Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 498 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.03.2015 № 168 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 17 мамырдағы
№ 498 қаулысымен  
бекітілген     

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301  қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасында (бұдан әрі – Бағдарлама):
      «Бағдарламаның паспорты» деген 1-бөлімде:

«Әзірлеуші

Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі»

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Әзірлеуші

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі»;

«Қаржыландыру көздері мен көлемі

Республикалық бюджетте «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыруға:
2010 – 15,4 млрд. теңге;
2011 – 41,2 млрд. теңге;
2012 – 70,3 млрд. теңге;
2013 – 70,3 млрд. теңге көзделген.»

       деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Қаржыландыру көздері мен көлемі

Республикалық бюджетте «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыруға:
2010 – 15,4 млрд. теңге;
2011 – 28,3 млрд. теңге;
2012 – 36,6 млрд. теңге;
2013 – 39,1 млрд. теңге;
2014 – 34,9 млрд. теңге;
2015 – 34,2 млрд. теңге көзделген.»;

      «Кіріспе» деген 2-бөлімде:
      төртінші бөліктің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «уәкілетті мемлекеттік орган мен арнайы белгіленген комиссиялар және кеңестер арқылы мемлекет субсидиялау, кепілдік беру, гранттар беру және (немесе) мемлекеттік қолдаудың басқа да шараларын ұсыну мүмкіндігі жөнінде шешім қабылдайды;»;
      мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасы резиденттерінің қатарынан қазіргі жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңаларын құру Бағдарлама шарттарының бірі болып табылады.»;
      бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Акцизделетін тауарлар шығаруды көздейтін жобалар банктердің кредиттері/Банктердің/Даму Банкінің/Лизингтік компаниялардың қаржы лизингінің шарттары бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялауға жатпайды.»;
      сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мынадай:
      кредиторы Даму Банкін қоспағанда, мемлекеттік даму институттары болып табылатын;
      қаржы институттары ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеуге беретін, сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрлігінің бюджеттік бағдарламалары шеңберінде субсидияланатын;
      Тұрақтандыру және дағдарысқа қарсы бағдарламаларды қоспағанда, басқа мемлекеттік бағдарламалар, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 қаулысымен бекітілген Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысымен бекітілген «Өнімділік 2020» бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік қолдау алған кәсіпкерлердің кредиттері/Қаржы лизингі шарттары;
      овердрафт түріндегі кредиттер субсидиялауға жатпайды.»;
      он екінші бөлікте:
      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі;»;
      жетінші, сегізінші және он бірінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «қаржы агенті – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Бағдарлама шеңберінде:
      сыйақы ставкасын субсидиялау шеңберінде Банктерге/Даму Банкіне/Лизингтік компанияларға қаржылай қаражат аудару;
      борышкерлер бойынша Мемлекеттік комиссия мен Жұмыс тобының отырыстарына ұсынылатын материалдар жөнінде ұсынымдар тұжырымдау;»;
      мынадай мазмұндағы он екінші, он үшінші және он төртінші абзацтармен толықтырылсын:
      «субсидиялаудың іске асырылуын мониторингілеу;
      кепілдік берудің іске асырылуын мониторингілеу;
      грант берудің іске асырылуын мониторингілеу;
      Бағдарламаның іске асырылуын мониторингілеу жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.»;
      мынадай мазмұндағы он екінші және он үшінші бөліктермен толықтырылсын:
      «Жұмыс органы – Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің «Кәсіпкерлікті дамыту комитеті» мемлекеттік мекемесі.
      Шекара маңындағы аумақтар – тараптардың әкімшілік-аумақтық құрылымдарының тараптардың мемлекеттік шекарасына іргелес жатқан және олардың ұлттық заңнамасына немесе олар қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес осындайлар ретінде айқындалатын аумақтары немесе аумақтарының бір бөлігі.»;
      «Міндеттер» деген 4.3-бөлімде:
      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Уәкілетті орган Бағдарламаның бірінші, үшінші және төртінші бағыттарын іске асыру мақсатында жергілікті бюджетке нысаналы трансферт беруді жүзеге асырады және әрбір облыс, астана, республикалық маңызы бар қала үшін қаржыландырудың жалпы лимитін айқындайды.»;
      мынадай мазмұндағы тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші бөліктермен толықтырылсын:
      «Кеден одағы елдерінің кәсіпкерлік әлеуетін жұмылдыру Қазақстан Республикасының шекара маңындағы ресурстық әлеуеті және Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының резиденттері бірлесіп қатысатын кәсіпорындар құру қажеттігі бар аумақтарында қаржылық және қаржылық емес қолдау шараларын ұсыну арқылы жүзеге асырылады.
      Қаржылық және қаржылық емес қолдау шараларын ұсыну жобаларын Қазақстан Республикасының аумағында іске асыратын, Кеден одағына қатысушы елдер кәсіпкерлерінің қатысуымен жаңадан құрылған және штат санының кемінде 80 %-ына Қазақстан Республикасының азаматтарын жалдауды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының резиденттері – жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасының шекара маңындағы аумақтарында жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылық және қаржылық емес қолдау шараларын ұсыну мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
      1) өндірістер/көрсетілетін қызметтер кәсіпорындарын құру үшін Кеден одағына қатысушы елдердің кәсіпкерлік әлеуетін тарту;
      2) жобаларын экономиканың басым секторларында іске асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің санын ұлғайту;
      3) тауарлардың Кеден одағының шегінен тыс экспортын ұлғайту және бәсекелес орта құру үшін шекара маңындағы аумақтарда өндірістерді/көрсетілетін қызметтер кәсіпорындарын кеңейту;
      4) жобаларын шекара маңындағы аумақтарда іске асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бизнесін кеңейту.
      Жоғарыда көрсетілген бағыттарды іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының шекара маңындағы аумақтарында жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдаудың Бағдарламада көзделген құралдары қолданылатын болады.»;
      «Бірінші бағыт: жаңа бизнес бастамаларды қолдауда»:
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бағдарламаны іске асырудың бірінші бағытының шеңберінде мемлекеттік қолдау мыналарды қамтиды:
      жобаларды іске асыру үшін Банктердің/Даму Банкінің/Лизингтік компаниялардың кредиттері/Қаржы лизингі шарттары бойынша номиналды сыйақы ставкасын субсидиялау;
      Банктердің/Даму Банкінің жобаларды іске асыруға бағытталған кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру;
      өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту;
      мемлекеттік гранттар беру.»;
      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мыналар:
      1) акцизделетін тауарларды/өнімді шығаруды жүзеге асыратын;
      2) Даму Банкін қоспағанда, Мемлекеттік даму институттары тікелей кредиторы болып табылатын;
      3) жобаларын металлургия өнеркәсібінде іске асыратын, минералдық шикізатты қайта өңдеуді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1771 қаулысына сәйкес Мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген;
      4) қаржы институттары беретін кредиттер/лизинг, сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрлігінің бағдарламалары шеңберінде қаржылай қолдау алатын кәсіпкерлер Бағдарламаның бірінші бағытының қатысушылары бола алмайды.»;
      алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жоба ӨҮК-ке шығарылғанға дейін кемінде 6 ай бұрын алынған қарыздарды/Қаржы лизингі шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған, Бағдарламаның бірінші бағытының өлшемдеріне сәйкес келетін кредиттер де субсидиялауға жатады.»;
      «Банктердің кредиттері бойынша пайыздық ставканы субсидиялау
      Пайыздық ставканы субсидиялау шарттарында»:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Банктердің/Даму Банкінің/Лизингтік компаниялардың кредиттері/Қаржы лизингі шарттары бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау
      Сыйақы ставкасын субсидиялау шарттары»;
      «Пайыздық ставканы субсидиялау шарттарында»:
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Сыйақы ставкасын субсидиялау жүзеге асырылатын кредиттің (кредиттердің)/Қаржы лизингі шартының (шарттарының) сомасы бір Кәсіпкер үшін 1,5 млрд. теңгеден аспауы тиіс. Бұл ретте, бір Кәсіпкер үшін кредиттің (кредиттердің)/Қаржы лизингі шартының (шарттарының) сомасы онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиті (кредиттері) бойынша берешек есепке алынбай есептеледі.»;
      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Егер кредит/Қаржы лизингі шартының сомасы 1,5 млрд. теңгеден асса, бірақ 4,5 млрд, теңгеден аспаса, онда Қаржы агенті ӨҮК-тен шешімі мен құжаттарды алғаннан кейін Кәсіпкер туралы ақпаратты қарауды жүзеге асырады, жобаға экономикалық талдау жүргізеді және Субсидиялау/Субсидияламау мүмкіндігі туралы ұсыным дайындайды да келісу үшін материалдарды Жұмыс органына жібереді.
      Егер:
      1) жобаны іске асыру кезінде Кәсіпкер қазіргі жұмыс орындарына қатысты кемінде 10 % тұрақты жаңа жұмыс орындарын құрмаса;
      2) Кәсіпкердің жобасы Бағдарлама өлшемдеріне сәйкес келмесе, Жұмыс органы Субсидиялаудан бас тартады.»;
      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Субсидиялау мерзімі кейіннен 10 (он) жылға дейін (Қаржы лизингі шарты бойынша 5 (бес) жылға дейін) ұзарту мүмкіндігімен 3 (үш) жылға дейінгі мерзімді құрайды. 3 (үш) жыл өткен соң Субсидиялау шартының әрекет ету мерзімін ұзарту Кәсіпкерлерге тиісті жылы субсидия беру үшін республикалық бюджеттен субсидиялауға арналған қаражат бөлінген кезде ғана Банк/Даму Банкі/Лизингтік компания қолдаухатының негізінде ӨҮК шешімімен мақұлданады. Субсидиялау шартының әрекет ету мерзімін ұзарту жыл сайын жүзеге асырылады.»;
      мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Кредит бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуге жобаны іске асыруға тікелей қатыспайтын жылжымалы/жылжымайтын мүлік ұсынылған жағдайда, аталған мүлік жобаға өзінің қатысуы ретінде қаралмайды.»;
      бесінші және алтыншы бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «Сыйақы ставкасын субсидиялау 7 %-ын Кәсіпкер төлейтін, ал айырмасын мемлекет өтейтін 14 %-дан аспайтын номиналды сыйақы ставкасы бар Банктердің кредиттері бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ретте Банк:
      1) өтінім беруші бастама жасайтын кредит беру шарттарының өзгеруіне байланысты;
      2) өтінім беруші кредит бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен алынатындарды қоспағанда, кредитпен байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге төлемдерді алмайды.
      Даму Банкінің кредиттері бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау 6 %-ын Кәсіпкер төлейтін, ал айырмасын мемлекет өтейтін номиналды сыйақы ставкасы бар кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ретте Даму Банкі:
      1) өтінім беруші бастама жасайтын кредит беру шарттарының өзгеруіне байланысты;
      2) өтінім беруші кредит бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен алынатындарды қоспағанда, кредитпен байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге төлемдерді алмайды.»;
      жетінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Сыйақы ставкасын субсидиялау Банктердің/Даму Банкінің/Лизингтік компаниялардың 7 %-ын Кәсіпкер төлейтін, ал айырмасын мемлекет өтейтін 14 %-дан аспайтын номиналды сыйақы ставкасы бар Қаржы лизингі шарттары бойынша да жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ретте Банк/Даму Банкі/Лизингтік компания:»;
      тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «Сыйақы ставкасы құбылмалы кредиттер/Қаржы лизингі шарттары да субсидиялауға жатады, бұл ретте, сыйақының пайыздық ставкасы Бағдарламада белгіленген шекті мәндерден асып кеткен жағдайда, осы кредит/лизинг бойынша Субсидиялау шартының қолданысы тоқтатылады.
      Сыйақы ставкасын субсидиялау Банктің жіктелгенге жатпайтын (Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысына сәйкес) және 7 %-ын Кәсіпкер төлейтін, ал айырмасын мемлекет өтейтін 12 %-дан аспайтын номиналды сыйақы ставкасы бар валюталық стандартты кредиттері бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
      Сыйақының номиналды ставкасын субсидиялау Даму Банкі сыйақы ставкасын 11 %-ға дейін төмендететін, оның 6 %-ын Кәсіпкер төлейтін, ал айырмасын мемлекет өтейтін Даму Банкінің валюталық кредиттері бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
      Сыйақы ставкасын субсидиялау жүзеге асырылатын валюталық кредиттер бойынша сомалар бір Кәсіпкер үшін 1,5 млрд. теңгеге баламалы мөлшерден аспауы тиіс.»;
      мынадай мазмұндағы он үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Егер валюталық кредиттер/Қаржы лизингі шарттары бойынша сома
1,5 млрд. теңгеден асса, бірақ 4,5 млрд, теңгеден аспаса, онда Қаржы агенті ӨҮК-тен шешімі мен құжаттарды алғаннан кейін Кәсіпкердің жобасын қарауды жүзеге асырады, жобаға экономикалық талдау жүргізеді және Субсидиялау/Субсидияламау мүмкіндігі жөнінде ұсыным дайындайды да келісу үшін материалдарды Жұмыс органына жібереді.
      Егер:
      1) жобаны іске асыру кезінде Кәсіпкер қазіргі жұмыс орындарына қатысты кемінде 10 % тұрақты жаңа жұмыс орындарын құрмаса;
      2) Кәсіпкердің жобасы Бағдарлама өлшемдеріне сәйкес келмесе, Жұмыс органы Субсидиялаудан бас тартады.»;
      мынадай мазмұндағы он алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
      «Бұл ретте қалпына келтірілетін негізде берілген айналым қаражатын толықтыруға арналған кредит бөлігінде жол беріледі. Негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге арналған кредит шеңберінде айналым қаражатын толықтыруға арналған кредит бөлігі бойынша қалпына келтіру мүмкіндігінің шарттары ӨҮК шешімінде көрсетілуге тиіс.»;
      «Кредиттер бойынша пайыздық ставканы субсидиялау тетігінде»:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Кредиттер/Қаржы лизингі шарттары бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау тетігі»;
      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      «5-1. ӨҮК шешімінің қолданылу мерзімі – Банк/Даму Банкі/Лизингтік компания ӨҮК шешімін алған күннен бастап 3 ай.»;
      «Банктердің кредиттері бойынша кепілдіктер беру
      Банктердің кредиттері бойынша кепілдіктер беру шарттары» жаңа редакцияда жазылсын:
      «Банктердің/Даму Банкінің кредиттері бойынша кепілдіктер беру
      Банктердің/Даму Банкінің кредиттері бойынша кепілдіктер беру шарттары
      1. Кепілдіктер тек жаңа жобаларды іске асыру үшін берілетін кредиттер бойынша, сондай-ақ инвестицияларға, өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған іске асырылатын жобалар бойынша ғана беріледі.
      2. Кепілдік беру жүзеге асырылатын кредиттің (кредиттердің) сомасы бір Кәсіпкер үшін 300 млн. теңгеден аспауы тиіс. Бұл ретте кредиттің (кредиттердің) сомасы бір Кәсіпкер үшін онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиті (кредиттері) бойынша берешек есепке алынбай есептеледі.
      3. Кепілдік мөлшері кредит сомасының 50 %-ынан жоғары болмауы тиіс. Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін кепілдік мөлшері кредит сомасының 70 %-ынан жоғары болмауы тиіс, бұл ретте кредиттің ең жоғары сомасы 20 млн. теңгеден аспауы тиіс.
      4. Кәсіпкерлер үшін кепілдіктер ақылы негізде ұсынылады.
      5. Айналым қаражатын қаржыландыру негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе инвестицияға арналған кредит шеңберінде жүзеге асырылса, кепілдік беру айналым қаражатын толықтыруға берілетін кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін, бірақ кредит сомасының 30 %-ынан аспайды. Сондай-ақ айналым қаражатын 100 % толықтыруға бағытталған 60 млн. теңгеден аспайтын мөлшердегі кредитке кепілдік беруге рұқсат етіледі (жалақы, салықтық және өзге де міндетті төлемдер бойынша есеп айырысулар жүргізуді, кредиттерге, қарыздарға немесе лизинг шарттарына қызметтер көрсету бойынша ағымдағы төлемдерді төлеуді және Өтінім берушінің негізгі қызметін жүзеге асыруына байланыссыз өзге де мақсаттарды қоспағанда).
      6. 60 млн. теңгеден асатын кредиттер бойынша кепілдік алған жағдайда, өтінім беруші Жобаны іске асырудың жалпы құнының 10 %-ынан төмен болмайтын деңгейде өзінің ақша қаражатының Жобаны іске асыруға қатысуын не Жобаны іске асырудың жалпы құнының 20 %-ынан төмен болмайтын деңгейде өзінің жылжымалы/жылжымайтын мүлкімен (оның ішінде қамтамасыз етуге ұсынылған үшінші тұлғалардың мүлкімен) Жобаны іске асыруға қатысуын қамтамасыз етуі тиіс.
      7. Кепілдік беру жүзеге асырылатын кредиттер бойынша Банктердің сыйақы ставкасы 14 %-дан жоғары болмайды. Кепілдік беру жүзеге асырылатын кредиттер бойынша Даму Банкі сыйақысының ставкасы 13 %-дан жоғары болмайды. Бұл ретте, Банк және Даму Банкі:
      1) өтінім беруші бастама жасайтын кредит беру шарттарының өзгеруіне байланыстыларын;
      2) өтінім берушінің кредит бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен өндіріп алынатындарын қоспағанда, кредитпен байланысты комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге төлемдерді алмайды.»;
      «Банктердің кредиттері бойынша кепілдіктер беру тетігі» мынадай редакцияда жазылсын:
      «Банктердің/Даму Банкінің кредиттері бойынша кепілдіктер беру тетігі
      1. Өтінім беруші Банкке/Даму Банкіне кредит алу үшін өтініммен жүгінеді.
      2. Банк/Даму Банкі дербес, Банктің/Даму Банкінің ішкі құжаттарында белгіленген рәсімге сәйкес жобаға кешенді сараптама жүргізеді және өтінім беруші ұсынған кепілді мүліктің бағасы туралы қорытындының негізінде өтінім берушінің қамтамасыз етуінің кепілді құнына бағалау жүргізеді, одан кейін қамтамасыз ету жеткіліксіз болған жағдайда, Қаржы агентінің ішінара кепілдігімен жобаны қаржыландыру не қаржыландырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Банк/Даму Банкі жобаны қаржыландыру бойынша оң шешім қабылдаған жағдайда банк 5 (бес) жұмыс күні ішінде Қаржы агентіне кепілдік беру туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттарды жібереді.
      3. Кепілдік беру туралы оң шешім қабылданған жағдайда, Қаржы агенті Банкке/Даму Банкіне кепілдік беру мүмкіндігі туралы Қаржы агентінің оң шешімі бар хат жібереді.
      4. Банк/Даму Банкі Қаржы агентінің оң шешімі бар хатты алғаннан кейін өтінім берушіге кепілдік берілетін қажетті соманың есебін көрсете отырып, жасалатын кредит шарттары туралы тиісті хат береді.
      5. Банктен/Даму Банкінен хат алғаннан кейін өтінім беруші Банктің/Даму Банкінің қажетті кепілдік мөлшерінің есебі көрсетілген хатын қоса отырып, Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісіне өтініш береді.
      6. Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісі жобаны ӨҮК қарауына шығарады.
      7. ӨҮК жобалардың Бағдарламаның өлшемдеріне сәйкестігін қарастырады және өңірдің басымдықтарына сәйкес кепілдік беру мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдайды. ӨҮК шешімі тиісті хаттамамен ресімделеді.
      8. Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісі ӨҮК хаттамасын/ ӨҮК хаттамасының үзіндісін Қаржы агентіне және тиісті Банктерге/Даму Банкіне жібереді, сондай-ақ өтінім берушіні жобаның ӨҮК-де қаралу нәтижелері туралы хабардар етеді.
      9. Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісінен кәсіпкердің кредитіне ішінара кепілдік берудің келісілгені туралы ӨҮК хаттамасын/ӨҮК хаттамасының үзіндісін алғаннан кейін Қаржы агенті Банкке/Даму Банкіне алдын ала кепілдік хат жібереді.
      10. Банк/Даму Банкі Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісінен ӨҮК хаттамасын/ӨҮК хаттамасының үзіндісін және Қаржы агентінен алдын ала кепілдік хат алғаннан кейін өтінім берушімен кредит шартын, кепіл (кепілдер) шартын (шарттарын) жасасады, олардың көшірмелерін Қаржы агентіне жібереді.
      11. Банк/Даму Банкі мен өтінім беруші арасында тиісті кредит шарты жасалғаннан кейін Банк/Даму Банкі, Қаржы агенті және өтінім беруші кепілдік шартына қол қояды.
      12. Қаржы агенті өтінім берушінің жобасы бойынша кепілдік ұсынғаннан кейін Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісі Қаржы агентіне ақы төлейді.»;
      «Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді гранттық қаржыландыруда:»:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Гранттық қаржыландыру:»;
      «Гранттар беру шарттарында»:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ісін жаңа бастаған жеке кәсіпкерлік субъектілеріне, жас кәсіпкерлерге, әйелдерге, мүгедектер мен оралмандарға (бұдан әрі – Кәсіпкерлер) нысаналы гранттар Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес экономиканың басым секторлары шеңберінде бірегейлігімен және жаңалығымен ерекшеленетін жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі.»;
      «Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту
      Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету шарттарында»:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізуден тұрады әрі шағын және орта бизнестің өндірістерді жаңғырту мен кеңейтуге бағытталған жобалары үшін жекелеген жобалар үшін де, сондай-ақ өнеркәсіп алаңдарын ұйымдастыру шеңберінде де жүзеге асырылуы мүмкін.»;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым бизнес-инкубаторлар үшін де жеткізіледі.»;
      «Бизнес-Насихат:» деген кіші бөлім алынып тасталсын;
      «Екінші бағыт: кәсіпкерлік секторды сауықтыруда»:
      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «борышкерге Банктердің/Даму Банкінің бар кредиттері бойынша (мақұлдау сәтінде) сыйақы ставкасын және жоба мақұлданғаннан кейін туындайтын бір кредиттік желі шеңберінде жаңа берешекті субсидиялау;»;
      алтыншы бөлікте:
      «7.» деген сан алынып тасталсын;
      жетінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «минералдық шикізатты қайта өңдеуді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1771 қаулысына сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібінің кәсіпорындары;»;
      «Банктердің кредиттері бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау шарттары» мынадай редакцияда жазылсын:
      «Банктердің/Даму банкінің кредиттері бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау шарттары
      1. Борышкер Бағдарламаны іске асырудың екінші бағытына қатысуға арналған өтінімді тек 2010 және 2011 жылдарда бере алады.
      2. 2012 жылы Бағдарламаның екінші бағытына қатысуға арналған жобаларды қарауға Банктердің/Даму Банкінің Қаржы агентіне 2011 жылғы
31 желтоқсанға дейін енгізген өтінімдері жатады.
      3. Пайыздық ставканы субсидиялауды жүзеге асыратын кредиттің (кредиттердің) сомасы бір борышкер үшін 4,5 млрд. теңгеден аспайды.
      4. Субсидиялау мерзімі 3 жылдан аспайды.
      5. Қызметтің негізгі түрімен байланысы жоқ коммерциялық жылжымайтын мүлік сатып алуға бағытталған кредиттер бойынша субсидиялау жүзеге асырылмайды.
      6. Сыйақы ставкасын субсидиялау Банктер сыйақы ставкасын 12 %-ға дейін төмендететін, оның 7 %-ын борышкер-кәсіпкер төлейтін, ал 5 %-ын мемлекет өтейтін Банк кредиттері бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ретте, егер қолданыстағы сыйақы ставкасы 12 %-дан төмен болса, Банк кредиттері бойынша сыйақы ставкасын ұлғайтуға тыйым салынады. Сондай-ақ, Банк:
      1) кредит беру шарттарының өтінім берушінің бастамасымен өзгеруіне байланыстыларын;
      2) өтінім берушінің кредит бойынша міндеттемелерін бұзу себебі бойынша алынатындарын қоспағанда, кредитке байланысты ешқандай комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.
      7. Сыйақы ставкасын субсидиялау қазіргі берешекке (мақұлдау сәтінде) және жоба мақұлданғаннан кейін туындайтын бір кредиттік желі шеңберіндегі жаңа берешекке қолданылады.
      8. Негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге және/немесе айналым қаражатын толықтыруға және/немесе кредитті қайта қаржыландыруға берілген кредиттер бойынша субсидиялау жүзеге асырылуы мүмкін.
      9. Сауда желілерінің айналым қаражатын толықтыру үшін алынған кредиттер/кредиттердің бір бөлігі субсидиялауға жатпайды (егер осы шарттарда өзгеше көздемесе).
      10. Сыйақы ставкасын субсидиялау жіктелгенге жатпайтын (Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысына сәйкес), сыйақы ставкасын банктер 10 %-ға дейін төмендететін, оның 5 %-ға дейінгісін борышкер төлейтін, ал 5 %-ын мемлекет өтейтін валюталық кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
      11. Субсидиялар сомасын қаржы агенті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі субсидиялар сомасын аударған күнге белгілеген бағам бойынша теңгемен төлейді.
      12. Сыйақы ставкасы құбылмалы кредиттер де субсидиялауға жатады, бұл ретте сыйақының пайыздық ставкасы Бағдарламада белгіленген шекті мәндерден жоғары асқан жағдайда осы кредит бойынша Субсидиялау шартының қолданысы тоқтатылады.
      13. Оң бағамдық айырма туындаған жағдайда айырма болашақ субсидиялардың есебіне жатқызылады, ал теріс бағамдық айырма жағдайында өтеу қарыз алушыға жүктеледі.
      14. Даму Банкінің кредиттері бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау сыйақы ставкасы 11,5 %-дан аспайтын, оның 6,5 %-на дейінгісін борышкер-кәсіпкер төлейтін, ал 5 %-ын мемлекет өтейтін кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ретте, егер қолданыстағы сыйақы ставкасы 11,5 %-дан төмен болса, Даму Банкінің кредиттері бойынша сыйақы ставкасын ұлғайтуға тыйым салынады. Сондай-ақ, Даму Банкі:
      1) кредит беру шарттарының өтінім берушінің бастамасымен өзгеруіне байланыстыларын;
      2) өтінім берушінің кредит бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен алынатындарды қоспағанда, кредитке байланысты қандай да бір комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер алмайды.
      15. Сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау Даму Банкі сыйақы ставкасын 9,5 %-ға дейін төмендететін Даму Банкінің валюталық кредиттері бойынша жүзеге асырылады, оның ішінде 4,5 %-на дейінгісін борышкер төлейді, ал 5 %-ын мемлекет өтейді.
      16. Қолданыстағы кредиттерге Банктер/Даму Банкі 2010 жылғы 1 қаңтарға дейін берген, Бағдарламаның екінші бағытының өлшемдеріне сәйкес келетін кредиттер жатады.»;
      «Екінші бағытты іске асыру тетігінде»:
      2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Борышкер-кәсіпкер берешегі ең көп Банкке/Даму Банкіне (егер борышкердің бірнеше банкке берешегі бірдей болса, ол өз таңдауы бойынша олардың біреуіне жүгінеді) сауықтыруға арналған өтінішімен барады, оған мыналар қоса беріледі:»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Борышкер-кәсіпкерден сауықтыруға өтініш алған Банк/Даму Банкі үш күн ішінде бұл туралы ҚҚҚ мен Қаржы агентін хабардар етеді.»;
      7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Қаржы агенті борышкер туралы деректерді жинауды және өңдеуді жүзеге асырады, оны субсидиялау бойынша ұсыным әзірлейді және барлық материалды Жұмыс органына жібереді.
      8. Жұмыс органы Жоспарларды кредиторлар комитетімен келіскен Бағдарламаға әлеуетті қатысушылардың материалдарын Жұмыс тобының қарауына жедел түрде шығарады.»;
      1011 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Субсидиялау жүзеге асырылатын кредиттің (кредиттердің) қаражаты экономиканың басым секторларындағы қызметке жіберілген жағдайда, Банкпен/Даму Банкімен немесе Кредиторлар комитетімен келісілген Жоспар және кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктерінің салалық қорытындысы бар болса, Жұмыс тобы немесе Мемлекеттік комиссия борышкердің Банктердің/Даму Банкінің кредиттері бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау жөніндегі сауықтыру бағдарламасына қатысуын тиісті хаттамамен мақұлдайды.
      11. Жұмыс тобы мақұлдаған жағдайда, борышкер-кәсіпкер әрбір кредитормен борыштық міндеттемелер бойынша шартты қайта жасасады, онда мынадай талаптар айқындалады: кредиттер бойынша сыйақы ставкасы 12 % деңгейінде тіркеледі, оның 7 %-ын борышкер-кәсіпкер төлейді, ал 5 %-ын мемлекет өтейді.
      12. Жұмыс тобы немесе Мемлекеттік комиссия мақұлдаған жобалар бойынша Банк/Даму Банкі, қатысушы және қаржы агенті арасында субсидиялау шарты жасалады, соның шеңберінде қаржы агенті мен Бағдарламаға қатысушы Банкке/Даму Банкіне сыйақы ставкасының тиісті бөлігін төлейді.»;
      13-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Мемлекеттік комиссия борышкер-кәсіпкердің Бағдарламаға қатысуын тиісті хаттамамен:»;
      «Үшінші бағыт: Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендетуде»:
      бірінші және екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «Кредиттік міндеттемелер мөлшерінің ұлттық валютаның ауытқуына тәуелділігін және, тиісінше, валюталық тәуекелдердің кредиттік тәуекелдерге ауысуын азайту үшін валюталық пайда алатын кәсіпкерлерге Бағдарлама шеңберінде ұлттық және/немесе шетелдік валютадағы кредиттер/ұлттық валютадағы Қаржы лизингі шарттары бойынша сыйақы ставкасының бір бөлігін субсидиялау түрінде мемлекеттік қолдау көрсетілетін болады.
      Мемлекеттік қолдау Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес қызметін экономиканың басым секторларында (Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 683-од бұйрығымен бекітілген экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) сәйкес жүзеге асыратын Банктерде/Даму Банкінде/Лизингтік компанияларда бар кредиттер/Қаржы лизингі шарттары бойынша номиналды сыйақы ставкасын субсидиялау арқылы көрсетілетін болады.»;
      мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
      «Бағдарламаның үшінші бағытына:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысымен бекітілген Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу мен оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру ережесіне сәйкес 4 және 5 санаттағы «үмітсіз» немесе «күмәнді» деп жіктелгендерді қоспағанда, кәсіпкер Бағдарламаны үйлестірушіге сауалнама-өтініш берердің алдындағы алты айдағы ақшалай пайданың жалпы көлемінің кемінде 10 % мөлшерінде валюталық пайдасы бар;
      2) Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес (Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 683-од бұйрығымен бекітілген экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) сәйкес) қызметін экономиканың басым секторларында жүзеге асыратын кәсіпкерлер қатысушы бола алады.
      Мыналар:
      1) акцизделетін тауарларды/өнімді шығаруды жүзеге асыратын;
      2) Даму Банкінің кредиттерін қоспағанда, Мемлекеттік даму институттары тікелей кредиторы болып табылатын;
      3) жобаларын металлургия өнеркәсібінде іске асыратын, минералдық шикізатты қайта өңдеуді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1771 қаулысына сәйкес Мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген;
      4) қаржы институттары беретін кредиттер/лизинг және Ауыл шаруашылығы министрлігінің бағдарламалары шеңберінде субсидия алатын;
      5) өз қызметін тау-кен өндіру өнеркәсібінде жүзеге асыратын кәсіпкерлер Бағдарламаның үшінші бағытының қатысушылары бола алмайды.»;
      «Бағдарламаның үшінші бағытына қатысушыларды іріктеу өлшемдері» алынып тасталсын;
      «Банктердің/Даму Банкінің/Лизингтік компаниялардың кредиттері/Қаржы лизингі шарттары бойынша пайыздық ставканы субсидиялау шарттарында»:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Банктердің/Даму Банкінің/Лизингтік компаниялардың кредиттері/Қаржы лизингі шарттары бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау шарттары»;
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Сыйақы ставкасын субсидиялау жүзеге асырылатын кредиттің (кредиттердің)/Қаржы лизингі шартының (шарттарының) сомасы бір Кәсіпкер үшін 1,5 млрд. теңгеден аспауы тиіс. Бұл ретте, бір Кәсіпкер үшін кредиттің (кредиттердің)/Қаржы лизингі шартының (шарттарының) сомасы онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиті (кредиттері) бойынша берешек есепке алынбай есептеледі.»;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Егер сыйақы ставкасын субсидиялау жүзеге асырылатын кредит/Қаржы лизингі шартының сомасы 1,5 млрд. теңгеден асса, бірақ 4,5 млрд, теңгеден аспаса, онда Қаржы агенті ӨҮК-тен шешімі мен құжаттарды алғаннан кейін Кәсіпкер туралы ақпаратты қарауды жүзеге асырады, жобаға экономикалық талдау жүргізеді және Субсидиялау/Субсидияламау мүмкіндігі туралы ұсыным дайындайды да барлық материалдарды Жұмыс органына жібереді.
      Егер:
      1) жобаны іске асыру кезінде Кәсіпкер қазіргі жұмыс орындарына қатысты кемінде 10 % тұрақты жаңа жұмыс орындарын құрмаса;
      2) Кәсіпкердің жобасы Бағдарлама өлшемдеріне сәйкес келмесе, Жұмыс органы Субсидиялаудан бас тартады.»;
      екінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «Субсидиялау мерзімі кейіннен 10 (он) жылға дейін (Қаржы лизингі шарты бойынша 5 (бес) жылға дейін) ұзарту мүмкіндігімен 3 (үш) жылға дейінгі мерзімді құрайды. 3 (үш) жыл өткен соң Субсидиялау шартының әрекет ету мерзімін ұзарту