Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Өнеркәсіптік меншікті қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің күшін жою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 119 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алматы қаласында жасалған 1997 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Өнеркәсіптік меншікті қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің күші жойылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің осы қаулының 1-тармағында көрсетілген халықаралық шарттың күшін жою ниеті туралы Қырғыз Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады