"Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № 878 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С.Ахметов

«Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 25-26, 185-құжат; 2011 ж., № 3-4, 39-құжат; 2012 ж., № 9, 171-құжат; № 47, 626-құжат; 2013 ж. № 11, 200-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік бағдарламалар тізбесі:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 7 және 8-жолдармен толықтырылсын:
       «

7.

Діни экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарлама

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы

2013 жылғы 1 тамызға дейін

2013-2017 жылдар

2013 жылғы 1 қыркүйекке дейін

8.

Құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғыртудың мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы

2013 жылғы 1 шілдеге дейін

2014-2020 жылдар

2013 жылғы 1 тамызға дейін

                                                                 ».

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады