"Есептік тарифті айқындау, шекті және жеке тарифтерді бекіту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы № 277 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 наурыздағы № 301 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 475 қаулысымен

«Есептік тарифті айқындау, шекті және жеке тарифтерді бекіту
ережесін бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009
жылғы 10 наурыздағы № 277 қаулысына толықтыру енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29наурыздағы № 301
қаулысыныңбаспасөз-релизі

      «Есептік тарифті айқындау, шекті және жеке тарифтерді бекіту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы № 277 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 наурыздағы № 301 қаулысы (бұдан әрі - Қаулы) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі №588 Заңының 12-бабының 5-тармағын іске асыру мақсатында.Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.
      Ережеге толықтырылған 25-1 тармақ, жоғарыда аталған Қаулымен бекітілген, энергия өндіруші ұйым келісімде көзделген инвестициялық міндеттемелерді орындамаған жағдайда,энергия өндіруші ұйым келісімде инвестициялық міндеттемелерді орындау үшін көзделген және оларды іске асыруға пайдаланылмаған, алынған қаражатты электр энергиясының келесі күнтізбелік жылға арналған босату бағасын төмендету арқылы, осы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыра отырып, көтерме сауда нарығының субъектілеріне қайтаруға міндетті екендігін айқындайды.
      Қаулы республикалық бюджеттен қаржы шығындарын болжамайды және теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға алып келмейді.

      Қазақстан Республикасының
      Индустрия және жаңа
      технологиялар министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз