Әскери қызметін өткеру кезеңінде әскери қызметші немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оған мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 868 қаулысы.

      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Әскери қызметін өткеру кезеңінде әскери қызметші немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оған мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидалары бекiтiлсiн.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Әскери қызметшi (әскери мiндеттi) қаза тапқан (қайтыс болған), мүгедектігі анықталған немесе ол жарақат алған жағдайда бiржолғы өтемақы төлеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 наурыздағы № 262 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 12, 131-құжат);

      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 тамыздағы № 912 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістердің 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 31, 430-құжат).

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С.Ахметов


  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2013 жылғы 27 тамыздағы
№ 868 қаулысымен
бекiтiлген

Әскери қызметін өткеру кезеңінде әскери қызметші немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оған мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидалары

      Осы Қағидалар "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi – Заң) 51-бабына сәйкес әзiрлендi және әскери қызметін өткеру кезеңінде әскери қызметші немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оған мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу тәртібін (бұдан әрі – Қағидалар) айқындайды.

1. Жалпы ережелер

      1. Әскери қызметшiге, әскери жиындарға шақырылған әскери мiндеттiге (бұдан әрі – әскери міндетті) немесе оны алуға құқығы бар адамдарға бiржолғы өтемақы (бұдан әрі – өтемақы) төлеу:

      1) әскери қызметші – әскери қызметін өткеру кезеңінде, әскери міндетті әскери жиындарға шақырылған не әскери қызметтен шығарылғаннан, әскери жиындар аяқталғаннан кейін әскери қызмет өткеру, әскери жиындардан өту кезеңінде мертігу (жаралану, жарақаттану, контузия алу) немесе науқастану салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған);

      2) әскери қызметшіге немесе әскери мiндеттiге әскери қызметтен шығарылған, әскери жиындар аяқталған күннен бастап бір жыл өткенге дейін олар әскери қызмет өткерген кезеңде, әскери жиындарда болған кезде немесе әскери қызмет міндеттерін орындау, әскери жиындардан өту нәтижесінде мертігуден (жараланудан, жарақаттанудан, контузия алудан), ауырудан туындаған мүгедектік белгіленген;

      3) әскери қызметшілер немесе әскери міндеттілер әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде, әскери жиындарда мүгедектiкке әкеп соқтырмаған ауыр мертіккен (жараланған, жарақаттанған, контузия алған) немесе жеңіл мертіккен жағдайларда жүргізіледі.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 08.08.2018 № 483 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Әскери қызметшіге, әскери мiндеттiге немесе оны алуға құқығы бар адамға өтемақы төлеуді тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар:

      1) Қарулы Күштерде әскери қызметте тұрған немесе әскери қызмет өткерген әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі;

      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында, әскери-тергеу органдарында және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның азаматтық қорғаныс басқару органдары мен әскери бөлімдерінде әскери қызметте тұратын немесе әскери қызмет өткерген әскери қызметшілерге – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі;

      3) Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2014.11.20 № 1215 қаулысымен.

      4) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінде әскери қызметте тұратын немесе әскери қызмет өткерген әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі;

      5) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қарсы барлау және әскери полиция органдарында әскери қызметте тұратын немесе әскери қызмет өткерген әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде әскери қызметте тұратын немесе әскери қызмет өткерген әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі;

      6) әскери прокуратура органдарында әскери қызметте тұратын немесе әскери қызмет өткерген әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жүзеге асырады.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 16.10.2014 N 1098 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2014.11.20 № 1215, 2014.11.28 № 1253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 02.04.2015 № 173 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      3. Өтемақы алу үшін қажетті құжаттар:

      1) Қарулы Күштерде әскери қызметте тұратын немесе әскери қызмет өткерген әскери қызметшілер бойынша – жергілікті әскери басқару органдарына;

      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында және әскери-тергеу органдарында әскери қызметте тұратын әскери қызметшілер бойынша - қызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелерге;

      Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында және әскери-тергеу органдарында әскери қызмет өткерген әскери қызметшілер бойынша - жергілікті әскери басқару органдарына;

      3) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның азаматтық қорғаныс басқару органдары мен бөлімдерінде әскери қызметте тұратын әскери қызметшілер бойынша – қызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелерге;

      азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның азаматтық қорғаныс басқару органдары мен бөлімдерінде әскери қызмет өткерген әскери қызметшілер бойынша – жергілікті әскери басқару органдарына;

      4) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінде әскери қызметте тұратын немесе әскери қызмет өткерген әскери қызметшілер бойынша – қызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелерге;

      5) Шекара қызметінде, әскери қарсы барлау және әскери полиция органдарында әскери қызметте тұратын немесе әскери қызмет өткерген әскери қызметшілер бойынша – қызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелерге;

      6) әскери прокуратура органдарында әскери қызметте тұратын немесе әскери қызмет өткерген әскери қызметшілер бойынша – қызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелерге ұсынылады.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 16.10.2014 N 1098 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2014.11.20 № 1215; 02.04.2015 № 173 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      4. Әскери жиындардан өтетін немесе өткен әскери міндеттілер бойынша өтемақы алу үшін қажетті құжаттар осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген қызмет орны бойынша тиісті құрылымдық бөлімшелерге немесе жергілікті әскери басқару органдарына ұсынылады.

      5. Заңның 51-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда тиiстi құжаттар ресiмделмейдi және өтемақы төленбейдi.

2. Әскери қызметшi (әскери мiндеттi) қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда өтемақы алу үшiн қажеттi құжаттарды беру тәртібі

      6. Әскери қызметші – әскери қызметін өткеру кезеңінде, әскери міндетті әскери жиындарға шақырылған не әскери қызметтен шығарылғаннан, әскери жиындар аяқталғаннан кейін әскери қызмет өткеру, әскери жиындардан өту кезеңінде мертігу (жаралану, жарақаттану, контузия алу) немесе науқастанусалдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда өтемақы алуға құқығы бар адамдар осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген қызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелерге немесе жергілікті әскери басқару органдарына мынадай құжаттарды:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгіленген үлгідегі өтiнiшті;

      2) қайтыс болуы туралы куәлiктiң нотариат растаған көшiрмесiн;

      3) заңнамада белгiленген тәртiппен берiлген мұрагерлiкке құқығы туралы куәлiкті;

      4) өтемақы алуға құқығы бар адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн ұсынады.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 08.08.2018 № 483 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдағаннан кейiн қызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелер немесе жергілікті әскери басқару органдары:

      1) әскери қызметші немесе әскери міндетті ақшалай үлесте тұрған әскери бөлімнен немесе республикалық мемлекеттік мекемеден осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қаза тапқан (қайтыс болған) адамның оқиға сәтіндегі ақшалай үлесінің мөлшерi туралы анықтаманы;

      2) әскери қызметшiнi, әскери міндеттіні бөлiм тiзімдерiнен шығару туралы әскери бөлiм командирiнiң (республикалық мемлекеттік мекеме басшысының) бұйрығынан үзіндіні;

      3) әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты әскери қызметшiнiң немесе әскери мiндеттiнiң қаза табуын (қайтыс болуын) тексеру материалдарын;

      4) әскери қызметтен шығарылғаннан, әскери жиындар аяқталғаннан кейiн қайтыс болған адамдарға қатысты әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысын (қаулысын) сұратады.

3. Әскери қызметшiге немесе әскери мiндеттiге мүгедектік белгіленген жағдайда өтемақы алу үшiн қажеттi құжаттарды беру тәртібі

      8. Әскери қызмет өткеру кезеңінде келісімшарт бойынша әскери қызметшiге мүгедектiк белгіленген жағдайда ол осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген қызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелерге немесе жергілікті әскери басқару органдарына мынадай құжаттарды:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгiленген үлгідегі өтiнiшті;

      2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті аумақтық органының мүгедектiгі туралы анықтамасының нотариат растаған көшiрмесiн;

      3) мүгедектiгі әскери қызмет өткеру кезеңiнде мертігуден (жараланудан, жарақаттанудан, контузия алудан), ауырудан туындағанын растайтын әскери-дәрiгерлiк комиссия қорытындысының (қаулысының) нотариат растаған көшiрмесiн ұсынады.

      9. Қызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелер немесе жергілікті әскери басқару органдары осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдағаннан кейін әскери қызметші ақшалай үлесте тұрған әскери бөлімнен немесе республикалық мемлекеттік мекемеден осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқиға сәтіндегі ақшалай қаражатының мөлшері туралы анықтаманы сұратады.

      10. Келісімшарт бойынша әскери қызметшіге әскери қызмет міндеттерін орындау нәтижесінде мертігуден (жараланудан, жарақаттанудан, контузия алудан), ауырудан туындаған мүгедектік белгіленген жағдайда әскери қызметтен шығарылғаннан кейін бір жыл өткенге дейін ол осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген қызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелерге немесе жергілікті әскери басқару органдарына мынадай құжаттарды:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгіленген үлгідегі өтінішті;

      2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті аумақтық органының мүгедектiгі туралы анықтамасының нотариат растаған көшiрмесiн;

      3) мүгедектiгі әскери қызмет өткеру кезеңiнде мертігуден (жараланудан, жарақаттанудан, контузия алудан), ауырудан туындағанын растайтын әскери-дәрiгерлiк комиссия қорытындысының (қаулысының) нотариат растаған көшiрмесiн ұсынады.

      11. Қызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелер немесе жергілікті әскери басқару органдары осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдағаннан кейін:

      1) әскери қызметші ақшалай үлесте тұрған әскери бөлімнен немесе республикалық мемлекеттік мекемеден осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедектік белгіленген күні шығарылған сәттегі соңғы атқарған лауазымы бойынша ақшалай қаражатының мөлшері туралы анықтаманы;

      2) әскери қызметшіні бөлім тізімдерінен шығару туралы әскери бөлім командирінің (республикалық мемлекеттік мекеме басшысының) бұйрығынан үзіндіні сұратады.

      12. Әскери қызмет өткеру кезеңінде мерзімді қызмет әскери қызметшілеріне, стипендия алатын әскери оқу орындарының (әскери факультеттердің) курсанттарына, әскери жиындарда болған кезеңде әскери міндеттілерге мүгедектік белгіленген жағдайда олар осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген қызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелерге немесе жергілікті әскери басқару органдарына мынадай құжаттарды:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгіленген үлгідегі өтінішті;

      2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті аумақтық органының мүгедектiгі туралы анықтамасының нотариат растаған көшiрмесiн;

      3) мүгедектiгі әскери қызмет өткеру, әскери жиындардан өту кезеңiнде мертігуден (жараланудан, жарақаттанудан, контузия алудан), ауырудан туындағанын растайтын әскери-дәрiгерлiк комиссия қорытындысының (қаулысының) нотариат растаған көшiрмесi ұсынады.

      13. Қызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелер немесе жергілікті әскери басқару органдары осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдағаннан кейін:

      1) мерзімді қызмет әскери қызметшілеріне, стипендия алатын әскери оқу орындарының (әскери кафедралардың) курсанттарына – әскери бөлімнен немесе республикалық мемлекеттік мекемеден әскери қызмет өткергені туралы анықтаманы;

      2) әскери міндеттілерге – әскери бөлімнен немесе республикалық мемлекеттік мекемеден әскери жиындардан өткені туралы анықтаманы сұратады.

      14. Мерзімді қызмет әскери қызметшiлеріне, стипендия алатын әскери оқу орындарының (әскери факультеттердің) курсанттарына әскери қызмет міндеттерін орындау нәтижесінде мертігуден (жараланудан, жарақаттанудан, контузия алудан), ауырудан туындаған мүгедектік белгіленген жағдайда әскери қызметтен шығарылғаннан кейін бір жыл өткенге дейін олар осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген қызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелерге немесе жергілікті әскери басқару органдарына мынадай құжаттарды:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгіленген үлгідегі өтінішті;

      2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті аумақтық органының мүгедектiгі туралы анықтамасының нотариат растаған көшiрмесiн;

      3) мүгедектiгі әскери қызмет өткеру кезеңiнде мертігуден (жараланудан, жарақаттанудан, контузия алудан), ауырудан туындағанын растайтын әскери-дәрiгерлiк комиссия қорытындысының (қаулысының) нотариат растаған көшiрмесiн ұсынады.

      15. Қызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелер немесе жергілікті әскери басқару органдары осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдағаннан кейін:

      1) мерзімді қызмет әскери қызметшілеріне, стипендия алатын әскери оқу орындарының (әскери кафедралардың) курсанттарына – әскери қызметшіні бөлім тізімдерінен шығару туралы әскери бөлім командирінің (республикалық мемлекеттік мекеме басшысының) бұйрығынан үзіндіні;

      2) әскери міндеттілерге – әскери бөлімнен немесе республикалық мемлекеттік мекемеден әскери жиындардан өткені туралы анықтаманы сұратады.

4. Әскери қызметшiлер немесе әскери мiндеттілер мүгедектiкке әкеп соқтырмаған мертіккен (жараланған, жарақаттанған, контузия алған) жағдайда өтемақы алу үшiн құжаттарды беру тәртібі

      16. Әскери қызметшi немесе әскери мiндеттi әскери қызмет мiндеттерiн орындау кезінде, әскери жиындарда мүгедектiкке әкеп соқтырмаған мертіккен (жараланған, жарақаттанған, контузия алған) жағдайда олар осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген қызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелерге немесе жергілікті әскери басқару органдарына мынадай құжаттарды:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгіленген үлгідегі өтінішті;

      2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мертігудің (жараланудың, жарақаттанудың, контузия алудың) ауырлық (ауыр немесе жеңiл) дәрежесі туралы әскери-дәрiгерлiк комиссияның анықтамасын ұсынады.

      17. Қызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелер немесе жергілікті әскери басқару органдары осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдағаннан кейін:

      1) әскери қызмет мiндеттерiн орындау (әскери жиындардан өту) кезiнде мертігу (жаралану, жарақаттану, контузия алу) салдарын тексеру материалдарын;

      4) келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге – осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әскери қызметші ақшалай үлесте тұрған әскери бөлімнен немесе республикалық мемлекеттік мекемеден оқиға сәтіндегі ақшалай қаражатының мөлшері туралы анықтаманы сұратады.

5. Өтемақы төлеу тәртiбi

      18. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген қызметі бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелер немесе жергілікті әскери басқару органдары осы Қағидалардың 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17-тармақтарында көрсетiлген құжаттарды қабылдағаннан кейін келіп түскен күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде оларды осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген тиісті уәкілетті мемлекеттік органдарға жолдайды.

      Осы Қағидалардың 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17-тармақтарында көрсетiлген барлық қажетті құжаттарды алған күнінен бастап eкі ай iшiнде Заңда белгіленген мөлшерде әскери қызметшiлерге, әскери мiндеттiлерге не оны алуға құқығы бар адамдарға өтемақы төлеу жүзеге асырылады.

      19. Әскери қызметші қаза тапқан (қайтыс болған), оған мүгедектік белгіленген, әскери қызмет кезеңінде мертіккен (жараланған, жарақаттанған, контузия алған) жағдайларда өтемақы есептеу кезінде өтемақы мөлшері оқиға болған сәтте соңғы атқарған лауазымы бойынша ақшалай қаражат мөлшерін ескере отырып есептеледі.

      20. Заңда көзде