Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 мамырдағы № 470 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) «Басқарушылар кеңестерiндегі Қазақстан Республикасының өкiлдерiн тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы № 323 қаулысында:
      1-тармақта:
      2) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Басқарушының орынбасары – Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова;»;
      3) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Басқарушының орынбасары – Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Марат Әпсеметұлы Құсайынов;»;
      4) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Басқарушы – Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Асқарбекұлы Досаев;»;
      2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.08.2016 № 488 қаулысымен.
      3) «Орталық Азия Өңiрлiк Экономикалық Ынтымақтастық бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан Ұлттық үйлестiрушiнi тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 12 желтоқсандағы № 1194 қаулысында:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Орталық Азия Өңiрлiк Экономикалық Ынтымақтастық бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан Ұлттық үйлестіруші болып Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Тимур Мекешұлы Жақсылықов тағайындалсын.».
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.08.2016 № 488 қаулысымен.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады