Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы" республикалық мемлекеттік мекемесін құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 675 қаулысы

      1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне және «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме) құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі мекемеге қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.
       Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.05.2014 № 441 қаулысымен.
      3. Мекемені қаржыландыру тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
      4. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының мемлекеттік қабылдау комиссиясы объектіні қабылдағаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайының ғимаратын жер учаскесімен қоса сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы ұсынысына келісім берілсін.
      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Мәдениет комитетi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен мүлiктi қабылдау-беру актiсiне қол қойылғаннан кейiн Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайының ғимаратын жер учаскесімен қоса мекеменің теңгеріміне берсiн.
      6. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Мәдениет комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) мекеме жарғысының бекітілуін және оның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсiн.
      7. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1003 қаулысымен;

      2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1193 қаулысымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі);
      3) «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
      1-бөлімде:
      мына:

      «

1.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi, оған ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттiк мекемелердi ескере отырып, оның iшiнде:

1190,5


Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiне ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттiк мекемелер, оның iшiнде:

1021,5

                                                                    »

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      «

1.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi, оған ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттiк мекемелердi ескере отырып, оның iшiнде:

1219,5


Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiне ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттiк мекемелер, оның iшiнде:

1050,5

                                                                   »;

      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      «


Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы

29

                                                                   ».
      Ескерту. 7-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1003; 31.12.2015 № 1193 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      8. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады