жиынтық ұпай жинаған қатысушы компания жеңімпаз деп танылады.

      20. Екі және одан да көп қатысушы компанияның тең жиынтық ұпайы болған жағдайда персоналында аккредиттеу жөніндегі жұмыстарын жүргізу бойынша жұмыс тәжірибесінің болуына қатысты ең көп жиынтық ұпайы бар қатысушы компания жеңімпаз деп танылады.

      21. Белгіленген мерзімде конкурсқа қатысу үшін бірде бір конкурстық ұсыныс ұсынылмаған жағдайда немесе оларды конкурстық комиссия кейін қайтарса, уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен конкурсты қайта өткізу туралы хабарлайды.

      22. Конкурсқа қатысу үшін бір ғана конкурстық ұсыныс келіп түскен жағдайда уәкілетті орган конкурсқа қатысуға өтінім берген жалғыз қатысушы компанияны, егер оның осы Қағидалардың 24-тармағында көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келсе және осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген барлық қажетті құжаттарды ұсынған жағдайда жеңімпаз деп таниды.

      23. Уәкілетті орган конкурстық ұсыныстар салынған конверттерді ашқан күннен бастап, бес жұмыс күнінен аспайтын уақытта конкурс қорытындысын шығарады. Конкурстың қорытындысы туралы хаттамаға уәкілетті орган қол қояды. Конкурстың қорытындысы туралы хаттамаға өзгеріс енгізуге жол берілмейді.

3. Қатысушыға қойылатын біліктілік талаптары

      24. Конкурсқа қатысу үшін қатысушы компания мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс:

      1) заңды тұлға, Қазақстан Республикасының резиденті мәртебесіне ие болу;

      2) штатында аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторлардың болуы;

      3) аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйымдарға мүше болуы;

      4) банкротқа ұшырау немесе таратылу процесінде болмауы;

      5) банктің (банктердің) алдынды салық және бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдер бойынша және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша үш айдан асатын берешегінің жоқ болуы;

      6) аккредиттеу субъектілерімен үлестес тұлға болмауы.

      Ескерту. 24-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.12.2013 N 1363 қаулысымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).

  Аккредиттеу жөніндегі органды
таңдау бойынша конкурс өткізу
қағидаларына және
аккредиттеу жөніндегі органға
қойылатын біліктілік
талаптарына қосымша

      Кімге____________________________

      (уәкілетті органның атауы)

      Кімнен___________________________

      (қатысушы компанияның атауы)

Конкурсқа қатысуға өтінім ______________________________________________________________

      (қатысушы компанияның атауы)

      аккредиттеу жөніндегі органды таңдау бойынша конкурсқа қатысу ұсынысын қарап, "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аккредиттеу жөніндегі органның функцияларын орындау үшін өзінің қызметтерін ұсынады.

      Осы конкурстық өтінім мыналардан тұрады:

      1.___________________________________________________________________

      2.___________________________________________________________________

      3.___________________________________________________________________

      4.___________________________________________________________________

      5.___________________________________________________________________

      6.___________________________________________________________________

      7.___________________________________________________________________

      8.___________________________________________________________________

      9.___________________________________________________________________

      10.__________________________________________________________________

      ______________ _____________________

      (қолы, күні) (лауазымы, Т.А.Ә.)

      М.О.

Об утверждении Правил проведения конкурса по выбору органа по аккредитации и квалификационных требований к органу по аккредитации

Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2012 года № 1770.

      В соответствии c подпунктом 2) статьи 5 Закона Республики Казахстан от 5 июля 2008 года "Об аккредитации в области оценки соответствия" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила проведения конкурса по выбору органа по аккредитации и квалификационных требований к органу по аккредитации.

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

С. Ахметов


  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 29 декабря 2012 года № 1770

Правила
проведения конкурса по выбору органа по аккредитации и
квалификационных требований к органу по аккредитации
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила проведения конкурса по выбору органа по аккредитации и квалификационных требований к органу по аккредитации (далее - Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 2) статьи 5 Закона Республики Казахстан от 5 июля 2008 года "Об аккредитации в области оценки соответствия" (далее – Закон) и определяют порядок проведения конкурса по выбору органа по аккредитации и квалификационные требования к органу по аккредитации.

      2. Основные понятия, используемые в настоящих Правилах:

      1) уполномоченный орган - государственный орган, осуществляющий государственное регулирование в области технического регулирования и обеспечения единства измерений;

      2) компания-участник - юридическое лицо, зарегистрированное в установленном порядке, резидент Республики Казахстан, оформившее заявку на участие в конкурсе в соответствии с требованиями, предъявляемыми настоящими Правилами, и представившее ее в срок не позднее установленного информационным сообщением.

      3. Понятия и термины, используемые в настоящих Правилах, применяются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

2. Порядок проведения конкурса

      4. Конкурс по выбору органа по аккредитации проводится уполномоченным органом.

      5. Уполномоченный орган публикует информационное сообщение о проведении конкурса по выбору органа по аккредитации на своем интернет-ресурсе, а также в республиканских периодических печатных изданиях не позднее, чем за двадцать календарных дней до проведения конкурса.

      Сообщение о проведении конкурса должно содержать следующие сведения:

      1) наименование и местонахождение уполномоченного органа;

      2) место и способы получения подробной информации;

      3) место и окончательный срок представления конкурсных предложений, а также место, дату и время вскрытия конвертов с конкурсными предложениями.

      6. Уполномоченный орган:

      1) принимает от компаний-участников конверты с конкурсными предложениями;

      2) ведет журналы регистрации поступивших конкурсных предложений и уполномоченных представителей компаний-участников, изъявивших желание участвовать в процедуре вскрытия конвертов. В журналах отражаются время и дата представления компанией-участником конверта с конкурсным предложением, фамилия, имя, отчество уполномоченного представителя компании-участника (лица, представившего конверт с конкурсными предложением и участвующего в конкурсе).

      7. Конкурсное предложение, представляемое компанией-участником, изъявившей желание участвовать в конкурсе, должно содержать:

      1) заявку на участие в конкурсе в соответствии с приложением к настоящим Правилам;

      2) перечень документов, подтверждающих соответствие квалификационным требованиям, предъявляемым к компании-участнику:

      копию свидетельства* или справки о государственной регистрации (перерегистрации) и устава юридического лица.

      Примечание: *свидетельство о государственной (учетной) регистрации (перерегистрации) юридического лица (филиала, представительства), выданное до введения в действие Закона Республики Казахстан от 24 декабря 2012 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам государственной регистрации юридических лиц и учетной регистрации филиалов и представительств", является действительным до прекращения деятельности юридического лица;

      документы, подтверждающие членство в международных организациях по аккредитации;

      оригинал справки банка (банков) об отсутствии просроченной задолженности за три месяца, предшествующих дате вскрытия конвертов, перед банком (банками) (в случае, если компания-участник является клиентом нескольких банков второго уровня или филиалов, а также иностранного банка, данная справка представляется от каждого из таких банков) за подписью первого руководителя или лица, его замещающего, с печатью банка (банков);

      оригинал бухгалтерского баланса за последний финансовый год, подписанного первым руководителем или лицом, его замещающим, а также главным бухгалтером (бухгалтером) заверенного печатью;

      оригинал или нотариально засвидетельствованная копия аудиторского отчета за последний финансовый год юридических лиц, для которых законодательными актами Республики Казахстан установлено обязательное проведение аудита;

      информация о наличии квалифицированного персонала (экспертов-аудиторов по аккредитации) с копиями подтверждающих документов;

      информация о наличии у персонала опыта работы по проведению работ по аккредитации.

      Сноска. Пункт 7 с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 20.12.2013 № 1363 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования).

      8. Конкурсное предложение представляется компанией-участником в прошитом виде с пронумерованными страницами и заверенное печатью.

      9. В конкурсное предложение не допускается внесение вставок между строками, подтирок или приписок.

      10. Конверт с конкурсным предложением направляется в уполномоченный орган по адресу, указанному в информационном сообщении о проведении конкурса, и должен содержать слова "Конкурс по выбору

      органа по аккредитации" и "Не вскрывать до ________________________".

      (дата и время вскрытия конвертов)

      11. Компания-участник имеет право отозвать свое конкурсное предложение. Уведомление об отзыве направляется компанией-участником в письменной форме, но не позднее окончательного срока, указанного в официальном информационном сообщении.

      12. Уполномоченный орган вскрывает конверты с заявками на участие в конкурсе в срок, время и месте, которые указаны в конкурсной документации.

      При вскрытии конверта с заявкой на участие в конкурсе уполномоченный орган объявляет информацию о перечне документов и материалов, содержащихся в заявке на участие в конкурсе.

      Компания-участник, представившая заявку на участие в конкурсе, и (или) ее уполномоченный представитель вправе присутствовать при условии представления доверенности при вскрытии конвертов с заявками на участие в конкурсе с правом ведения аудиозаписи или видеосъемки.

      Лица, присутствующие при вскрытии конвертов с заявками на участие в конкурсе, не вправе вмешиваться в деятельность уполномоченного органа.

      13. Не позднее одного рабочего дня, следующего за днем вскрытия конвертов с заявками на участие в конкурсе, уполномоченный орган составляет соответствующий протокол.

      Протокол вскрытия конвертов с заявками на участие в конкурсе подписывается уполномоченным органом.

      14. Уполномоченный орган обязан в срок не позднее двух рабочих дней, следующих за днем вскрытия конвертов с заявками на участие в конкурсе:

      1) направить либо представить копию протокола вскрытия конвертов с заявками на участие в конкурсе компаниям-участникам либо их уполномоченным представителям, присутствовавшим при процедуре вскрытия;

      2) опубликовать на интернет-ресурсе уполномоченного органа текст подписанного протокола вскрытия конвертов с заявками на участие в конкурсе.

      Сведения, содержащиеся в протоколе вскрытия конвертов с заявками на участие в конкурсе и размещенные на интернет-ресурсе уполномоченного органа, должны быть доступны для ознакомления всем заинтересованным лицам без взимания платы.

      Компаниям-участникам, отсутствовавшим при процедуре вскрытия конвертов с заявками на участие в конкурсе, копия протокола вскрытия конвертов представляется по их письменному запросу либо их уполномоченных представителей в срок не позднее двух рабочих дней со дня получения уполномоченным органом такого запроса.

      15. Не допускаются изменение даты, времени и места вскрытия конвертов с заявками на участие в конкурсе без внесения указанных изменений в конкурсную документацию и публикации в республиканском периодичном печатном издании.

      16. Уполномоченный орган отклоняет конкурсные предложения компаний-участников в случаях:

      1) установления факта представления компанией-участником в своем конкурсном предложении недостоверной информации;

      2) несоответствия компании-участника квалификационным требованиям, указанным в пункте 24 настоящих Правил;

      3) отсутствия документов, указанных в пункте 7 настоящих Правил, и (или) представления их с несоблюдением установленных требований;

      4) наличия в конкурсном предложении вставок между строками, подтирок или приписок.

      17. В целях подробного рассмотрения, объективной оценки и сопоставления представленных конкурсных предложений уполномоченный орган запрашивает разъяснения по представленным конкурсным предложениям. Разъяснения по представленным конкурсным предложениям представляются компанией-участником в уполномоченный орган в течение 3 (трех) рабочих дней в прошитом виде с пронумерованными страницами и заверенные печатью.

      18. В случае представления компанией-участником конкурсных предложений, соответствующих квалификационным требованиям и содержащих необходимые документы, отвечающие установленным требованиям, уполномоченный орган определяет победителя с учетом следующих критериев, при наличии которых присваиваются баллы:

      1) наличие в штате квалифицированного персонала (экспертов-аудиторов по аккредитации):

      от одного до десяти единиц включительно - присваивается один балл;

      от одиннадцати до двадцати единиц включительно - присваивается два балла;

      от двадцати одного до тридцати единиц включительно - присваивается три балла;

      от тридцати одной единицы и свыше - присваивается четыре балла;

      2) наличие опыта работы по проведению работ по аккредитации у персонала (экспертов-аудиторов по аккредитации):

      от одного до двух лет - присваивается один балл за каждых пять экспертов-аудиторов по аккредитации;

      свыше двух до трех лет - присваивается два балла за каждых пять экспертов-аудиторов по аккредитации;

      свыше трех лет - присваивается три балла за каждых пять экспертов-аудиторов по аккредитации.

      19. Компания-участник, набравшая наиболее высокий суммарный балл, признается победителем.

      20. При равном суммарном балле у двух и более компаний-участников победителем признается компания-участник, имеющая больший суммарный балл по наличию опыта проведения работ по аккредитации у персонала (экспертов-аудиторов по аккредитации).

      21. В случаях непредставления ни одного конкурсного предложения в установленные сроки или их отклонения уполномоченным органом, уполномоченный орган в течение десяти рабочих дней объявляет о проведении повторного конкурса в порядке, установленном настоящими Правилами.

      22. Если к участию в конкурсе представлено одно конкурсное предложение, уполномоченный орган признает победителем единственную компанию-участник, подавшую заявку на участие в конкурсе, в случаях ее соответствия квалификационным требованиям, предусмотренным пунктом 24 настоящих Правил, и представления всех необходимых документов, предусмотренных пунктом 7 настоящих Правил.

      23. Уполномоченный орган подводит итоги конкурса в срок не более пяти рабочих дней со дня вскрытия конвертов с конкурсными предложениями. Протокол об итогах конкурса составляется и подписывается уполномоченным органом. Не допускается внесение изменений в протокол об итогах конкурса.

3. Квалификационные требования к участнику

      24. Для участия в конкурсе компания-участник должна соответствовать следующим квалификационным требованиям:

      1) иметь статус юридического лица, резидента Республики Казахстан;

      2) иметь в штате экспертов-аудиторов по аккредитации;

      3) являться членом международных организаций по аккредитации;

      4) не находиться в процессе банкротства либо ликвидации;

      5) не иметь задолженности, превышающей три месяца перед банком (банками), по налогам и другим обязательным платежам в бюджет и обязательным пенсионным взносам, обязательным профессиональным пенсионным взносам в единый накопительный пенсионный фонд;

      6) не быть аффиллиированным лицом с субъектами аккредитации.

      Сноска. Пункт 24 с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 20.12.2013 № 1363 (вводится в действие с 01.01.2014).

  Приложение
к Правилам проведения конкурса
по выбору органа по
аккредитации и
квалификационных требований к
органу по аккредитации

      Кому_________________________________

      (наименование уполномоченного органа)

      От кого_______________________________

      (наименование компании-участника)

Заявка на участие в конкурсе

      Рассмотрев предложение к участию в конкурсе по выбору органа по

      аккредитации _____________________________________________________

      (наименование компании-участника)

      предлагает свои услуги для выполнения функций органа по аккредитации

      в соответствии с Законом Республики Казахстан "Об аккредитации в

      области оценки соответствия".

      Настоящая конкурсная заявка состоит из:

      1.__________________________________________________

      2.__________________________________________________

      3.__________________________________________________

      4.__________________________________________________

      5.__________________________________________________

      6.__________________________________________________

      7.__________________________________________________

      8.__________________________________________________

      9.__________________________________________________

      10._________________________________________________

      ______________ ___________________

      (подпись, дата) (должность, Ф.И.О.)

      М.П.