Байланыс формасы

"Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 ақпандағы № 160 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 745 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған «Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
      2. «Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1108 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 67, 973-құжат) 1-тармағы 15) тармақшасының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
           Премьер-Министрі                           С. Ахметов

 
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 28 ақпандағы
№ 160 қаулысымен  
бекітілген     

«Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер
көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның
телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет).
      2. Мемлекеттік қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі 

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде:
      лицензия беру кезінде – 10 (он) жұмыс күнінен кеш емес;
      лицензияны қайта ресімдеу кезінде – 7 (жеті) жұмыс күнінен кеш емес;
      лицензияның телнұсқасын беру кезінде – 2 (екі) жұмыс күнінен кеш емес;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат етілген ең ұзақ күту уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды;
      3) рұқсат етілген ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия (бұдан әрі – лицензия), қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасы не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
      7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымды көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша бюджетке төлейді:
      1) аталған қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезінде лицензиялық алым 10 (он) айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – AЕК) құрайды;
      2) лицензияларды қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлемеден 10 %-ды құрайды, бірақ 4 АЕК-тен аспайды;
      3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлемеден 100 %-ды құрайды.
      Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда екінші деңгейлі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
      Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық сұрау салу берілген жағдайда төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) немесе екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асырылады.
      Порталға көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» лицензиялық алымның төленгені туралы электрондық чек жіберіледі. Төлем туралы ақпарат көрсетілетін қызметтерге төлем жасау тарихында сақталады.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі;
      2) порталдың – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) лицензия алу үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      көрсетілетін қызмет алушының заңды тұлғасын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәлік;
      көрсетілетін қызметті алушыны салық органында есепке қою туралы куәліктің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі;
      жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі;
      біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар.
      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы және көрсетілетін қызметті алушыны салық органында есепке қою туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы алады және олардағы ақпаратты уәкілетті лауазымды адамдардың электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алу мүмкіндігі болған жағдайда талап етілмейді;
      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      лицензияны қайта ресімдеу үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі;
      3) көрсетілетін қызметті алушы лицензияны жоғалтқан, бүлдірген кезде порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтер алу мүмкіндігі болмаған кезде ғана көрсетілетін қызметті берушіге лицензияның телнұсқасын алу үшін мына құжаттарды ұсына отырып өтініш береді:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариатта куәландырылған) көшірмесі;
      порталға:
      1) лицензия алу үшін:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;
      ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны түріндегі біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы ақпарат.
      Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін, ЭҮТШ арқылы бюджетке лицензиялық алымның төленгені туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті беруші тиісті уәкілетті лауазымды адамдардың ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында портал арқылы алады;
      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;
      ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі түріндегі құжат;
      3) көрсетілетін қызметті алушы лицензияны жоғалтқан, бүлдірген кезде порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтер алу мүмкіндігі болмаған кезде ғана көрсетілетін қызметті берушіге лицензияның телнұсқасын алу үшін мына құжаттарды ұсына отырып жүгінеді:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-рымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;
      ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі түріндегі құжат.
      Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі лицензия және ЭҮТШ арқылы бюджетке лицензиялық алымның төленгені туралы құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті лауазымды адамның ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында портал арқылы алады.
      Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері түпнұсқаларды көшірмелерімен және мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтермен түпнұсқалығын салыстырып тексереді, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
      Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге рұқсат етілмейді.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
      көрсетілетін қызметті берушіге – көрсетілетін қызметті берушіге ұсынылған барлық құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, көшірмесі құжаттарды қабылдау күні қойылған белгімен өтінім берушіге жіберіледі (табысталады);
      портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұраудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
      10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер:
      1) осы субъектілер санаты үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынған қызмет түрімен айналысу;
      2) қызмет түріне лицензия беруге өтінім берілген жағдайда жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымды енгізбеу;
      3) көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
      4) келісім беретін мемлекеттік органның көрсетілетін қызмет алушыға лицензия беруге келісім бермеуі;
      5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оған жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімінің болуы;
      6) сот орындаушысы ұсынымының негізінде соттың көрсетілетін қызметті алушыға лицензия алуға тыйым салуы болып табылады.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың
лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
      шағым www.minagri.gov.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша тиісті көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
      Шағымдар жұмыс күндері пошта арқылы жазбаша нысанда немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларда электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
      Шағымды қабылдаған тұлғаның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу күні мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.
      Көрсетілетін қызмет берушінің атына келіп түскен көрсетілген қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
      Электрондық өтінішті портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын шағымның қаралу барысы туралы ақпарат (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа өтініш білдіруге құқығы бар. 

4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысан арқылы
көрсетілетін қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге талаптар

      13. Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын адамдарда көрсетілетін қызметті берушіге жеке өздерінің келу мүмкіндігінің болмауын ескере отырып, оларға мемлекеттік қызметті көрсету көрсетілетін қызметті алушының нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша өкіліне, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» порталда не пошта арқылы жүзеге асырылады.
      14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары www.minagri.gov.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
      16. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
      17. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414. 

«Астық қолхаттарын беру арқылы
қойма қызметі бойынша қызметтер
көрсетуге лицензия беру, қайта
ресімдеу, лицензияның    
телнұсқаларын беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша         

___________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)
________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының толық атауы, БСН деректемелері)

Өтiнiш
_____________________________________________________________________
(қызметтiң түрi көрсетiлсiн)

_____________________________________________________________________
бойынша қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны беруді,
лицензияны қайта ресімдеуді, лицензияның телнұсқасын (қажеттісінің
асты сызылсын) беруді сұраймын
Мекенжайы ___________________________________________________________
             (индексi, қала, аудан, облыс, телефон, факс, е-mail)
_____________________________________________________________________
Банктік шоты ________________________________________________________
_____________________________________________________________________
   (шот нөмiрi, банктiң атауы және орналасқан жерi, телефон, факс,
                                 е-mail)
Филиалдары (өкiлдiктерi, объектiлерi, пункттерi, учаскелерi) ________
_____________________________________________________________________
               (орналасқан жерi және деректемелерi)
Қоса берiлетін құжаттар:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Басшы ______            _____________________________________________
      (қолы)                (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса))

Мөр орны 20__ жылғы _____________

Өтiнiш 20__ жылғы __________________ қарауға қабылданды
_____________________________________________________________________
      (жауапты адамның қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

«Астық қолхаттарын беру арқылы
қойма қызметі бойынша қызметтер
көрсетуге лицензия беру, қайта
ресімдеу, лицензияның    
телнұсқаларын беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша         

Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметi бойынша қызметтер
көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын
бiлiктiлiк талаптарына сәйкестік туралы мәліметтер нысаны

      Астық сақтау қоймасына (элеватор, астық қабылдау пункті) меншік
құқығын және үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша оған (оларға)
салынған ауыртпалықтың жоқтығын растайтын жылжымайтын мүлікке
құқықтарды және онымен жасалған мәмілелерді тіркеу органы
анықтамасының нөмірі және күні: _____________________________________
      Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайы ______________________
      Меншік иесі (құқық иеленуші) __________________________________
      Санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық саласындағы орган
қорытындысының бар-жоғы туралы мәліметтер:
      нөмірі ________________________________________________________
      күні __________________________________________________________
      санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды (қорытынды мәртебесі)
      _______________________________________________________________
      Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органының
атауы _______________________________________________________________

      Технологиялық жабдықтың бар-жоғы туралы мәліметтер:

Жабдықтың атауы

Өлшем бірлігі

20__ жылғы _____
қолда бары

Жай-күйі

1

2

3

4

астық тазалау машиналары

дана



астық кептіру жабдығы

дана/сағатына тонна



тексеру туралы сертификаттың деректері (нөмірі, берілген күні, метрологиялық қызметтің атауы, сертификаттың қолданылу мерзімі) көрсетілген таразы жабдығы (белгіленген тәртіппен тексерілген)

дана



тиеу-түсіру құрылғылары

дана



көтергіш-көлік жабдығы

дана



жылжымалы көлік жабдығы

дана



белсенді желдету жабдығы

дана



астық сақтауға арналған ыдыстар

мың тонна



сақтау кезінде астықтың температурасын және ылғалдылығын бақылауға арналған жабдық

жиынтық



асфальтталған алаңдар

шаршы метр



      Өткізу режимінің, аумақтың қоршалуының бар-жоғы туралы
мәліметтер
_____________________________________________________________________

      Зертханадағы өлшеу құралдарының жай-күйі туралы куәлік пен
өлшеу құралдарын тексеру туралы сертификаттардың бар-жоғы
туралы мәліметтер

Р/с

Құжаттың атауы

Құжаттың нөмірі

Құжаттың басталу күні

Іс-әрекеттің аяқталу күні

Метрологиялық қызметтің атауы

1

2

3

4

5

6

      Астық сапасын айқындауға арналған өндірістік-техникалық
зертхананың жарамды жабдықпен және аспаптармен жарақталуы туралы
мәліметтер

Объект

Өлшем бiрлiгi

20__ жылғы ______
қолда бары

1

2

3

Сынама іріктегіштер

дана


Ылғал өлшегiштер

дана


Кептiргiш шкафтар

дана


Зертханалық таразылар

дана


Дәнді ұнтақтауға арналған диірмендер

дана


Елеуіштер жиынтығы

дана


Пуркалар

дана


Ақуыздың үлесін анықтауға арналған құрылғы

дана


Дән маңызының үлесі мен сапасын анықтауға арналған құрылғы

дана


Құлау санын анықтауға арналған құрылғы

дана


Астықтың зақымданғанын анықтауға арналған оптикалық аспаптар

дана


Астық үлгілерін сақтауға арналған сөрелер

дана


      Техникалық басшылар мен мамандардың бiлiктi құрамының бар-жоғы
туралы мәліметтер:

Р/с

Маманның
Т.А.Ә.

Лауазымы

Білімі бойынша мамандығы

Мамандығы бойынша жұмыс өтілі

1

2

3

4

5

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады