Байланыс формасы

"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 935 қаулысының күші жойылды деп тану және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 667 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 935 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 30, 275-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгеріс пен толықтырулар бекітілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2013 жылғы 2 шілдедегі
№ 667 қаулысымен  
бекітілген     

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгеріс пен толықтырулар

      1. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі № 700 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 27, 290-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      «1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар» деген бөлім:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 16-20-жолмен толықтырылсын:
      «16-20. Жану проблемаларының институты».
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
      3. «Базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 мамырдағы № 511 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 38, 461-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 19-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «

19.

Ғылым комитетінің «Жану проблемаларының институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны

                                                                   ».

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады