2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қосылу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 наурыздағы № 290 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Келісімге қосымша болып табылатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесінің (бұдан әрі – Ереже) 2-бөлімінің 2.4-тармағына қатысты Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасының (бұдан әрі – ТМД СЭҚ ТН) 1507-1515 тауар позициялары бойынша тауарлардың шығарылған елін айқындау кезінде алдыңғы төрт белгінің кем дегенде бірінің деңгейінде көрсетілген тауар позициясының өзгеруінен көрінетін жеткілікті өңдеу/қайта өңдеу өлшемінің негізгі шартын қолдану құқығын өзіне қалдыратынын мәлімдейді.
      Қазақстан Республикасы Ереженің 2-бөлімі 2.4-тармағының б) және в) тармақтарында жазылған шарттарды қолдану кезінде ТМД СЭҚ ТН 1516 тауар позициясы бойынша тауарларды өндіру кезінде пайдаланылатын материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 50 %-ынан аспауы тиістігіне сүйенетін болады. ТМД СЭҚ ТН 1517 және 2106 90 980 тауар позициялары бойынша тауарларды өндіру кезінде (тамаққа пайдалану үшін жарамды жануарлар немесе өсімдік майларынан немесе майлардан немесе олардың фракцияларынан жасалған майлылығы 15 %-дан астам сүт майларын құрайтын қоспалар немесе дайын өнімдер) ТМД СЭҚ ТН 1511 және 1513 тауар позициялары материалдарының құны түпкілікті өнім бағасының 50 %-ынан аспауы тиіс.
      Аталған ескертпе Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы өзара саудада қолданылмайды» деген ескертпемен 2011 жылғы 18 қазанда Санкт-Петербург қаласында жасалған 2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қосылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетін 2011 жылғы 18 қазанда Санкт-Петербург қаласында жасалған 2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға Қазақстан Республикасының ескертпемен қосылатыны туралы хабардар етсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында
тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге
өзгерістер енгізу туралы
хаттама

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын 2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің үкіметтері
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Орындалған жағдайда тауар орын алған елден шыққан деп есептелетін шарттардың өндірістік және технологиялық операциялардың тізбесіне (2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын Тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесіне 1-қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1. «0206» деген СЭҚ ТН коды бар жол мынадай редакцияда жазылсын:

0206

Ірі қара малдың, шошқаның, қойлардың, ешкілердің, жылқылардың, есектердің, қашырлардың немесе лошактардың жас, тоңазытылған немесе мұздатылған тағамдық қосалқы өнімдері

0201-0206 позициялардан басқа кез келген позициялардың материалдарынан дайындау

      2. Мынадай мазмұндағы «2106 90 980-нен» деген СЭҚ ТН коды бар жолмен толықтырылсын:

2106 90 980-нен

Тамаққа пайдалану үшін жарамды жануарлар немесе өсімдік майларынан немесе майлардан немесе олардың фракцияларынан жасалған майлылығы 15%-дан астам сүт майларын құрайтын қоспалар немесе дайын өнімдер

0405, 1501-1516 позицияларының материалдарынан дайындау.
Алайда 1511 және 1513 тауар позицияларының пайдаланылатын материалдарының құны түпкілікті өнім бағасының 50%-ынан аспауы тиіс

      3. «28 тобынан» деген СЭҚ ТН коды бар жол мынадай редакцияда жазылсын:

28-топтан

Бейорганикалық химия өнімдері: бейорганикалық немесе органикалық бағалы металдар, сирек кездесетін жер металдары, радиоактивті элементтер немесе 2811 29 100, 2818 20 000. 2821 20 000, 2833 22 000 кіші субпозициялардағы және 2844 10-нан, 2844 20-дан субпозицияларындағы тауарлардан басқа изотоптар, олар үшін қолданылатын қағидалар бұдан әрі жазылған

Оларды дайындау кезінде пайдаланылатын барлық материалдар өнім позициясынан өзгеше позицияларда жіктелуі тиіс. Алайда бірдей позициялардың материалдары олардың құны түпкілікті өнім бағасының 20%-ынан аспайды деген шартпен пайдаланыла алады

      4. «2844 10» деген СЭҚ ТН коды бар жол мынадай редакцияда жазылсын:

2844 10

Табиғи уран және оның қосындылары

Қайта өңдеу технологиясына сәйкес мамандандырылған өндіріс жағдайларында 2844 30 позициясының материалынан (уран, уранмен қосылған – 235 және оның қосындылары) жасау (уран изотопы бойынша байыту – 235)

      5. Мынадай мазмұндағы «5704-тен» деген СЭҚ ТН коды бар жолмен толықтырылсын:

5704-тен

Тоқыма еден жабындыларынан дайындалған дайын бұйымдар: дәретхана және жуынатын бөлмелерге арналған, автомобиль, әмбебап кілемшелер

Қалып бойынша дайындамаларды пішу, тігін операцияларын орындау. Бұл ретте 5704 позициясының пайдаланылатын материалдарының құны түпкілікті өнім бағасының 30%-ынан аспауы тиіс

      6. Мынадай мазмұндағы «7019 32 000» деген СЭҚ ТН коды бар жолмен толықтырылсын:

7019 32 000

Жұқа маталар (вуальдар)

Оны дайындау кезінде пайдаланылатын барлық материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 50%-ынан аспауы тиіс

      7. «8456-8466» деген СЭҚ ТН коды бар жол мынадай редакцияда жазылсын:

8456-8466

8456-8466 тауарлық позицияларының машиналары және жабдықтары; құралды немесе бөлшектерді бекітуге арналған тетіктерді қоса алғанда, 8456-8465 тауарлық позициялардың машиналары мен жабдықтары үшін ғана немесе негізінен соларға арналған бөлшектер және керек-жарақтар, өзі ашылатын бұранда кескіш ұштары, бөлгіш ұштары және станоктарға арналған өзге арнайы керек-жарақтар; қол құралдарының барлық типтеріне арналған жұмыс құралдарын бекіту үшін керек-жарақтар

Оларды дайындау кезінде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 50%-ынан аспауы тиіс

      8. «8521» СЭҚ ТН коды бар жол мынадай редакцияда жазылсын:

8521-ден

DVD ойнатқыштарынан басқа, бейнетюнермен қосылған немесе қосылмаған бейнежазғыш немесе бейнекөрсеткіш аппаратура

Оларды дайындау кезінде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 50%-ынан аспауы тиіс

      9. «8544» СЭҚ ТН коды бар жол мынадай редакцияда жазылсын:

8544

Оқшауланған өткізгіштер (эмальданған немесе анодталған кәбілдерді қоса алғанда), кәбілдер (коаксилді кәбілдерді қоса алғанда) және басқа қосу құралдары бар және оларсыз оқшауланған электр өткізгіштер; 8544 70 000 тауар позицияларынан басқа, ол үшін қолданылатын қағидалар бұдан әрі жазылады

Оларды дайындау кезінде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 50%-ынан аспауы тиіс

      10. Мынадай мазмұндағы «8544 70 000» деген СЭҚ ТН коды бар жолмен толықтырылсын:

8544 70 000

Талшықты-оптикалық кәбілдер

Кез келген позициялар материалдарынан дайындау. Алайда пайдаланылатын материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 50%-ынан аспауы тиіс

2-бап

      Осы Хаттама қол қойылған күнінен бастап уақытша қолданылады және депозитарийдің оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді оған қол қойған Тараптардың орындағаны туралы үшінші хабарламаны алған күнінен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
      Мемлекетішілік рәсімдерді кешірек орындаған Тараптар үшін осы Хаттама депозитарий тиісті құжаттарды алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
      2011 жылғы 18 қазанда Санкт-Петербург қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа данасы осы Хаттамаға қол қойған әрбір мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жіберетін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады.

Армения
Республикасының
Үкіметі
үшін

Қазақстан
Республикасының
Үкіметі
үшін

Беларусь
Республикасының
Үкіметі
үшін

Түркіменстан
Республикасының
Үкіметі
үшін

Өзбекстан
Республикасының
Үкіметі
Үшін

Украина
Үкіметі
үшін

Молдова
Республикасының
Үкіметі
үшін

Ресей Федерациясының
Үкіметі
үшін

Қырғыз
Республикасының
Үкіметі
үшін

Әзербайжан
Республикасының
Үкіметі
үшін

Тәжікстан
Республикасының
Үкіметі
үшін


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады