Жайық-Каспий бассейнін суға батқан кемелерден тазарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 мамырдағы № 524 қаулысы

      Каспий теңізінің қазақстандық секторында және Жайық өзенінде кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және су айдындарының экожүйесін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Жайық-Каспий бассейнін суға батқан кемелерден тазарту жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
      2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар:
      1) Іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
      2) жартыжылдық қорытындысы бойынша жылына екі рет, 15 қаңтарға және 15 шілдеге қарай Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне Іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат берсін.
      3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі жартыжылдық қорытындысы бойынша жылына екі рет, 25 қаңтарға және 25 шілдеге қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы жиынтық ақпарат берсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне жүктелсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2013 жылғы 28 мамырдағы
№ 524 қаулысымен  
бекітілген     

Жайық-Каспий бассейнін суға батқан кемелерден тазарту жөніндегі
іс-шаралар жоспары

Р/с №

Іс-шаралар

Аяқталу нысаны

Орындау (іске асыру) үшін жауаптылар

Орындау (іске асыру) мерзімі

Болжанатын шығыстар, млн. теңге

Қаржыландыру көзі

1

2

3

4

5

6

7

1.

Теңізде жүзу қауіпсіздігіне қатер төндіретін кемелер суға батқан жерлерді ескертуші навигациялық белгілермен қамтамасыз ету

ККМ-ге ақпарат

Қорғанысмині

2013 жылғы қазан

62,3

республикалық бюджет

2.

Кемелердің иелеріне, оның ішінде кемелері бар мемлекеттік органдарға кемелер суға батқан жерлердің координаталарын көрсетіп суға батқан кемелер туралы хабарлау

теңізде жүзушілерді ақпараттандыру

Қорғанысмині

2013 жылғы қазан

талап етілмейді

талап етілмейді

3.

Суға батқан кемелерді зерттеуге, оның ішінде оның құнын және көтеру тәсілін анықтау мәніне бюджеттік өтінім дайындау

бюджеттік өтінім

ККМ

2013 жылғы мамыр

талап етілмейді

талап етілмейді

4.

Бюджеттік өтінімді Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізу

РБК қорытындысы

ЭБЖМ
ККМ

2013 жылғы маусым – шілде

талап етілмейді

талап етілмейді

5.

Суға батқан кемелерге зерттеу жүргізу үшін мердігерді анықтау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру

шарт

ККМ

2014 жылғы наурыз

талап етілмейді

талап етілмейді

6.

Суға батқан мүлікті көтеру бойынша, оның ішінде оның құнын және оны көтеру тәсілін анықтау мәніне зерттеу

қорытынды

ККМ

2014 жылғы шілде

126

республикалық бюджет

7.

Суға батқан кемелерді көтеру жөніндегі жобалық құжаттамаға оның қоршаған ортаға әсерін бағалау жөніндегі ілеспе материалдарымен бірге мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу

мемлекеттік экологиялық сараптама

Қоршағанортамині

2014 жылғы қараша

талап етілмейді

талап етілмейді

8.

Суға батқан кемелерді көтеруге бюджеттік өтінім әзірлеу және РБК енгізу

бюджеттік өтінім

ККМ

2015 жылғы ақпан

талап етілмейді

талап етілмейді

9.

Суға батқан кемелер кәдеге жаратылатын жерлерді, сондай-ақ ұсталған және тәркіленген кемелер үшін айлақ ұйымдастыру

пайдалануға беру актісі

Атырау және Маңғыстау облыстарының әкімдіктері

2014 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

талап етілмейді

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:
      ККМ – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
      Қоршағанортамині – Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
      Қорғанысмині – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
      ЭБЖМ – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады