"Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 қарашадағы № 1190 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысымен

«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2013 жылғы 9 қарашадағы № 1190 Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысына баспасөз-релиз

      «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2013 жылғы 9 қарашадағы № 1190 Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысы (бұдан әрі - қаулы) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесімен сәйкестендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 15 тамыздағы № 140-ө өкімінің 13-тармағына сәйкес әзірленген.
      Қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
      Қаулыны қабылдаудың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi туралы ережені «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесімен сәйкестендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен, Қазақстан Республикасының «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы», «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы», «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы», «Электр энергетикасы туралы», «Техникалық реттеу туралы», «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы», «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» және «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы»заңдарына енгізілген түзетулерге сәйкес, ережеден мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарын әзірлеуге қатысты функцияларын алып тастау болып табылады.
      Қаулы республикалық бюджеттен қаржылық шығындар және әлеуметтік-экономикалық, әрі құқықтық жағымсыз салдарды болжамдамайды.

      Қазақстан Республикасының
      Индустрия және жаңа
      технологиялар министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз