Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау қызметін жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 1376 және "Әкiмшiлiк заңнаманы жетiлдiру мәселелерi жөнiнде ведомствоаралық комиссия құру туралы" 2012 жылғы 23 сәуірдегі № 506 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 147 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгізілсін:
      1) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау қызметін жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 1376 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 40, 455-құжат):
      1-тармақта:
      Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Әбсаттаров
Қайрат Бектайұлы

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі,

Атамқұлов
Бейбіт Бәкірұлы

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жауапты хатшысы,

Әбдірайым
Бақытжан Жарылқасынұлы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары,

Иманәлиев
Бақытбек Зүбайраұлы

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жауапты хатшысы,

Қалқабаев
Марат Өмірбекұлы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша),

Ноғайбай
Заңғар Мақсұтұлы

Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма мүшесі, басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша),

Нұрбек Саясат

«Нұр Отан» партиясы Қоғамдық саясат институтының директоры (келісім бойынша),

Ақышев
Данияр Талғатұлы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары (келiсiм бойынша),

Евниев
Арман Қайратұлы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы;

      мына:

«Дерновой
Анатолий Григорьевич

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің жауапты хатшысы»

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Дерновой
Анатолий Григорьевич

Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің жауапты хатшысы»;

      мына:

«Ғалымова
Әлия Қайратқызы

-

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы»

      деген жолдың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тілдегі мәтіні өзгермейді;
      көрсетілген құрамнан Самат Сатыбалдыұлы Әбіш, Нұрболат Серғалиұлы Айдапкелов, Данияр Валерьевич Вагапов, Сергей Николаевич Громов, Абылай Исабекұлы Мырзахметов, Бисенғали Шамғалиұлы Тәжияқов, Мүслім Тайырұлы Өмірияев шығарылсын;
      2) «Әкiмшiлiк заңнаманы жетiлдiру мәселелерi жөнiнде ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 сәуірдегі № 506 қаулысында:
      Әкiмшiлiк заңнаманы жетiлдiру мәселелерi жөнiндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Ахметов
Рустам Нұрланұлы

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің жауапты хатшысы,

Бектұров
Азат Ғаббасұлы

Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі,

Иманәлиев
Бақытбек Зүбайраұлы

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жауапты хатшысы,

Ысмайылов
Төлеген Төлеуханұлы

Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің жауапты хатшысы,

Қалқабаев
Марат Өмірбекұлы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша),

Ноғайбай
Заңғар Мақсұтұлы

Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма мүшесі, басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша),

Ақышев
Данияр Талғатұлы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары (келiсiм бойынша),

Евниев
Арман Қайратұлы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы;

      мына:

«Әбсаттаров
Қайрат Бектайұлы

Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі»,

«Ахметжанов
Саян Қалышұлы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары (келiсiм бойынша)»,

«Мамантов
Николай Иванович

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының судьясы (келiсiм бойынша)»,

«Турецкий
Николай Николаевич

«Құқықтық мониторинг, сараптама және талдау ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, заң ғылымдарының докторы (келiсiм бойынша)»;

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«Әбсаттаров
Қайрат Бектайұлы

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі»,

«Ахметжанов
Саян Қылышұлы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары (келiсiм бойынша)»,

«Мамонтов
Николай Иванович

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының судьясы (келiсiм бойынша)»,

«Турецкий
Николай Николаевич

«Ғ. Сапарғалиев атындағы Мемлекет және құқық ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, заң ғылымдарының докторы (келiсiм бойынша)»;

      көрсетілген құрамнан Самат Сатыбалдыұлы Әбіш, Нұрболат Серғалиұлы Айдапкелов, Ерғали Қуандықұлы Егемберді, Ғалымжан Ыдырысұлы Қанатбеков, Мәлік Кеңесбайұлы Мырзалин, Мүслім Тайырұлы Өмірияев, Бисенғали Шамғалиұлы Тәжияқов, Анатолий Валерьевич Шкарупа, Марат Иманғалиұлы Жұмағұлов шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады