"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 қыркүйектегі № 933 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      С. Ахметов

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бюджет заңнамасын жетiлдiру мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14 72-құжат; 2013 жылғы 11 шілдедегі «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2013 жылғы 11 шілдедегі «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жаңа түрлерін енгізу және олардың қолданылу салаларын кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) мазмұнында:
      8-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8-тарау. Бюджеттік инвестициялар және концессиялық жобалар»;
      30, 31-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
      «30-тарау. Бюджеттік инвестицияларды және концессиялық жобаларды жоспарлау»;
      «31-тарау. Бюджеттік инвестицияларды және концессиялық жобаларды жүзеге асыру»;
      151, 152, 153, 154, 155-2-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
      «151-бап. Бюджеттік инвестициялар және концессиялық жобалар туралы жалпы ережелер
      152-бап. Инвестициялық ұсыныстарды әзiрлеу
      153-бап. Бюджеттiк инвестициялық жобаларды жоспарлау
      154-бап. Мемлекеттiң заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы бюджеттiк инвестицияларды жоспарлау»;
      «155-2-бап. Концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын  әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу»;
      2) 3-баптың 1-тармағында:
      16), 17) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «16) бюджеттік инвестициялар – бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға және/немесе ұлғайтуға, мемлекеттің активтерін құруға бағытталған республикалық немесе жергілікті бюджеттен қаржыландыру;
      17) бюджеттік инвестициялық жоба – бюджеттік бағдарлама әкімшісінің тікелей белгілі бір уақыт кезеңі ішінде бюджет қаражаты есебінен іске асыратын және аяқталған сипатқа ие жаңа объектілерді жасауға (салуға) не қазіргі объектілерді реконструкциялауға, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді құруға, енгізуге және дамытуға бағытталған іс-шаралар жиынтығы;»
      мынадай мазмұндағы 17-3) тармақшамен толықтырылсын:
      «17-3) заңды тұлғаның жарғылық капиталын қалыптастыру және/немесе ұлғайту арқылы бюджеттік инвестициялар – заңды тұлғаның жарғылық капиталын қалыптастыру және/немесе республикалық немесе жергілікті бюджеттен ұлғайту арқылы қызметін дамытуға және кеңейтуге бағытталған іс-шараларды іске асыру;»;
      30), 30-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «30) инвестициялық ұсыныс – бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері әзірлейтін тиісті іс-шаралар жиынтығын қоса алғанда, стратегиялық мақсатқа қол жеткізу жолдарын және ықтимал қаржыландыру тәсілдерін көрсететін, салалық (cекторалдық) және (немесе) өңірлік ауқымда мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асырудың орындылығын негіздейтін жобаның тұжырымдамасы;
      30-1) инвестициялық ұсыныстың экономикалық қорытындысы – салалық сараптаманың қорытындысы және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес талап етілетін сараптамалардың басқа да қорытындылары негiзінде жүргiзiлетiн, пайдалар мен шығындар талдауын пайдалана отырып, инвестициялық ұсыныста берілген ақпаратты кешенді бағалау;»;
      мынадай мазмұндағы 30-2) тармақшамен толықтырылсын:
      30-2) концессиялық жоба – Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамалық актісіне сәйкес шектеулі уақыт кезеңі ішінде іске асырылатын және аяқталған сипатқа ие концессияны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жиынтығы;»;
      3) 4-бапта:
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) нәтижелілік қағидаты – мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында және/немесе бюджеттік бағдарламаларында көзделген тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге бағдарланған бюджетті әзірлеу және атқару;»;
      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «14) бюджет қаражатының атаулылық және нысаналы сипаты қағидаты – бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтай отырып, бюджет қаражатын мемлекеттік органдарының стратегиялық жоспарларында және/немесе бюджеттік бағдарламаларында, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталына қатысу арқылы бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемелерінде көзделген нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағыттауы және пайдалануы.»;
      4) 32-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Бюджеттік бағдарламаларды бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі әзірлейді және мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық және (немесе) жергiлiктi уәкiлеттi органдармен келісім бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бұйрығымен бекітіледі.
      Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жоспарлы кезеңге арналған жоспарланатын бюджет қаражатының көлемдері, нәтижелілік және тиімділік көрсеткіштері бар бюджеттік бағдарламаларды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен әзірлейді.»;
      мынадай мазмұндағы 5-1, 5-2-тармақтармен толықтырылсын:
      «5-1.Төмен тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы трансферттер бойынша бюджеттік бағдарлама нәтижесінің көрсеткіштері жоғары тұрған бюджеттен нысаналы трансферттер есебінен іс-шараларды іске асыруға бағытталған тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламалар бойынша көрсетіледі.
      5-2. Әрбір бюджеттік бағдарламаға бюджеттік бағдарламаның жоспарлануы мен орындалуын қамтамасыз ететін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің лауазымды адамы – бюджеттік бағдарламаның жетекшісі бекітіледі.
      Бюджеттік бағдарламаның жетекшісі бюджеттік бағдарламаны сапасыз жоспарлағаны және нәтижелерге қол жеткізбегені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.»;
      5) 37-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «37-бап. Бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалар
      Бюджеттік инвестициялар бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру және заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы жүзеге асырылады.»;
      6) 44-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттердiң нысаналы мақсатқа сай пайдаланылмаған сомалары мемлекеттiк қаржылық бақылау органының актiсiне сәйкес осы трансферттер мен кредиттердi бөлген жоғары тұрған бюджетке Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен бақылау актiсiне қол қойылғаннан кейiн үш айдан кешіктірілмей, міндетті түрде қайтарылуға жатады.»;
      7) 45-бап мынадай мазмұндағы 4-1, 4-2-тармақтармен толықтырылсын:
      «4-1. Жалпы сипаттағы трансферттер көлемдері туралы заңға (облыстық мәслихат шешіміне) мыналар:
      жергілікті бюджеттен экономиканың әлеуметтік маңызы бар секторларының жекелеген іс-шараларын қаржыландырудың ең төменгі көлемдерінің тізбесі;
      қаржыландыру көлемдерін көрсете отырып, облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана бөлінісіндегі жалпы сипаттағы трансферттер көлемдерін айқындау кезінде жергілікті бюджеттер шығыстарының базасына қосымша енгізілген іс-шаралар тізбесі қоса беріледі.
      4-2. Жергілікті атқарушы органдар жалпы сипаттағы трансферттер көлемдері туралы заңда (облыстық мәслихат шешімінде) белгіленгеннен төмен көлемдерде жергілікті бюджеттен экономиканың әлеуметтік маңызы бар секторларының жекелеген іс-шараларын қаржыландырған жағдайда, белгіленген сома мен өткен қаржы жылының қорытындылары бойынша төленген сома арасындағы айырма жоғары тұрған бюджетке ағымдағы қаржы жылының 1 наурызынан кешіктірілмей қайтарылуға жатады.
      Жергілікті атқарушы органдар жалпы сипаттағы трансферттер көлемдері туралы заңда (облыстық мәслихат шешімінде) белгіленгеннен төмен көлемдерде жергілікті бюджеттен экономиканың әлеуметтік маңызы бар секторларының жекелеген іс-шараларын қаржыландырған жағдайда, облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан, облыстық маңызы бар қала әкімі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.»;
      8) 46-бапта:
      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      «5-1. Жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджеттерге нысаналы даму трансферттері бюджеттік инвестицияларды төмен тұрған бюджеттен қоса қаржыландырған жағдайда бөлінеді.»;
      10-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен немесе жергілікті атқарушы органдар резервтерінен нысаналы трансферттер түрінде қаражат бөлінген жағдайда, Нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісім жасалмайды.»;
      9) 53-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) осы баптың 1-тармағында көрсетілген бағыттар бойынша бюджеттiк инвестициялық жобаларға, Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерін орындауға, халықаралық ынтымақтастыққа, қолданбалы ғылыми зерттеулерге және нормативтік-әдістемелік қамтамасыз етуге;»;
      10) 54-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) осы баптың 1-тармағында көрсетілген бағыттар бойынша бюджеттiк инвестициялық жобаларға, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерін орындауға;»;
      11) 55-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) осы баптың 1-тармағында көрсетілген бағыттар бойынша бюджеттiк инвестициялық жобаларға, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерін орындауға;»;
      12) 56-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) осы баптың 1-тармағында көрсетілген бағыттар бойынша бюджеттiк инвестициялық жобаларға, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерін орындауға;»;
      13) 58-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері және жаңа бастамаларға арналған лимиттер бойынша ұсыныстар әзірлеу;»;
      14) 62-бапта:
      2-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
      4-тармақта:
      үшінші бөлік алып тасталсын;
      бесінші бөлікте «аудан (облыстық маңызы бар қала ) бюджетінен» деген сөздер «жергілікті бюджеттен» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақ алып тасталсын;
      6-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
      15) 63-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Операциялық жоспар бюджеттік бағдарламалар нәтижелерінің көрсеткіштерімен өзара байланыста стратегиялық жоспарға сәйкес мемлекеттік органның ағымдағы қаржы жылындағы нақты іс-қимылдарын, мемлекеттік орган қызметінің мақсаттарына, міндеттері мен нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізу жөніндегі іс-шаралардың жауапты орындаушылары мен оларды жүзеге асыру мерзімдерін қамтитын құжат болып табылады.»;
      16) мынадай мазмұндағы 65-1-баппен толықтырылсын:
      «65-1-бап. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері, жаңа бастамаларға арналған лимиттер Бюджет шығыстарының лимиттерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар елдің (өңірдің) әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамды көрсеткіштері мен республикалық және жергілікті бюджеттердің, бюджеттік шығыстарды жұмсаудың басым бағыттары, жоспарлы үшжылдық кезеңге арналған тиісті бюджет тапшылығының мөлшері негізінде қалыптастырады.
      Шығыстар лимиттері бюджеттік бағдарламалардың әрбір әкімшісі үшін белгіленеді.
      Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері тиісті бюджет комиссиясының ұсынысын ескере отырып айқындалады.
      Бюджет комиссиясы мақұлдаған шығыстар лимиттері ағымдағы жылдың 1 мамырына дейін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің назарына жеткізіледі.
      Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін айқындау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.»;
      17) 66-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «66-бап. Бюджет шығыстарын жоспарлау үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ұсынатын құжаттар
      1. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджет шығыстарын жоспарлау үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік өтінімдерді және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын ұсынады.
      2. Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдарға бюджеттік өтінімдерді және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын ұсынады.
      3. Осы бапта көрсетілген құжаттардың нәтижелеріне бағалау жүргізілген жағдайда бағалау нәтижелері қоса беріледі.»;
      18) 67-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Бюджеттік өтінім бюджет шығыстары лимиттерінің негізінде және шегінде жасалады.»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Тұрақты сипаттағы шығыстар, күрделі шығыстар, сондай-ақ басталған (жалғасатын) бюджеттік инвестициялық жобалардың және концессиялық жобалар бойынша қабылданған мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді орындау шығыстары базалық шығыстар болып табылады.»;
      6-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «4-1) ағымдағы қаржы жылының бірінші тоқсанының қорытындылары бойынша нысаналы даму трансферттерін қоса алғанда, бюджеттік инвестициялық жобалар мониторингінің қорытындылары жөніндегі есеп;»;
      мынадай мазмұндағы 12-1) тармақпен толықтырылсын:
      «12-1. Бюджеттік өтінімнің негізділігі және бюджеттік өтінімге қатысты есептеулердің дұрыстығы үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің басшысы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
      Нысаналы салым салуға бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімнің негізділігі және бюджеттік өтінімге қатысты есептеулердің дұрыстығы үшін дербес білім беру ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.»;
      19) 68-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «68-бап. Стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар жобаларын, бюджеттік бағдарламалар жобаларын және бюджеттік өтінімдерді қарау
      1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган есепті қаржы жылындағы бюджеттің атқарылуын талдау нәтижелерін, сондай-ақ жетекшілік ететін саладағы/аядағы стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және оларды іске асыру және бюджет қаражатын басқару бойынша мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін ескере отырып:
      1) стратегиялық жоспарлар жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобаларын олардың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамасына сәйкес келуі тұрғысынан;
      2) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін олардың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, қолданыстағы заттай нормаларға және стратегиялық жоспарлар жобаларына немесе стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобаларына сәйкес келуі тұрғысынан;
      3) стратегиялық жоспарлар әзірлейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалар жобаларының көрсеткіштерін олардың стратегиялық мақсаттармен, стратегиялық бағыттардың міндеттерімен өзара байланысы тұрғысынан;
      4) стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары жобаларының көрсеткіштерін олардың бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларына, өкілеттіктеріне, қызметінің бағыттарына сәйкес келуі тұрғысынан қарайды.
      2. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті атқарушы орган есепті қаржы жылында бюджеттің атқарылуын талдау және бюджет қаражатын басқару жөніндегі мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелерін ескере отырып:
      1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін олардың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, аумақтарды дамыту бағдарламасының көрсеткіштеріне және қолданыстағы заттай нормаларға сәйкестігі тұрғысынан;
      2) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын олардың бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларына, өкілеттіктеріне, қызметінің бағыттарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.
      3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар стратегиялық жоспарлар жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік өтінімдерді, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын қарау қорытындылары бойынша стратегиялық жоспарлар жобалары немесе стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобалары және бюджеттік өтінімдер бойынша қорытындыларды қалыптастырады және оларды тиісті бюджет комиссиясының қарауына жібереді.
      4. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар арасындағы келіспеушіліктерді тиісті бюджет комиссиясы қарайды. Тиісті бюджет комиссиясы осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарында көрсетілген материалдарды қарайды және олар бойынша ұсыныстар әзірлейді.
      5. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджет комиссиясының ұсыныстарына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдарға пысықталған стратегиялық жоспарлар жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік бағдарламалар жобаларын және бюджеттік өтінімдерді ұсынады.
      6. Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдарға пысықталған бюджеттік бағдарламалар жобаларын және бюджеттік өтінімдерді ұсынады.»;
      20) 75-баптың 1-тармағының үшінші бөлігінде:
      2) тармақша алып тасталсын;
      2-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2-1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалар жобаларын;»;
      21) 76-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Негізділік қағидаты депутаттардың бюджет жобасына өзгерістер немесе толықтырулар енгізу туралы кез келген ұсыныстары осы түзетулерді енгізу қажеттілігін, оларға тиісті есеп-қисаптар мен аумақтарды дамыту бағдарламаларының көрсеткіштерін, сондай-ақ бюджеттік бағдарламаларда көзделген көрсетіштерді түзету жөніндегі ұсыныстарды қоса бере отырып, олардың әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарына сәйкестігін жазбаша баяндаумен сүйемелденуі тиіс екендігін білдіреді.»;
      22) 77-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Республикалық бюджет туралы заң жобасын Қазақстан Республикасының Парламентінде қарау кезінде стратегиялық жоспарлар әзірлейтін орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшылары стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын комитеттер мен жұмыс топтарында қорғауды қамтамасыз етеді.»;
      23) 79-бапта:
      2-тармақта:
      екінші бөліктің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді республикалық бюджеттен қаржыландыруды талап ететін жоспарлы кезеңге арналған концессиялық жобалардың тізбесі;»;
      үшінші бөліктің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді жергілікті бюджеттен қаржыландыруды талап ететін жоспарлы кезеңге арналған концессиялық жобалардың тізбесі;»;
      24) 84-бапта:
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары;»;
      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «6-1) бюджеттік бағдарламалар;»;
      25) 88-бапта:
      1-тармақтың 8) тармақшасындағы «жүргізумен (жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шоты) байланысты операцияларды есепке алуға арналады.» деген сөздер «жүргізумен (жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шоты) байланысты;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
      «9) Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыздар туралы халықаралық шарттарға немесе байланысты гранттар туралы шарттарға сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотынан (бұдан әрі – сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастау шоты) ұлттық валютаға қайта айырбасталатын үкіметтік сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар ақшаларын есепке жазуға және жұмсауға байланысты операцияларды есепке алуға арналған.»;
      2-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Ақшаны бір мемлекеттік мекеменің кодынан екінші мемлекеттік мекеменің кодына аударуға жол берілмейді.»;
      26) 89-баптың 1-тармағының 2), 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыздар туралы халықаралық шартта немесе байланысты гранттар туралы келісімде айтылған, екінші деңгейдегі банкте немесе бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда шетел валютасында ашылатын, үкіметтік сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың аванстық төлемдері арқылы жаңартылатын сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шоты;
      3) ұлттық (шетелдік) валютамен төлемдерді жүзеге асыру үшін екінші деңгейдегі банкте немесе бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылатын сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына арналған шот;»;
      27) 91-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына және сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына арналған шоттарға түсетін түсімдерді қоспағанда, бюджетке шетел валютасымен түсетін, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шетел валютасымен бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның шотына есепке жазылған түсімдер қайта айырбасталуға және бірыңғай қазынашылық шотқа есепке жазылуға тиіс.»;
      28) 98-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Инкассолық өкімдерді бірыңғай қазынашылық шотқа және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ашылған шетел валютасындағы шотқа, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына арналған шоттарға, тиісті бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау және ақшаны уақытша орналастыру, сыртқы қарыздарды немесе байланысты гранттарды қайта айырбастау шоттарына беруге жол берілмейді.»;
      29) 99-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотынан сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың қайта айырбастау шотына ұлттық валютада қайта айырбасталған ақшаны мемлекеттік мекеме бес жұмыс күні ішінде мақсаты бойынша пайдалануға тиіс.
      Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотынан сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына шетелдік валютада қайта айырбасталған ақшаны мемлекеттік мекеме бес жұмыс күні ішінде мақсаты бойынша пайдалануға тиіс.
      Ұлттық немесе шетелдік валютадағы пайдалынылмаған немесе толық пайдаланылмаған ақша көрсетілген мерзім өткен соң ақшасы ұлттық немесе шетелдік валютаға қайта айырбасталған сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына соманы шетелдік валютада кейіннен қалпына келтіре отырып қайта айырбасталуға тиіс.»;
      30) 104-бапта:
      4-тармақтың 5) тармақшасындағы «сомаларын қайтаруға пайдаланылуы мүмкін.» деген сөздер «сомаларын қайтаруға;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      «6) жалпы сипаттағы трансферттер көлемдері туралы заңда (облыстық мәслихаттың шешімінде) белгіленген экономиканың әлеуметтік маңызы бар секторларының жекелеген іс-шараларын жергілікті атқарушы органдардың белгіленген және қаржы жылының қорытындылары бойынша төленген сома арасындағы айырма соманы қайтаруға пайдаланылуы мүмкін.»;
      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
      «6-1. Бюджет қаражаты толық игерілген кезде бюджеттік бағдарламаның нәтижелеріне қол жеткізбегені үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.»;
      31) 105-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Қаржылық - экономикалық негіздемеде көзделген, олардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың нәтижелеріне қол жеткізбегені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапкершілікті, жарғылық капиталдарын ұлғайтуға (қалыптастыруға) тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімінде қаражат көзделген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бірінші басшылары көтереді.»;
      32) 111-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) осы Кодекстің 42-бабының 3-тармағында көзделген;»;
      33) 113-баптың 2-тармағында:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары мен бюджеттік бағдарламаларындағы нәтижелер көрсеткіштерінің өзара байланысының болуын және оларға қол жеткізу дәрежесін талдауды;»;
      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «3-1) стратегиялық жоспарлардың Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарымен өзара байланысының болуын талдауды;»;
      34) 124-баптың 1-тармағының 2-тармақшасындағы тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларды іске асыруы туралы есебін;»;
      35) 126-баптың 2-тармағының төртінші абзацы алып тасталсын;
      36) 127-бапта:
      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) республикалық бюджеттің түсімдер бойынша атқарылуы, жүргізілген бюджеттік мониторинг және оның нәтижелерін бағалау негізінде республикалық бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалармен өзара байланыста мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының есепті қаржы жылы ішінде нәтижелерге, мақсаттарға қол жеткізуін және міндеттерді шешуін талдау нәтижелері туралы талдамалық есептен;»;
      4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауы кезінде мемлекеттік органның құзыреті шеңберінде оны қорғауды қамтамасыз етеді.»;
      37) 129-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің түсімдер бойынша атқарылуы, жүргізілген бюджеттік мониторинг және оның нәтижелерін бағалау негізінде жергілікті бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы талдамалық есептен;»;
      38) 131-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің түсімдер бойынша атқарылуы, жүргізілген бюджеттік мониторинг және оның нәтижелерін бағалау негізінде жергілікті бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы талдамалық есептен;»;
      39) 141-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) республикалық бюджет қаражатын, оның ішінде нысаналы трансферттер мен кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің орындалуын қаржыландыруды, сондай-ақ мемлекеттің кепілгерліктері мен активтерін пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін бақылауды жүзеге асырады;»;
      40) 142-бапта:
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) аумақтарды дамыту бағдарламаларының және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалауды жүзеге асырады;»;
      мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «9-1) экономиканың әлеуметтік маңызы бар секторларының жекелеген іс-шараларына арналған шығыстардың бюджетте жалпы сипаттағы трансферттер көлемдері туралы заңда (облыстық мәслихат шешімінде) белгіленгеннен төмен емес қаржыландыру көлемінде бекітілуіне және бюджеттен жұмсалуына бақылауды жүзеге асырады;»;
      41) 143-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) объектілерді концессияға беру, бюджеттік кредиттер беру, мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің орындалуын қаржыландыру, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін, байланысты гранттарды және мемлекет активтерін беру шарттары мен рәсімдерінің сақталуын бақылауды, сондай-ақ оларды пайдаланудың Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес келуін бақылауды жүзеге асырады;»;
      42) 144-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 9-4) тармақшамен толықтырылсын:
      «9-4) объектіге бару құқығымен нысаналы даму трансферттерін іске асыруды қоса алғанда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік инвестицияларының іске асырылуын бақылауды жүзеге асырады;»;
      43) 8-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8-бөлім. Бюджеттік инвестициялар және концессиялық жобалар»;
      44) 30-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
      «30-тарау. Бюджеттiк инвестицияларды және концессиялық жобаларды жоспарлау
      151-бап. Бюджеттiк инвестициялар және концессиялық жобалар туралы жалпы ережелер
      1. Мемлекеттік инвестициялық жобалар мемлекеттік бюджеттің қатысу дәрежесіне байланысты мынадай түрлерге бөлінеді:
      1) бюджеттiк инвестициялар: бюджеттік инвестициялық жоба немесе заңды тұлғаның жарғылық капиталын қалыптастыру және/немесе ұлғайту арқылы бюджеттік инвестициялар;
      2) концессиялық жобалар.
      Бюджеттік инвестицияларды жоспарлау бюджеттік бағдарлама әкімшісінің біртекті (біртипті) немесе бір-бірімен өзара тікелей байланысқан инвестициялық жобалар мен салалық (секторалдық) және (немесе) өңірлік ауқымдағы іс-шаралар жөніндегі инвестициялық ұсыныс негізінде жүзеге асырылады.
      Концессиялық жобаларды жоспарлау Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамалық актісіне сәйкес инвестициялық ұсынысқа арналған қорытынды негізінде мемлекеттік, салалық (секторалдық), өңірлік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде жүзеге асырылады.
      2. Бюджеттік инвестициялар мен концессиялық жобалар республикалық және жергілікті болып бөлінеді.
      3. Республикалық және жергiлiктi бюджеттiк инвестициялар мен концессиялық жобаларды айқындау өлшемдері:
      1) бюджеттiк инвестициялар мен концессиялық жобаларды жүзеге асыру нәтижесiнде алынған мүлiкке туындайтын меншiк (республикалық немесе коммуналдық) құқығына байланысты республикалық немесе жергiлiктi меншік түрі бойынша өлшем;
      2) пайда алушылар бойынша өлшем - егер пайда алушылар екi және одан да көп облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың субъектiлерi болып табылса - республикалық, ал егер экономикалық пайда алушылар бiр облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың субъектiлерi болған жағдайда – жергiлiктi ретінде айқындалатын өлшем болып табылады.
      4. Бюджеттiк инвестицияларды және концессиялық жобаларды республикалық ретінде айқындау үшiн олардың осы баптың 3-тармағында көрсетілген өлшемдердің бiрiне сәйкестiгi жеткiлiктi болады.
      5. Жергiлiктi бюджеттiк инвестициялар мен концессиялық жобаларды облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың және аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) деп сыныптау осы баптың 3-тармағында көзделген өлшемдер негiзiнде жүзеге асырылады.
      6. Республикалық бюджеттiк инвестициялар мен концессиялық жобаларды орталық мемлекеттiк органдар республикалық бюджет қаражаты есебiнен iске асырады.
      7. Жергiлiктi бюджеттiк инвестициялар мен концессиялық жобаларды жергiлiктi атқарушы органдар жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен iске асырады.
      8. Бюджеттік инвестициялар:
      1) техникалық күрделі және/немесе бірегей және техникалық күрделі емес және/немесе үлгілік болуы мүмкін объектілерді құруға және реконструкциялауға, ақпараттық жүйелерді енгізуге және дамытуға;
      2) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту арқылы саланы (салаларды) институционалдық дамытуға бағытталуы мүмкін.
      9. Іске асыру көзі мен тәсілін айқындау өлшемдері:
      1) бюджеттік инвестицияларды немесе концессиялық жобаларды іске асыруда басым таңдау өлшемі жеке сектор, квазимемлекеттік сектор немесе мемлекеттік орган (бюджеттік бағдарлама әкімшісі) субъектілері арасында инвестицияларды іске асыру және оларды басқару тиімділігінің көрсеткіштері негізінде жүзеге асырылады;
      2) қаржыландыру тетіктері жөніндегі өлшем пайдалар мен шығындарды талдау негізінде жоспарланған іс-шараның мүмкіндіктерін негізге ала отырып, оларды қаржыландыру көздері мен тәсілдеріне сәйкес айқындалады.
      10. Бюджеттік инвестицияларды қаржыландыру көздері:
      1) республикалық бюджет;
      2) жергілікті бюджет болып табылады.
      11. Мемлекеттік инвестициялық жобаларды бюджеттен қаржыландыру тәсілдері:
      1) бюджеттік инвестициялық жобаны қаржыландыру;
      2) бюджеттік инвестициялық жобаға бюджеттік кредит беру;
      3) заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту;
      4) қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруына бюджеттік кредит беру;
      5) концессиялық жобалар бойынша мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді орындау.
      12. Инвестициялық жобаны қаржыландыру тетіктері инвестициялық жобаны қаржыландыру көздері мен тәсілдерін қамтиды.
      13. Қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруына және бюджеттік инвестициялық жобаларға бағытталатын бюджеттік кредиттер осы Кодексте айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
      14. Аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған, осы Кодекстің 153 және 154-баптарында белгіленген жоспарлау кезеңдерінен өтпеген, бірақ Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар бюджеттік инвестициялар республикалық бюджеттің жобасына енгізілуі мүмкін.
      Бұл ретте бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысын алынған күннен бастап республикалық бюджетті нақтылауға немесе түзетуге дейін осы Кодекстің 153 және 154-баптарында көрсетілген тиісті құжаттаманы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынуға міндетті.
      Тиісті құжаттама белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайда, бюджеттік инвестициялар нақтылау және түзету кезінде республикалық бюджеттен алып тасталады. Бұл ретте көрсетілген бюджеттік инвестицияларды іске асыруға көзделген сомалар бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшісінің басқа бюджеттік инвестициялары арасында қайта бөлінуі мүмкін.
      Аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған, Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар бюджеттік инвестицияларды әзірлеу, қарау және іріктеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
      Егер аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған республикалық бюджеттік инвестициялар бойынша осы Кодекстің 153, 154-баптарында көрсетілген құжаттар ұсынылғаннан кейін олардың құны тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген сомадан асып кететін жағдайда, онда бюджеттік инвестициялардың жалпы құны жоспарлы кезеңге арналған бюджетке белгіленген тәртіппен нақтылау жүргізу жолымен жаңа бастамаларға бюджеттік бағдарлама шығыстары есебінен ұлғайтылуы мүмкін.
      Егер аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған республикалық бюджеттік инвестициялар бойынша осы Кодекстің 153, 154-баптарында көрсетілген құжаттар ұсынылғаннан кейін олардың құны тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген сомадан аз болған жағдайда, онда мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган қалған соманы бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің ұсынысы бойынша бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшісінің бір бюджеттік бағдарламасы шегінде түзету жолымен бюджеттік инвестициялар арасында қайта бөлуге не бюджетті нақтылау кезінде алып тастауға құқылы.
      15. Бюджеттік инвестицияларды жоспарлау және іске асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
      152-бап. Инвестициялық ұсыныстарды әзiрлеу
      1. Инвестициялық ұсыныстарды әзiрлеудi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi жүзеге асырады және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға енгізеді.
      2. Инвестициялық ұсыныстар салалық сараптамадан өткiзiлуге жатады.
      3. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi ұсынылған инвестициялық ұсыныстардың негізділігі үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
      4. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган инвестициялық ұсынысқа экономикалық қорытынды дайындайды.
      Мемлекеттік инвестициялық жобаларды бюджеттен қаржыландырудың ықтимал түрлері мен тәсілдерін айқындау мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның экономикалық қорытындысының нәтижесі болып табылады.
      5. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның экономикалық қорытындысына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен инвестициялық жобаны дайындау бойынша іс-шаралар өткізеді.
      6. Инвестициялық ұсынысты әзірлеу және түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу және бюджеттік инвестицияларды іріктеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
      153-бап. Бюджеттiк инвестициялық жобаларды жоспарлау
      1. Бюджеттiк инвестициялық жобаларды жоспарлау үш кезеңде:
      1) инвестициялық ұсыныстарды әзірлеу және сараптамалар өткізу;
      2) техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап етпейтін жобаларды қоспағанда, бюджеттiк инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу;
      3) бюджеттi әзiрлеу (нақтылау) сатысында бюджеттiк инвестициялық жобаларды iрiктеу кезеңiнде жүзеге асырылады.
      2. Аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған, Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар бюджеттік инвестициялық жобалар бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жетіспейтін құжаттаманы республикалық бюджетті нақтылауға немесе түзетуге дейін ұсынуы туралы кейінге қалдыру шартымен бюджет жобасына енгізіледі.
      3. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органдарға мемлекеттік инвестициялық жобаны бюджеттік инвестициялық жоба ретінде іске асырудың орындылығы туралы инвестициялық ұсынысқа арналған экономикалық қорытынды негізінде техникалық-экономикалық негіздемелер енгізеді.
      4. Техникалық жағынан күрделі емес, құрылысы үлгілік жобалар, үлгілік жобалық шешімдер және қайталап қолданылатын жобалар бойынша болжанатын жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейді.
      Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап етпейтін жобалардың тізбесін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      5. Бюджеттік инвестициялық жобаны қарауды және іріктеуді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық–экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу тәртібіне сәйкес әзірленген техникалық-экономикалық негіздеме негізінде жүзеге асырады.
      Техникалық жағынан күрделі емес, құрылысы үлгілік жобалар, үлгілік жобалық шешімдер және қайталап қолданылатын жобалар бойынша болжанатын жобаларды қарау және іріктеу инвестициялық ұсынысты қарау кезеңінде жүзеге асырылады.
      6. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік инвестициялық жобаларын қарайды және бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне олар бойынша экономикалық қорытынды жібереді.
      7. Осы Кодекстің 151-бабында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, бюджет жобасына бюджеттік инвестициялық жобаларды енгізу үшін:
      мемлекеттік инвестициялық жобаны не оның бір бөлігін бюджеттік инвестициялық жоба ретінде одан әрі іске асырудың орындылығы туралы инвестициялық ұсынысқа оң экономикалық қорытындының;
      техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап етпейтін жобаларды қоспағанда, белгіленген тәртіппен бекітілген бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің;
      тиісті бюджет комиссиясының оң ұсынысының болуы негіздеме болып табылады.
      8. Бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі пайдалар мен шығындарды экономикалық талдау негізінде жүргізілетін бюджеттік инвестициялық жобаның жүзеге асырылатындығы мен тиімділігін зерделеу нәтижелерін қамтиды.
      Техникалық шешімдердің өзгеруіне және қосымша шығыстарға алып келетін бюджеттік инвестициялық жобаның белгіленген техникалық-экономикалық параметрлері өзгерген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейіннен қажетті сараптамалар жүргізіле отырып, бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне түзету жүргізіледі.
      9. Инвестициялық ұсынысқа экономикалық қорытындысы бар инвестициялық ұсыныстардағы бюджет комиссиялары мақұлдаған инвестициялық жобалар бойынша мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi орган олар бойынша техникалық-экономикалық негiздемелерді әзiрлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi органның тиiстi бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламасының қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын бюджеттiк инвестициялық жобалардың тiзбесiн қалыптастырады.
      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның бөлінген бюджеттік бағдарламасы бойынша техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге бөлінген қаражаттың игерілу кезеңі бір жылдан көп бірақ, тиісті бюджет комиссиясының ұсынысында белгіленген мерзімнен көп емес мерзімді құрауы мүмкін.
      10. Бюджеттік инвестициялық жобаның белгіленген техникалық-экономикалық параметрлерін растау үшін техникалық-экономикалық негіздеме Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген экономикалық және басқа да сараптамалардан өтуге жатады.
      11. Осы бапта белгіленген рәсімдерді сақтамай, тиісті бюджетте бекітілген іске асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша экономикалық сараптама мен қорытынды талап етілмейді.
      12. Бюджеттік инвестициялық жобаның экономикалық сараптамасы салалық сараптаманың, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін басқа да сараптамалардың негізінде жүргізіледі, сондай-ақ ол бюджеттік инвестициялық жобаны экономикалық талдауды кешенді бағалау болып табылады.
      13. Басқа мемлекеттердің аумағында іске асыру жоспарланып отырған, сондай-ақ құрылыс қызметін көздемейтін бюджеттік инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасы техникалық-экономикалық негіздеменің және оған салалық орган сараптамасының қорытындысы негізінде жүргізіледі.
      14. Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға жүзеге асырады.
      15. Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша экономикалық қорытындыны Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаның экономикалық сараптамасының қорытындысы негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган дайындайды.
      16. Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерінің, сондай-ақ нысаналы даму трансферттері мен республикалық бюджеттен берілетін кредиттер есебінен қаржыландыру жоспарланатын жергілікті инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамаларын жергілікті атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғалар жүзеге асыруы мүмкін.
      17. Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың, сондай-ақ нысаналы даму трансферттері мен республикалық бюджеттен берілетін кредиттер есебінен қаржыландырылуы жоспарланатын жобалардың экономикалық қорытындысын, жергілікті атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғалар тартылған жағдайда, олардың экономикалық сараптамасының қорытындысы негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар дайындайды.
      18. Бюджеттік инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасын жүзеге асыру үшін айқындалған заңды тұлғалар бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру жөніндегі ұсынылатын шешімдердің экономикалық сараптамасының сапасы үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
      19. Қажет болған жағдайда экономикалық сараптаманы жүзеге асыру үшін айқындалған заңды тұлғалар жүргізілген сараптамаларда қамтылмаған немесе толық қамтылмаған мәселелер бойынша қосымша сараптама, сондай-ақ тәуелсіз сараптама жүргізуді талап етуге құқылы.
      20. Экономикалық қорытындының нәтижелері бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бекітеді.
      21. Бюджеттік инвестициялық жобаларды, оның ішінде техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін, сондай-ақ сметалық құнын ұлғайту болжанатын бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
      154-бап. Мемлекеттiң заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы бюджеттiк инвестицияларды жоспарлау
      1. Мемлекеттiң заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы бюджеттiк инвестицияларды жоспарлау үш кезеңде жүзеге асырылады:
      1) инвестициялық ұсыныстарды әзірлеу және сараптамалардан өткізу;
      2) қаржы-экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу;
      3) бюджетті әзірлеу (нақтылау) сатысында заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды іріктеу.
      2. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік инвестициялық жобаны заңды тұлғаның жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялар ретінде іске асырудың орындылығы туралы инвестициялық ұсынысқа берілетін экономикалық қорытынды негізінде қаржылық-экономикалық негіздемелер енгізеді.
      Бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесі – заңды тұлғалардың жарғылық капиталына бюджет қаражатын салудың орындылығы, негізділігі және нәтижелерін бағалау бойынша мәліметтерді қамтитын құжат.
      Заңды тұлғаның қызметiн дамыту немесе кеңейту мақсаттары үшін заңды тұлғаның жарғылық капиталын бюджет қаражаты есебiнен ұлғайтуға жол беріледі.
      Іс-шараларды, техникалық-технологиялық шешімдерді толықтыруға және (немесе) өзгертуге, бекітілген іс-шараларға көзделген шығыстарды ұлғайтуға әкеп соғатын, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы салынатын бюджеттік инвестициялардың белгіленген қаржылық-экономикалық параметрлері өзгерген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажетті сараптамалар кейіннен жүргізіле отырып, бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесіне түзету жүргізіледі.
      Бюджет комиссиясының қарауынсыз және ұсынуынсыз бюджеттік инвестициялардың түзетілген қаржылық-экономикалық негіздемесін бекітуге жол берілмейді.
      3. Мемлекеттiң ұлттық холдингтер мен ұлттық басқарушы холдингтiң жарғылық капиталына қатысуы арқылы бюджеттiк инвестицияларды жүзеге асыруы кезiнде көрсетілген заңды тұлғалар акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану құқықтары жоқ бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiне сәйкес ұлттық холдингтер мен ұлттық басқарушы холдинг акцияларының эмиссиясын төлей алады.
      Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың осы әкiмшiлерi тиiстi бюджеттiк бағдарламалардың жоспарлануын, негiздемесін және iске асырылуын, осы Кодекске сәйкес олар бойынша нәтижелердiң есептiлiгiн, мониторингiн және бағалануын қамтамасыз етедi.
      4. Мемлекеттiң заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы жоспарланатын бюджеттiк инвестицияларды iрiктеуді мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдар, осы баптың 4-2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, бюджеттік инвестициялар бойынша экономикалық қорытынды негiзiнде жүзеге асырады және бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің ұсынысы негізінде бюджет жобасына енгізу туралы тиісті бюджет комиссиясының қарауына қорытынды дайындайды.
      5. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы республикалық бюджет қаражаты есебінен жоспарланатын бюджеттік инвестициялар бойынша экономикалық қорытынды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаның экономикалық сараптамасының қорытындысы негізінде дайындалады.
      6. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланатын, аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған, Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар бюджеттік инвестициялар бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жетіспейтін құжаттаманы Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы алынған күннен бастап республикалық бюджетті нақтылау немесе түзетуге дейін кейінге қалдыру шартымен бюджет жобасына енгізіледі.
      7. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асырылатын, осы бапта белгіленген рәсімдерді сақтамай, тиісті бюджетте бекітілген бюджеттік инвестициялар бойынша экономикалық сараптама мен қорытынды талап етілмейді.
      8. Мемлекеттің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы іске асырылуы жоспарланатын бюджеттік инвестициялардың экономикалық сараптамасын республикалық бюджеттің қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға жүзеге асырады.
      9. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен іске асыру жоспарланатын бюджеттік инвестициялардың, сондай-ақ нысаналы даму трансферттері есебінен қаржыландыру жоспарланатын бюджеттік инвестициялардың экономикалық қорытындысы, жергілікті атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғалар тартылған жағдайда, солардың экономикалық сараптамасының қорытындысы негізінде дайындалады.
      10. Мемлекеттің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы іске асырылуы жоспарланатын бюджеттік инвестициялардың экономикалық сараптамасын жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен жергілікті атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғалар жүзеге асыруы мүмкін.
      11. Жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың экономикалық сараптамасын жүзеге асыруға айқындалған заңды тұлғалар жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды іске асыру бойынша ұсынылған шешімдердің экономикалық сараптамасының сапасына Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
      12. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы салынатын бюджеттік инвестициялар жөнінде экономикалық қорытынды жасау нәтижелері бойынша бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесін бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бекітеді.
      13. Бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесін әзiрлеу немесе түзету тәртiбi мен мерзiмдерiн, сондай-ақ мемлекеттiң заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы iске асырылуы жоспарланатын бюджеттiк инвестицияларды iрiктеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
      155-бап. Концессиялық жобаларды жоспарлау
      1. Концессиялық жобаларды жоспарлау мемлекеттік инвестициялық жобаны концессиялық жоба ретінде іске асырудың орындылығы туралы инвестициялық ұсынысқа экономикалық қорытынды негізінде және үш кезеңде жүзеге асырылады:
      1) концессиялық ұсыныстарды әзiрлеу және іріктеу;
      2) концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу;
      3) концессия шарттарын жасасу.
      155-1-бап. Концессиялық ұсыныстарды әзірлеу және іріктеу
      1. Концессиялық ұсыныстарды әзірлеу және іріктеу Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органдары және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ заңды тұлғалар концессиялық ұсыныстардың негізділігі үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
      2. Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органдары мен жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғаларға республикалық және жергілікті маңызы бар жобалар бойынша концессиялық ұсыныстарды талдау жүргізу және күшейту үшін енгізеді.
      3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымы сараптамасының қорытындысы негізінде концессиялық ұсыныс бойынша қорытынды дайындайды.
      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтінімі негізінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге концессиялық ұсыныстар бойынша қорытындылар қалыптастырады және республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтінімі және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысы негізінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге концессиялық ұсыныстар бойынша қорытындылар қалыптастырады және тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
      4. Концессиялық ұсыныстарда қамтылған бюджет комиссиялары мақұлдаған концессиялық жобалар бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган конкурстық құжаттаманы әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын концессиялық жобалардың тізбесін қалыптастырады.
      155-2-бап. Концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу
      1. Концессиялық ұсыныстарда қамтылған бюджет комиссиялары мақұлдаған концессиялық жобалар бойынша концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның бөлінген бюджеттік бағдарламасы бойынша концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуге бөлінген қаражаттың игерілу кезеңі бір жылдан астам, бірақ тиісті бюджет комиссиясының ұсынысында белгіленген мерзімнен аспайтын мерзімді құрай алады.
      2. Концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      Республикалық концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеуге Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлға тартылуы мүмкін.
      Жергілікті концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеуге жергілікті атқарушы орган немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлғалар тартылуы мүмкін.
      3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға сараптамаға жібереді.
      4. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына сәйкес тиісті сараптамалардың негізінде концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасы бойынша қорытындылар қалыптастырады және Республикалық бюджет комиссиясына қарауға енгізеді.
      5. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына сәйкес тиісті сараптамалар мен келісу негізінде концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасы бойынша қорытындылар қалыптастырады және тиісті бюджет комиссиясына қарауға енгізеді.
      6. Конкурстық құжаттамаға тиісті бюджет комиссиясының қарауынсыз мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қосуға жол берілмейді.
      7. Әзірленген жобалық-сметалық құжаттамасы бар, сондай-ақ техникалық күрделі емес болып табылатын, үлгілік жобалар, үлгілік жобалық шешімдер және қайталап қолданылатын жобалардың негізінде іске асырылатын жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейді.
      Конкурстық құжаттаманы әзірлеу концессиялық ұсыныстардағы концессия объектісінің нақты алаңына концессия жобасының маркетингтік, қаржы-экономикалық параметрлерінің есебімен жобалау-сметалық құжаттамаға байланыстыра отырып, жүзеге асырылады.
      8. Концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
      155-3-бап. Концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу
      1. Концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның бөлінетін бюджеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу жөнінде қызметтер көрсетуге арналған қорытындыны тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
      3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган бюджет комиссиялары мақұлдаған әрбір концессиялық жобаны консультациялық сүйемелдеу жөніндегі қызметтерді қаржыландыру көлемі бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу жөніндегі қызметтердің тізбесін қалыптастырады.
      Республикалық концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеуге Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға тартылуы мүмкін.
      Жергілікті концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеуге жергілікті атқарушы орган немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға тартылуы мүмкін.
      156-бап. Мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау үшін  негіздемелер
      Мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау концессия шарттарына қол қою жолымен жүзеге асырылады.
      Мыналардың болуы мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау үшін негіздеме болып табылады:
      1) бар болған жағдайда келіссөздер хаттамасы;
      2) Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына сәйкес құрылған Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган жанындағы консультативтік-кеңес органының конкурс жеңімпазын айқындау туралы ұсынысы;
      3) бюджет комиссиясының мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау туралы ұсыныстары.
      Концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
      45) 31-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «31-тарау. Бюджеттік инвестициялар мен концессиялық жобаларды жүзеге асыру»;
      46) 157-баптың 10, 11-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері есебінен іске асырылатын республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың және жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылу мониторингін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жүзеге асырады.
      Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылу мониторингін жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
      Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің мониторингі қорытындылары бойынша жылдық есеп негізінде жүзеге асырады.
      Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалауды жүргізу кезінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаны тартады.
      Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалауды жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
      11. Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылу мониторингін және оны бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
      47) 158-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «158-бап. Концессиялық жобаларды іске асыру
      1 Концессиялық жобалар Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамалық актісіне сәйкес концессия шартының негізінде іске асырылады.
      2. Мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді орындауды концедент тиісті бюджеттік бағдарлама шеңберінде жүргізеді.
      3.Мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді орындау Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
      4. Концессиялық жобалардың іске асырылу мониторингін концессия объектілерін құру (реконструкциялау) және оларды кейіннен пайдалану кезеңінде тиісті саланың орталық уәкілеті органы жүзеге асырады.
      5. Концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
      Концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалауды жүргізу кезінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаны тартуға құқылы.
      6. Концессиялық жобаларға мониторинг жүргізу және олардың іске асырылуын бағалау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
      48) 159-баптың 3, 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы республикалық бюджеттік инвестициялардың және республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы даму трансферттері есебінен іске асырылатын инвестициялардың мониторингін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жүзеге асырады.
      Заңды тұлғаның жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылуын бағалауды республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің мониторинг қорытындылары бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жылдық есеп негізінде жүзеге асырады.
      Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылуын бағалауды жүргізу кезінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаны тартады.
      Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылу мониторингін және оны бағалауды жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
      4. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы жергілікті бюджеттік инвестициялардың іске асырылу мониторингін және оны бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
      49) 160-бапта:
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау және орындау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
      «7.1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттерін айқындау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.»;
      50) 162-бапта:
      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерінің лимиттерін белгiлеу;»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік концессиялық мiндеттемелердi орындауы осы Кодекстің 158-бабының 2-тармағына сәйкес республикалық бюджетте көзделген бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.»;
      51) 163-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерінің лимиттерін белгiлеу;»;
      52) 165-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «165-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық мiндеттемелердi орындауы
      Жергiлiктi атқарушы органның мемлекеттік концессиялық мiндеттемелердi орындауы осы Кодекстің 158-бабының 2-тармағына сәйкес жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.».
      53) 187-тармақта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдардың бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бюджеттік кредиттеу арқылы іске асыруға ұсынатын бюджеттік бағдарламаларды олардың бюджеттік кредиттеу өлшемдеріне сәйкес келуі тұрғысынан қарауын.
      Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның республикалық бюджет қаражаты есебінен техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді қажет ететін бюджеттік инвестициялық жобалар мен қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға арналған бюджеттiк кредиттеудiң орындылығын айқындау Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаның экономикалық сараптамасының қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.
      Техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуді талап ететін бюджеттік инвестициялық жобалар мен қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға арналған бюджеттiк кредиттеудiң экономикалық сараптамасын республикалық бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға жүзеге асырады.
      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың жергілікті бюджет қаражаты есебінен техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуді қажет ететін бюджеттік инвестициялық жобалар мен қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға арналған бюджеттiк кредиттеудiң орындылығын айқындауы экономикалық сараптаманы жүргізген жағдайда, экономикалық сараптаманың қорытындысын есепке ала отырып, жүзеге асырылуы мүмкін.
      Техника-экономикалық негіздемені әзірлеуді талап ететін бюджеттік инвестициялық жобалары мен қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға арналған бюджеттiк кредиттеудiң экономикалық сараптамасын жергілікті бюджет қаражаты есебінен жергілікті атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлға жүзеге асыруы мүмкін;»;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      4) бюджеттік кредиттер беруге бағытталған бюджеттік бағдарламаны бюджет жобасына енгізу жөніндегі бюджет комиссиясының ұсыныстарын әзірлеуді.».
      2. «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2013 жылғы 11 шілдедегі «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы.):
      1) 27-баптың 1-тармағының 1-5) тармақшасы алып тасталсын.
      3. «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 14, 88-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-бап; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 7, 29-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 20, 151-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 15-құжаттар; 2013 жылғы 4 шілдедегі «Егемен Қазақстан» және 2013 жылғы 5 шілдедегі «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төреліктің және аралық соттың қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2013 жылғы 11 шілдедегі «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік-жеке әріптестіктің жаңа түрлерін енгізу және олардың қолданылу салаларын кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 1-бапта:
      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу – концессиялық ұсыныстарды, конкурстық құжаттамаларды, концессия шарттарының жобаларын әзiрлеудi, комиссияның конкурсқа қатысушымен келiссөздер жүргiзу процесiнде консультациялық қызметтер көрсетудi қамтитын тәуелсiз сарапшылар немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы органдар айқындайтын жобаларды сүйемелдеу жөніндегі заңды тұлғалар көрсететiн қызметтер;
      11), 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «11) концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негiздемесi (бұдан әрі – техникалық-экономикалық негiздеме) – маркетингтiк, техникалық-технологиялық, әлеуметтiк-экономикалық және экологиялық зерттеулердiң нәтижелерiн, сондай-ақ концессиялық жобаны iске асырудың орындылығы мен мүмкiндiгiн негiздейтiн институционалдық шешiмдер, қаржылық шешiмдер, тәуекелдердi бағалау және оларды концессиялық жобаға қатысушылар арасында бөлу, қажет болған жағдайда мемлекеттiк қолдау түрлерi мен мөлшерiн айқындау жөнiндегi, сондай-ақ жобаны iске асыру кезiнде оның мемлекеттiк бюджетке ықпал етуi жөнiндегi шешiмдер және тұтас экономика мен оның салаларының дамуына әлеуметтiк-экономикалық әсер қамтылатын жоба алдындағы құжаттама;
      12) концессиялық ұсыныс – мемлекеттік орган, қажет болған жағдайда, тәуелсiз сарапшыларды және/немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган айқындайтын жобаны сүйемелдеу жөніндегі заңды тұлғаларды тарта отырып әзірлейтін тиісті іс-шаралардың жиынтығын, сондай-ақ концессиялық жобаны іске асырудың негізделген орындылығы мен мүмкіндігін қоса алғанда, концессиялық жобаның мақсатын, оған қол жеткізу жолдарын, мемлекеттік қолдау шараларын, концессионердің шығындарды өтеу және табыс алу көздерін көрсететін концессиялық жобаның тұжырымдамасы;»;
      22) тармақша алып тасталсын;
      24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «24) тiзбе – концессияға ұсынылатын объектiлердiң мемлекеттік жоспарлау бойынша уәкілетті орган бекiтетiн ортажылдық кезеңге арналған тiзбесi.»;
      2) 8-бапта:
      1) тармақша алып тасталсын;
      4), 4-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу қағидаларын бекітеді;
      4-1) пайдалану шығындары өтемақысының төлемдерін төлеу тәртібін бекітеді»;
      мынадай мазмұндағы 4-2) тармақшамен толықтырылсын:
      «4-2) инвестициялық шығындар өтемақысының төлемдерін төлеу тәртібін бекітеді;»;
      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «6-1) концессиялық жобаларды сүйемелдеу бойынша заңды тұлғаны айқындайды;»;
      7-1) және 7-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «7-1) концессия шарттарының мониторингін жүргізу, концессиялық жобалардың мониторингін жүргізу мен іске асырылуын бағалау тәртібін бекітеді;
      7-2) концессия объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақы төлеу тәртібін бекітеді;»;
      мынадай мазмұндағы 7-3) тармақшамен толықтырылсын:
      «7-3) концессия объектісін пайдаланғаны үшін жалға алу ақысын төлеу тәртібін бекітеді;»;
      3) 9-бапта:
      1-тармақшаның:
      үшінші абзацы алып тасталсын;
      сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «концессиялық жобалардың іске асырылуына бағалауды жүргізу үшін концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымды тартады;»;
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) тізбені қалыптастырады және бекітеді;»;
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) концессия объектісінің құнын және концессионерлер қызметін мемлекеттік қолдаудың және шығындарды өтеу көздерінің жиынтық құнын айқындау әдістемесін бекітеді;»;
      6) тармақша алып тасталсын:
      мынадай мазмұндағы 7-3), 7-4) тармақшалармен толықтырылсын:
      «7-3) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттерін қалыптастырады;
      7-4) концессия шарттарының тізілімін жүргізеді.»;
      4) 10-баптың 7-1) тармақша алып тасталсын;
      5) 12-бапта:
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) концессиялық жобалардың мониторингін жүзеге асырады және концессиялық жобаның іске асырылуын бағалауды жүзеге асыру үшін мониторинг нәтижелерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді;»;
      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) қажет болған жағдайда, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес қаржыландыру жүзеге асырылатын концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу үшін тәуелсіз сарапшыларды және/немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы орган айқындайтын жобаларды сүйемелдеу бойынша заңды тұлғаларды тартады;»;
      6) 13-бап мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «3-1) жобаларды сүйемелдеу бойынша заңды тұлғаларды айқындайды;»;
      7) 14-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. 7-баптың 1-тармағының 3) тармақшасында және осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің жиынтық құны концессия шартының шеңберінде концессия объектісін құру (реконструкциялау) құнынан аспауы тиіс.»;
      8) 15-1-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Конкурсты ұйымдастырушы қажет болған жағдайда концессиялық ұсыныстарды талдау және күшейту үшін тәуелсіз сарапшыларды және/немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жобаларды сүйемелдеу бойынша заңды тұлғаны тартуға құқылы.»;
      5-2, 5-3 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «5-2. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтінімі негізінде концессиялық жобаларды әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ олардың конкурстық құжаттамаларына қажетті сараптамалар жүргізуге арналған концессиялық ұсыныстар бойынша қорытындыларды қалыптастырады және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
      5-3. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi орган бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтінімі және мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органының экономикалық қорытындысы негізінде концессиялық жобаларды әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ олардың конкурстық құжаттамаларына қажетті сараптамалар жүргізуге арналған концессиялық ұсыныстар бойынша қорытындыларды қалыптастырады және тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.»;
      6. Концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізуді қаржыландыруға қаражат бөлу тәртібі Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»;
      9) 15-2-бап жаңа редакцияда жазылсын:
      «15-2-бап. Концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу
      1. Бюджет комиссиялары мақұлдаған, концессиялық ұсыныстарда қамтылған концессиялық немесе түзету жүзеге асырылады.
      2. Жобалау-сметалық құжаттамалары бар, сондай-ақ техникалық тұрғыдан күрделі емес, типтік жобалар, типтік жобалық шешімдер мен қайтадан қолдану жобалары негізінде әзірленетін жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу талап етілмейді.
      Конкурстық құжаттаманы әзірлеу концессиялық ұсыныста қамтылған концессиялық жобаның маркетингтік, қаржы-экономикалық параметрлерін ескере отырып, қолда бар жобалау-сметалық құжаттаманы концессия объектісінің нақты алаңына байланыстыру арқылы жүзеге асырылады.
      3. Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау жөнiндегi конкурс өткізген жағдайда не тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбай концессионерді таңдау жөнiнде конкурс өткізген жағдайда, техникалық күрделі және/немесе бірегей болып табылатын жобалар бойынша концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуді әлеуетті концессионер жүзеге асырады.
      4. Техникалық-экономикалық негіздеме пайдалар мен шығындарды экономикалық талдау негізінде жүргізілетін концессиялық жобаның жүзеге асырылуын және тиімділігін зерделеу нәтижелерін қамтиды.
      Концессиялық жобаның техникалық шешімдерін өзгеруіне және қосымша шығыстарға әкеп соғатын, белгіленген техникалық-экономикалық параметрлері өзгертілген жағдайда, тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы және жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажетті сараптамаларды кейіннен жүргізе отырып, техникалық-экономикалық негіздемеге түзету жасайды.
      5. Концессиялық жобаның әзірленген немесе түзетілген конкурстық құжаттамасына қажетті сараптамалар жүргізілгеннен кейін тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы оны сараптама жүргізу үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
      6. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган концессиялық жобаның әзірленген немесе түзетілген конкурстық құжаттамасына сараптама жүргізу үшін концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымды тартады.
      7. Концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым концессиялық жобаны іске асыру жөніндегі ұсынылатын шешімдер сараптамасының сапасы үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
      8. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган осы баптың 5-тармағында көрсетілген сараптаманың қорытындысын, егер жоба республикалық болса, тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органына, сондай-ақ, егер жоба жергілікті болса, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына жібереді.
      9. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган бюджетті атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен келісілген тиісті саланың уәкiлеттi мемлекеттік органына өтінімнің және осы баптың 5-тармағында көрсетілген мемлекеттік концессиондық міндеттемелерді қабылдау мүмкіндігі туралы ұсынымдарды қамтитын сараптаманың оң қорытындысының негізінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамалары бойынша қорытындылар қалыптастырады және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
      10. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi орган, мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау мүмкіндігі туралы ұсынымдарды қамтитын осы баптың 5-тармағында көрсетілген сараптаманың оң қорытындысы негізінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамалары бойынша қорытындыларды қалыптастырады және тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
      11. Концессиялық жобаның әзірленген немесе түзетілген конкурстық құжаттамасы сараптамаларының қорытындылары жоба бекітілгеннен кейін үш жыл ішінде концессиялық шарт жасалмаса, оның күші жойылды деп есептеледі.»;
      10) 16-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Тізбені мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган қалыптастырады және бекітеді.
      Тізбе Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның интернет-ресурсында мемлекеттік тілде және орыс тілінде жариялануға тиіс.»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Тiзбенi мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамалары сараптамасының оң қорытындысы негізінде және Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына, республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттiң инвестициялық мүмкiндiктерiне сәйкес жылжымалы негiзде жыл сайын үш жыл мерзiмге қалыптастырады.»;
      11) 17-баптың 1-тармағының:
      2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) осы тармақтың 2-1) және 2-2) тармақшаларында белгіленген жағдайларды қоспағанда, техникалық-экономикалық негiздеме;»;
      мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «2-1) осы Заңның 15-2-бабының 2-тармағында көрсетілген жағдайларда жобалау-сметалық құжаттама мен концессиялық ұсыныс;
      2-2) екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау жөнiндегi конкурс өткізген жағдайда концессиялық ұсыныс;»;
      3-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3-1) осы концессиялық жоба үшiн концессионерлердің қызметін мемлекеттiк қолдаудың ықтимал түрлерi мен көлемдерiн, сондай-ақ концессионердің шығындарын өтеу және табыс алу көздерін;»;
      17-баптың 15) тармақшасы алып тасталсын:
      12) 18-бапта:
      1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) концессия объектiсiн салу (реконструкциялау) құнынан кемiнде он пайызды құрайтын меншікті қаражатының болуы.
      Тікелей концессиялық жобаны іске асыруға тартылатын меншікті капитал, әлеуетті концессионерге тиесілі ақша қаражаты мен өзге де активтер меншікті қаражат деп түсініледі;»;
      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      «4-1. Әлеуетті концессионердің осы баптың 1-тармағында көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкестігін біліктілікті іріктеуді жүзеге асыру арқылы концессионердің таңдауы бойынша конкурс өткізген кезде конкурсты ұйымдастырушы айқындайды.»;
      13) 18-1-бапта:
      1-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімді қамтамасыз ету концессия шарты шеңберінде концессия объектiсiн салу (реконструкциялау) құнынан оннан бір пайыз мөлшерінде енгізіледі.»;
      14) 19-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      «3-1. Қажет болған жағдайда конкурсты ұйымдастырушы әлеуетті концессионерлер, шарттары конкурстық құжаттамада көрсетілген конкурстық өтінімдерді Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындаған тәртіппен тапсырғанға дейін, олардың алдын ала біліктілік іріктеуін жүргізуге құқылы.»;
      15) 20-бапта:
      1-тармақтың үшінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      Конкурсты ұйымдастырушы қажет болған жағдайда конкурстық құжаттаманы, концессия шартының жобасын әзірлеу, тиісті конкурстық өтінімдегі ұсынылған концессиялық өтінімдерді тәуелсіз бағалау, сондай-ақ әлеуетті концессионерлермен келіссөздерге қатысу үшін тәуелсіз сарапшыларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы органдар айқындайтын жобаларды жүргізетін заңды тұлғаларды тартуға құқылы.
      Конкурсты ұйымдастырушы тәуелсіз сарапшыларды және/немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы органдар айқындайтын жобаларды жүргізетін заңды тұлғаларды тарту үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға концессиялық жобаны консультациялық сүйемелдеу жөніндегі қызметтерді қаржыландыруға арналған өтінімді жібереді.»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Концессионердi таңдау жөнiндегi конкурстың қорытындылары бойынша комиссияның шешiмiмен үздік концессиялық өтінім айқындалады, ал өтiнiм берушi конкурстың жеңiмпазы болып танылады.»;
      16) 20-1-баптың 2-тармағында:
      1) тармақшада:
      жетінші, сегізінші, тоғызыншы абзацтар алып тасталсын;
      оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «конкурсты ұйымдастырушының біліктілік іріктеуінен өткен конкурсқа қатысушыларға екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, конкурстың екінші кезеңіне қатысу үшін шақыру жіберуі;»;
      2) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «біліктілік іріктеуінен өткен конкурсқа қатысушылардың концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемелерімен бірге конкурстық өтінімдерді ұсынуы;».

      2-бап.
      1. Осы Заңның 1-бабы 1-тармағының 13), 16) тармақшалары, 18) тармақшасының үшінші абзацы 2014 жылға арналған бюджеттерді нақтылау кезінде пайда болатын құқықтық қатынастарға қолданылмайды.
      2. Осы Заң, 2004 жылғы 24 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін және 2011 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болатын 1-баптың 1-тармағы 44) тармақшасының жетпісінші және тоқсан алтыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады