"Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Хатшылығына Қазақстан Республикасынан жіберілетін лауазымды тұлғалардың мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 ақпандағы № 180 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 наурыздағы № 211 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. «Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Хатшылығына Қазақстан Республикасынан жіберілетін лауазымды тұлғалардың мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2008 жылғы 21 ақпандағы № 180 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Хатшылығына Қазақстан Республикасынан жіберілетін лауазымды тұлғаларды ұстауға арналған шығыстар сметасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2013 жылғы 5 наурыздағы
№ 211 қаулысына  
қосымша      

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2008 жылғы 21 ақпандағы
№ 180 қаулысымен  
бекітілген    

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің
Хатшылығына Қазақстан Республикасынан жіберілетін лауазымды
тұлғаларды ұстауға арналған
шығыстар сметасы

Р/с

Шығыстардың атауы

Шығыстардың сомасы
(АҚШ долларымен)

1.

Жалақы:
1) атқарушы директордың орынбасары
   (2850 х 12 айға)
2) кәсіби персоналдың мүшесі
   (2700 х 12 айға)
3) кәсіби персоналдың мүшесі
   (2700 х 12 айға)

99000

2.

Тұрғын үй-жайларды жалға алуға ақы төлеу:
1) атқарушы директордың орынбасары
   (1500 х 12 айға)
2) кәсіби персоналдың мүшесі
   (1000 х 12 айға)
3) кәсіби персоналдың мүшесі
   (1000 х 12 айға)

42000



Барлығы

141000

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады