Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің "Ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағының дирекциясы" мемлекеттік мекемесін тарату туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 10 қазандағы № 1083 қаулысы

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 130-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының дирекциясы» мемлекеттік мекемесі таратылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен келісім бойынша осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
      4. «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының дирекциясы» мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1382 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2013 жылғы 10 қазандағы
№ 1083 қаулысымен  
бекітілген     

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.

      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1193 қаулысымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      3. «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
      15-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      «

15.

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

1149

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:

274

Республикалық микрография ғылыми-зерттеу институты (Орал қаласы)

203

«Қазгеоақпарат» республикалық геологиялық ақпарат орталығы

71

                                                                   ».

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады