Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.06.2015 № 475 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
«Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 38-5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортының нысаны;
2) Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортын алу қағидалары және мерзімі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 18 сәуірдегі
№ 373 қаулысымен
бекітілген
Нысан
_____________________________________________________________________
(паспорт берген мемлекеттік органның толық атауы/полное наименование
государственного органа, выдавшего паспорт)
Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың _________ жж.
күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі
ПАСПОРТЫ/ПАСПОРТ
готовности энергопроизводящих и энергопередающих организаций к
работе в осенне-зимних условиях _________ гг.
№ ____________________________ г. _____________________ қ.
«___» _______________ 20__ ж/г (паспорт жасалған жер/
(паспорттың нөмірі және место составления паспорта)
берілген күні/номер и дата
выдачи паспорта)
Осы паспорт берілді ______________________________________.
Настоящий паспорт выдан (ұйымның заңды атауы/юридическое
наименование организации)
____________________________
____________________________
____________________________
____________________________
____________________________ _______________________
(басшының лауазымы/должность (басшының Т.А.Ә./Ф.И.О.
руководителя) руководителя)
МО/МП
Сериясы/серия ______ № ___
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 18 сәуірдегі
№ 373 қаулысымен
бекітілген
Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы
жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортын алу
қағидалары және мерзімі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортын алу қағидалары және мерзімі (бұдан әрі – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 38-5) тармақшасына сәйкес әзірленді және энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортын алу тәртібін және мерзімін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес қолданылады.
2. Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы
жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортын алу
тәртібі мен алу мерзімі
3. Белгіленген электр қуаты 5 мегаваттан (бұдан әрі – МВт) астам немесе белгіленген жылу қуаты сағатына 100 гигакалория (бұдан әрі – Гкал/сағ) және одан жоғары, сондай-ақ өз теңгерімінде 110 киловольт (бұдан әрі – кВ) және одан жоғары кернеудегі электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспорттарын (бұдан әрі – әзірлік паспорты) мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі орган береді.
4. Қуаты 100 Гкал/сағ дейінгі энергия өндіруші ұйымдарға әзірлік паспорттарын жергілікті атқарушы органдар және/немесе жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар береді.
5. Өз құрамында кернеуі 35 кВ және одан төмен электр желілері бар энергия беруші ұйымдарға, сондай-ақ белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен энергия өндіруші ұйымдарға әзірлік паспорттарын мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі органның аумақтық бөлімшелері береді.
6. Жергілікті атқарушы органдар және/немесе жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар, мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі орган немесе оның аумақтық бөлімшелері энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың (бұдан әрі – ұйымдар) өтініштерін қабылдауды жыл сайын 15 қыркүйектен бастап жүзеге асырады.
7. Әзірлік паспортын алу үшін ұйымдар жыл сайын 1 қазанға дейінгі, жүйелік оператор 25 қазанға дейінгі мерзімде осы Қағидалардың 3, 4, 5-тармақтарына сәйкес мына құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортын алуға өтініш;
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі актісі (бұдан әрі – әзірлік актісі).
Әзірлік актісіне осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортын алу шарттарының (бұдан әрі – шарттар) орындалғанын растайтын құжаттар қоса беріледі;
3) станциялардың электр және жылу желілерінің негізгі және қосалқы жабдығының техникалық жай-күйі туралы, сондай-ақ ұйымның күзгі-қысқы кезеңде бекітілген кестелерге сәйкес тұтынушыларға жылу және электр энергиясын беруді қамтамасыз етуге әзірлігі туралы аккредиттелген сарапшылық ұйымның қорытындысы.
8. Осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген құжаттар басшының қолымен және ұйымның мөрімен куәландырылады.
Жіберетін құжаттар нөмірленеді, байланады және осы шарттарда көрсетілген жүйелілікке сәйкес орналастырылады.
Құжаттардың дұрыстығы үшін жауапкершілікті өтініш беруші көтереді.
9. Әзірлік актісін дайындау үшін ұйымдар жыл сайын 1 қыркүйекке дейін энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігін айқындау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – ұйым комиссиясы) құрады.
10. Ұйым комиссиясы төрағадан, төрағаның орынбасарынан және оның мүшелерінен тұрады.
Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды, кемінде бес адамды құрайды.
Ұйым комиссиясының құрамына ұйымның басшылары және басқа да жауапты лауазымды тұлғалар, жергілікті атқарушы органның, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның және мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі органның аумақтық бөлімшелерінің өкілдері кіреді.
Қуаты 100 Гкал/сағ дейін энергия өндіруші ұйымдар құрған комиссияның құрамына ұйымның басшылары және басқа да жауапты лауазымды тұлғалары кіреді.
Мемлекеттік органдардың өкілдері өз жұмысын өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.
11. Ұйым комиссиясының төрағасы болып ұйымның бірінші басшысы, ал ол болмағанда оны алмастыратын тұлға тағайындалады. Төрағаның орынбасары болып жергілікті атқарушы органның өкілі тағайындалады.
12. Ұйым комиссиясы энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігін осы Қағидаларға 3-қосымшаның талаптарына сәйкес айқындайды.
13. Ұйым комиссиясы жұмысының қорытындылары бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірлік актісі ресімделеді және оған барлық мүшелер қол қояды.
14. Егер отырыста ұйым комиссиясы мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде 2/3 қатысқан болса, комиссия шешiмi заңды болып есептеледi. Дауыс беру нәтижелерi отырысқа қатысқан комиссия мүшелерiнің көпшілік дауысымен айқындалады.
Ұйым комиссиясының жекелеген мүшелері келіспеген кезде әзірлік актісіне «ерекше пікірмен» қол қойылады.
Ұйым комиссиясы мүшесінің ерекше пікірі әзірлік актісіне қоса беріледі және оның ажырамас бөлігі болып табылады.
Ұйым комиссиясының жұмысы кезінде анықталған кемшіліктер әзірлік актісінде көрсетіледі.
15. Ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзір еместігі жағдайында ұйым басшылығы кемшіліктерді жоюдың нақты мерзімдерін көрсете отырып, іс-шаралар жоспарын әзірлейді және оны ұйым комиссиясымен келіседі. Келісілген іс-шаралар жоспары әзірлік актісіне қоса беріледі.
16. Барлық қосымшаларымен бірге әзірлік актісі екі данада жасалады, оның бір данасы ұйымда сақталады, ал екінші данасы әзірлік паспортын алу үшін өтінішке қоса беріледі.
17. Жергілікті атқарушы орган және/немесе жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган, мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі орган және/немесе оның аумақтық бөлімшесі ұйымның өтініші түскен күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде қоса берілген құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынған құжаттар толық болмаған жағдайда, жергілікті атқарушы орган және/немесе жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган, мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі орган және/немесе оның аумақтық бөлімшесі өтініш түскен күнінен бастап 7 жұмыс күні ішінде ұйымның атына жетіспейтін мәліметтер мен материалдарды ұсыну қажеттігі туралы сұрау жібереді.
18. Ұйым сұрау түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жетіспейтін мәліметтер мен материалдардың жіберілуін қамтамасыз етеді.
19. Осы Қағидалардың 18-тармағында белгіленген мерзімде мәліметтер мен материалдар ұсынылмаған жағдайда мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі орган және/немесе оның аумақтық бөлімшесі өтінішті қараусыз қайтарады.
Бұл ретте, ұйым 15 қазанға дейін әзірлік паспортын алуға өтінішті қайта жібереді.
20. Ұйымдардың әзірлік паспортын алуға өтініштерін қарау және олар бойынша шешімдер қабылдау үшін жергілікті атқарушы орган және/немесе жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган, мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі орган және/немесе оның аумақтық бөлімшесі Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортын алуға өтініштерін қарау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрады.
21. Комиссия әзірлік паспортын алуға өтініштерді қарауды олар комиссия қарауына түскен сәттен бастап есептелетін он жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
22. Комиссия жергілікті атқарушы орган және/немесе жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган, мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі орган және/немесе оның аумақтық бөлімшесі басшысының бұйрығымен 15 қыркүйекке дейін құрылады.
23. Комиссия төрағадан, төраға орынбасарынан, хатшыдан және оның мүшелерінен тұрады. Комиссия хатшысы комиссия отырысын ұйымдастыруды жүзеге асырады және оның дауыс беру құқығы жоқ.
Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды, кемінде бес адамды құрайды.
24. Жергілікті атқарушы орган және/немесе жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган құратын комиссия құрамына өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің өкілі келісім бойынша енгізіледі.
Мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі орган құратын комиссия құрамына мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі органның және өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органының өкілдері келісім бойынша енгізіледі.
Мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі органның аумақтық бөлімшелері құратын комиссия құрамына мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі органның аумақтық бөлімшесінің, жергілікті атқарушы органның және өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның өкілдері келісім бойынша енгізіледі.
25. Жергілікті атқарушы орган және/немесе жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган құратын комиссияның төрағасы болып жергілікті атқарушы органның және/немесе жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның басшысы немесе оны алмастыратын тұлға тағайындалады.
Мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі орган құратын комиссияның төрағасы болып мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі органның басшысы немесе оны алмастыратын тұлға тағайындалады.
Мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі органның аумақтық бөлімшесі құратын комиссияның төрағасы болып мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі органның аумақтық бөлімшесінің басшысы немесе оны алмастыратын тұлға тағайындалады.
26. Комиссия материалдарды қарауды қажеттілігіне қарай аптасына үш рет жүргізеді.
27. Өтініштерді қарау жөніндегі комиссия әзірлік паспортын алуға ұсынылған материалдарды зерделейді.
28. Қарау қорытындылары бойынша комиссия мынадай негізделген шешімдердің бірін қабылдайды:
1) әзірлік паспортын беру;
2) әзірлік паспортын ескертулермен беру;
3) әзірлік паспортын беруден бас тарту.
29. Егер Комиссия отырысында комиссия мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде 2/3 қатысқан болса, комиссия шешiмi заңды болып есептеледi. Дауыс беру нәтижелерi отырысқа қатысқан комиссия мүшелерiнің көпшілік дауысымен айқындалады.
30. Комиссияның оң шешімі кезінде хаттамаға қол қойылғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге әзірлік паспорты қолма-қол беріледі немесе пошта арқылы жіберіледі.
Берілген әзірлік паспорттары осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірлік паспорттарын тіркеу журналында тіркеледі.
31. Комиссия әзірлік паспортын беруден бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда хаттамаға қол қойылғаннан кейін екі жұмыс күн ішінде өтініш берушіге комиссия отырысының хаттамасынан үзінді көшірме қоса беріле отырып, уәжделген хат жіберіледі.
Әзірлік паспортын беруден бас тарту алдағы күзгі-қысқы кезеңге ғана қолданылады.
32. Белгіленген мерзімде әзірлік паспортын алмаған ұйым күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігін жалғастырады және ескертулерді комиссия отырысының хаттамасында көрсетілген мерзімдерде жоюды қамтамасыз етеді.
Берілген ескертулерді орындау туралы ақпаратты ұйым мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі органға және/немесе оның аумақтық бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органға және/немесе жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органға ескертулерді орындау мерзімі өткен күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.
33. Мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі органның, оның аумақтық бөлімшелерінің бақылау қызметі барысында немесе технологиялық бұзылуларды тексеру барысында нәтижелері бойынша әзірлік паспортын беру туралы шешім қабылданған мәліметтердің сәйкессіздігі және/немесе құжаттардың бұрмаланғаны анықталған кезде әзірлік паспортын оны берген орган жояды.
34. Ұйымдар үшін әзірлік паспортын алу мерзімі жыл сайын 1 қарашаға дейін, ал жүйелік оператор үшін жыл сайын 25 қарашаға дейін.
Энергия өндіруші және энергия беруші
ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда
жұмысқа әзірлігі паспортын алу
қағидаларына және мерзіміне
1-қосымша
Нысан
(кімге) ____________________________
(органның атауы)
____________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
____________________________________
Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы
жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортын алуға
өтініш
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
_____________________________________________________________________
(БСН (СТН), заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің
нөмірі және күні)
Заңды тұлғаның және оның энергия объектісінің орналасқан жері:
Пошталық мекенжайы: ___________________________________________
Телефон нөмірлері _____________________________________________
E-mail ________________________________________________________
Факс __________________________________________________________
Қоса беріліп отырған құжаттар тізбесі:
1. ________________________________ __ парақта, беттің реттік №
2. ________________________________ __ парақта, беттің реттік №
3. ________________________________ __ парақта, беттің реттік №
4. ________________________________ __ парақта, беттің реттік №
5. ________________________________ __ парақта, беттің реттік №
6. ________________________________ __ парақта, беттің реттік №
Ұйымның басшысы _______________________________________________
(лауазымы, Т.А.Ә., қолы)
МО 20__ ж. «___» ______________
Энергия өндіруші және энергия беруші
ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда
жұмысқа әзірлігі паспортын алу
қағидаларына және мерзіміне
2-қосымша
Нысан
ЭНЕРГИЯ ӨНДІРУШІ ЖӘНЕ ЭНЕРГИЯ БЕРУШІ ҰЙЫМДАРДЫҢ
_________ жж. КҮЗГІ-ҚЫСҚЫ ЖАҒДАЙЛАРДА ЖҰМЫСҚА ӘЗІРЛІГІ
АКТІСІ/АКТ
ГОТОВНОСТИ ЭНЕРГОПРОИЗВОДЯЩИХ И ЭНЕРГОПЕРЕДАЮЩИХ
ОРГАНИЗАЦИЙ К РАБОТЕ В ОСЕННЕ-ЗИМНИХ УСЛОВИЯХ ________ гг.
_________________________________________ ____________________
(акт жасалған жер/место составления акта) (күні/дата)
Комиссия, назначенная приказом ______________________________________
(ұйымның атауы/наименование организации)
от _____ № _________ бұйрығымен тағайындалған комиссия.
_____________________________________________________________________
(энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы
жағдайларда
_____________________________________________________________________
жұмысқа әзірлігі паспортын алу үшін шарттардың орындалғаны –
орындалмағаны
_____________________________________________________________________
көрсетіледі/указывается выполнение – невыполнение условий для
получения
_____________________________________________________________________
паспорта готовности энергопроизводящими и энергопередающими
организациями
_____________________________________________________________________
к работе в осенне-зимних условиях)
Тұжырым: ____________________________________________________________
Вывод: (ұйым КҚК-де жұмысқа әзір - әзір емес/организация готова -
не готова
_____________________________________________________________________
к работе в ОЗП)
Комиссия төрағасы: _______________ __________ _______________
Председатель комиссии: (лауазымы/ (қолы/ (Т.А.Ә./Ф.И.О.)
должность) подпись)
Комиссия мүшелері: ______________ _______________ _______________
Члены комиссии: (лауазымы/ (қолы/подпись) (Т.А.Ә./Ф.И.О.)
должность)
______________ _______________ _______________
(лауазымы/ (қолы/подпись) (Т.А.Ә./Ф.И.О.)
должность)
______________ _______________ _______________
(лауазымы/ (қолы/подпись) (Т.А.Ә./Ф.И.О.)
должность)
Энергия өндіруші және энергия беруші
ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда
жұмысқа әзірлігі паспортын алу
қағидаларына және мерзіміне
3-қосымша
Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы
жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортын алу
шарттары
1. Энергия өндіруші ұйымдар:
1) тиісті актілермен (қайта жаңартудан өткен жабдықтарды пайдалануға қабылдап алу актілерінің, жабдықты күрделі жөндеуден қабылдап алу актілерінің, көпжылдық жоспарлы жөндеулер кестесінің көшірмелері) ресімделген, қажетті көлемде және белгіленген нормаларға сәйкес келетін сапада негізгі және қосалқы жабдықты жоспарлы жөндеудің толық көлемде орындалуы;
2) алдағы күзгі-қысқы кезеңге отын жеткізуге арналған шарттардың болуы;
3) сыртқы ауаның төмен температурасы жағдайында жабдықтың, технологиялық схемалар мен құрылыстар бүлінуінің алдын алу бойынша жоспарланған іс-шаралардың толық көлемде орындалуы (орындалған іс-шаралар тізбесі);
4) жүктемелер кестесін орындау үшін әзірлік – жұмыс пен резервте жүктемелер кестесін орындау үшін қажетті жабдық құрамының болуы;
5) қоймада Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормалары қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес негізгі және резервтік отын қорының болуы;
6) жұмыс орындарының оқытылған және аттестатталған персоналмен жасақталғандығы. Персоналдың жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарымен, арнайы киіммен, аспаптар және құралдармен, нормативтік-техникалық және жедел құжаттамамен, нұсқаулықтармен, өрт сөндіру схемаларымен және бастапқы құралдарымен (табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган бекіткен персоналдың нормативтік санына салыстырма талдау және нормативтік және нақты қорғаныс құралдарының санын нақты, салыстырма талдау) қамтамасыз етілгендігі;
7) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы орган өкілдерінің және күзгі-қысқы кезеңнен өтуді қамтамасыз ететін жабдықты диагностикалаудың аккредиттелген сарапшылық ұйымдардың техникалық куәландыруды жүргізуі;
8) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы орган өкілдерінің міндетті қатысуымен жасалған өрт сөндіру және өрт дабылы жүйелерінің әзірлік актісінің болуы (акті көшірмесі);
9) кәбіл шаруашылығының, отын-көлік және мазут шаруашылығының, қазандық цехының, турбогенераторлардың, коммутациялық аппараттардың газ-май жүйелерінің, турбиналардың, трансформаторлар мен реакторлардың май жүйелерінің өрт жарылыс қауіпсіздігі талаптарын қамтамасыз ету;
10) автоматиканың релелік қорғаныс (бұдан әрі – АРҚ) және аварияға қарсы автоматиканың (бұдан әрі – АҚА) құрылғыларына, жылу автоматикасы және өлшеу құралдарына (бұдан әрі – ЖӨА) техникалық қызмет көрсетуді толық көлемде орындау актісінің болуы. Бар болған жағдайда ғимараттар мен құрылыстардың, байланыс құралдарының, диспетчерлік технологиялық басқару құралдарының (бұдан әрі – ДТБҚ), энергия ресурстарын бақылау және есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің (бұдан әрі – ЭБЕАЖ) әзірлігі (пайдалануға енгізу және техникалық жай-күйін бағалау жылын көрсете отырып техникалық куәландырудан өткен жабдықтар тізбесі);
11) жергілікті атқарушы органдармен келісілген температуралық кестенің болуы;
12) негізгі жабдықты жылу оқшаулау бойынша жұмыстарды орындау актісінің болуы;
13) күл үйінділерінің қажетті сыйымдылығының болуы (өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы орган өкілдерімен гидроқұрылыстарға күзгі комиссиялық тексеру жүргізу);
14) жылу механикалық жабдықтың жұмысы үшін нормативті су режимін қамтамасыз ету;
15) объектілік аварияға қарсы жаттығу жүргізу нәтижелерінің оң бағалануы;
16) мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі органның ұйғарымдары және ең жоғары жүктемелер кезеңінде энергетика объектілері жұмысының сенімділігіне әсер ететін технологиялық бұзылыстарды тексеру актілері бойынша іс-шаралардың толық орындалуы;
17) өзіндік электр және жылу қажеттіліктері жабдығының жобалық талаптар мен схемаларға сәйкестігі;
18) егер бұл тұтынушыларды күзгі-қысқы кезеңде жылумен жабдықтауды шектеуге алып келуі мүмкін болса, 15 қыркүйекке қарай станциялар мен жылу желілерінің негізгі жабдықтарын 30 тәуліктен асатын жоспардан тыс (авариялық) жөндеулердің болмауы.
2. Энергия беруші ұйымдар.
Электр желілік компаниялар үшін:
1) тиісті актілермен (қайта жаңартудан өткен жабдықтарды пайдалануға қабылдап алу актілерінің, жабдықты күрделі жөндеуден қабылдап алу актілерінің, көпжылдық жоспарлы жөндеулер кестесінің көшірмелері) ресімделген, белгіленген нормаларға сәйкес қажетті көлемде, кезеңділік пен сапада қосалқы станцияларды (бұдан әрі – ҚС), тарату пункттерін (бұдан әрі – ТП), трансформаторлық қосалқы станцияларды (бұдан әрі – ТҚС), кешенді трансформаторлық қосалқы станцияларды (бұдан әрі – КТҚС) және электр беруші желілерді жоспарлы жөндеудің орындалуы;
2) сыртқы ауаның төмен температурасы жағдайында жабдықтың, технологиялық схема мен құрылыстар бүлінуінің алдын алу бойынша жоспарланған іс-шаралардың орындалуы (орындалған іс-шаралар тізбесі);
3) электр жүктемелері кестесін орындауға әзірлік, яғни жұмыс пен резервте жүктемелер кестесін орындау және электр беруші желілер мен трансформаторлардың өткізу қабілеті шегінде электр энергиясы мен қуатты беру үшін қажетті жабдық құрамының болуы (КҚК кезеңде 10-110 кВ бойынша режимдік (қалыпты) схемалар, режимдік схема кезінде өткен жылғы 22 маусым мен 22 желтоқсанда жүктемелерді өлшеулер);
4) 10-110 кВ және одан жоғары режимдік (қалыпты) схемалардың сенімділік, статикалық және серпінді тұрақтылық талаптарын қамтамасыз ету (есептеулер мен талдаулар);
5) 6-500 кВ электр желілері қосалқы станцияларының авариялық қорының, ЭЭБЖ 0.4 кВ-500 кВ резервтік материалдары мен жабдығының, жабдыққа құйылған 2%-дан кем емес көлемде трансформаторлық майдың төмендемейтін қорының болуы (ұйым жабдығының бекітілген және нақты авариялық қорына салыстырма талдау);
6) жұмыс орындарының оқытылған және аттестатталған персоналмен жасақталғандығы. Персоналдың жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарымен, арнайы киіммен, аспаптар және құралдармен, нормативтік-техникалық және жедел құжаттамамен, нұсқаулықтармен, өрт сөндіру схемаларымен және бастапқы құралдарымен (табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган бекіткен персоналдың нормативтік санына салыстырма талдау және нормативтік және нақты қорғаныс құралдарының санын нақты, салыстырма талдау) қамтамасыз етілгендігі;
7) электр желілерінің жабдығына нормативтік құжаттарда көзделген көлем мен мерзімде уақтылы сынаулар жүргізу;
8) АРҚ және АҚА құрылғыларына толық көлемде техникалық қызмет көрсетуді орындау, бар болған жағдайда ғимараттар мен құрылыстардың, байланыс құралдарының, ДТБҚ, ЭБЕАЖ әзірлігі (актілер көшірмелері);
9) технологиялық және авариялық бронь актілерін жасау бойынша жұмыстар (үздіксіз электрмен қамтамасыз ету объектілерінің тізбесімен технологиялық және жасалған авариялық бронь актілеріне салыстырма талдау);
10) энергия көздері қуатының тапшылығы туындаған кезде, сондай-ақ электр желілеріндегі авариялық жағдайда тұтынушыларды шектеудің (веерлі (ажыратулар) келісілген кестелерінің болуы (шектеу кестелерінің көшірмелері);
11) электр қондырғыларының, ӘЖ, кәбілдік желілердің, АРҚ құрылғыларының, ғимараттар мен құрылыстардың кестелер мен кезеңділікке сәйкес энергия кәсіпорындары жұмыс комиссияларының электр қондырғыларына толық техникалық куәландыруды жүргізуі (пайдалануға енгізу және техникалық жай-күйін бағалау жылын көрсете отырып, техникалық куәландырудан өткен жабдықтар тізбесі);
12) аварияға қарсы объектілік жаттығу жүргізу (жүргізілген жаттығулар тақырыптамалары мен персоналдың іс-қимылын бағалау);
13) мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі органның ұйғарымдары және мерзімі 15 қыркүйекке дейін белгіленген технологиялық бұзылыстарды тексеру жөніндегі актілері бойынша іс-шаралардың орындалуы (орындалмаған іс-шаралар және олардың себептері көрсетілген ұйғарымдардың орындалуы туралы мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі органның аумақтық департаментімен келісілген анықтама);
14) автономды электрмен қамтамасыз ету көздері бар тұтынушылармен авариялық жағдайлар кезінде өзара іс-қимыл жасау ережелерінің болуы (ақпарат);
15) 15 қыркүйекке қарай 35 кВ және жоғары ҚС негізгі жабдығының, 35 кВ және жоғары электр тарату желілерінің 15 тәуліктен астам жоспардан тыс (авариялық) жөндеулерінің болмауы;
16) электр тарату әуе желілерінде мұзды еріту схемаларының жұмысқа әзірлігі;
17) жедел-көшпелі және желілік бригадалардың көлік құралдарымен және байланыс құралдарымен қамтамасыз етілгендігі;
18) 110-500 кВ ажыратқыштар тірек-өзекті оқшаулағыштардың бұзылуын алдын алу жөніндегі нормативтік-техникалық және өкімдік құжаттама талаптарының орындалуын және сақталуын қамтамасыз ету;
19) электр станцияларының жұмыс қуаттылығын орындау жөніндегі бекітілген кестелердің болуы (жылдық, айлық, тәуліктік);
20) диспетчерлік технологиялық басқару жүйелері мен кепілдендірілген электрмен қоректену жүйелерінің жұмысқа әзірлігі;
21) электр желісінің бақыланатын қимасындағы ең жоғары рұқсат берілген токтың артуы кезіндегі іс-қимылды қоса алғанда, оралымды-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру, персоналдың технологиялық бұзылыстардың алдын алу және оны жою бойынша іс-қимыл жасау тәртібін айқындайтын құжаттардың болуы және белгіленген талаптарға сәйкестігі;
22) жедел-ақпараттық кешеннің қалыпты және авариялық режимде ақпарат берудің белгіленген сапасы кезінде тұрақты жұмыс істеуге және іс-қимылға әзірлігі.
Жылу энергиясын тасымалдауды және таратуды (жылу желілері) жүзеге асыратын ұйымдар үшін:
1) тиісті актілермен (қайта жаңартудан өткен жабдықтарды пайдалануға қабылдау актілерінің, жабдықты күрделі жөндеуден қабылдап алу актілерінің, көпжылдық жоспарлы жөндеу кестесі актілерінің көшірмелері) ресімделген қажетті көлемде және белгіленген нормаларға сәйкес сапада негізгі және қосалқы жабдықты жоспарлы жөндеудің орындалуы;
2) сыртқы ауаның төмен температурасы жағдайында жабдықтың, технологиялық сызба мен құрылымдардың бүлінуінің алдын алу бойынша жоспарланған іс-шараларды орындау;
3) жабдықтың авариялық қорының болуы;
4) жұмыс орындарының оқытылған және аттестатталған персоналмен жасақталғандығы. Персоналдың жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарымен, арнайы киіммен, аспаптар және құралдармен, нормативтік-техникалық және жедел құжаттамамен, нұсқаулықтармен, өрт сөндіру схемаларымен және бастапқы құралдарымен (табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган бекіткен персоналдың нормативтік санына салыстырма талдау және нормативтік және нақты қорғаныс құралдарының санын нақты, салыстырма талдау) қамтамасыз етілгендігі;
5) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы орган өкілінің қатысумен жасалған өрт сөндіру және өрт дабылы жүйелерінің әзірлігі актісінің болуы;
6) бар болған жағдайда ғимараттар мен құрылыстардың, байланыс құралдарының, ДТБҚ, ЭБЕАЖ әзірлігі;
7) энергия көздері қуаттылығының мен жылу желілерінің өткізуші қабілетінің тапшылығы туындаған кезде жергілікті атқарушы органдар келіскен тұтынушыларды шектеу кестелері;
8) жергілікті атқарушы органдар бекіткен температуралық кестенің болуы;
9) жылу таратушы ұйымдардың аталған жердегі КҚК температураларының барлық диапазондарында жылу желілері мен жылу көздерінің температуралық кестелерді орындауды қамтамасыз ету жөніндегі актісінің болуы;
10) жылу желілерін жөндеу, диагностикалау мен технологиялық сынаудың жоспарлы көлемдерін орындау актісінің болуы;
11) жылу оқшаулау бойынша жұмыстарды орындау актісінің болуы;
12) аварияға қарсы объектілік жаттығуларды жүргізу нәтижелерін бағалау;
13) мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі органның ұйғарымдары бойынша іс-шараларды және мерзімі 15 қыркүйекке дейін белгіленген ең жоғары жүктемелерді орындау кезеңінде энергетика объектілері жұмысының сенімділігіне әсер ететін технологиялық бұзылыстарды тексеру актілерінің орындалуы;
14) егер бұл тұтынушыларды КҚК жылумен жабдықтауды шектеуге алып келуі мүмкін болса, 15 қыркүйекке қарай жылу желілерінің негізгі жабдықтарын жоспардан тыс (авариялық) 30 тәуліктен асатын мерзімде жөндеудің болмауы.
Энергия өндіруші және энергия беруші
ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда
жұмысқа әзірлігі паспортын алу
қағидаларына және мерзіміне
4-қосымша
Нысан
Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы
жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспорттарын тіркеу
журналы*
Берілген күні |
Бланк нөмірі |
Ұйым атауы |
Әзірлік паспортын берген адамның Т.А.Ә. және қолы |
Әзірлік паспортын алған ұйым өкілінің қолы |
Бланкті қайтару белгісі |
*Журнал нөмірленуі, тігілуі, мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі органның және/немесе оның аумақтық бөлімшесінің мөрімен және басшысының қолымен бекiтілуі тиіс.