Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 ақпандағы № 162 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 тамыздағы № 663 қаулысымен

«Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін
қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2014 жылғы 28 ақпандағы № 162 қаулысына
баспасөз релизі

      «Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28ақпандағы № 162 қаулысына (бұдан әрі қаулы) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 3) тармақшасына сәйкес әзірленді.
      Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Осы қаулымен атом энергиясын қолдану саласындағы 10 мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бекітілді:
      1) «Атом энергиясын пайдалану объектілерінің тіршілік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      2) «Ядролық материалдармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      3) «Радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      4) «Иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      5) «Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      6) «Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      7) «Ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәулененудіңрадиоизотоптық көздерін, радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      8) «Ядролық сынақтар жүргізу салдарынан ластанған бұрынғы ядролық сынақ полигондарының аумақтарындағы және басқа да аумақтардағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      9) «Ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      10) «Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты.
      Қаулы жеке және заңды тұлғаларға көрсетілген қызметтердің айқындылығын, сапалылығын және тиімділігін қамтамасыз ету және көрсетілетін қызметті алушыларға рұқсат беру құжаттарын алу рәсімін қарапайымдандыру мақсатында әзірленді.
      Қаулы республикалық бюджеттен қосымша шығындарды талап етпейді жәнетеріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкелмейді.
      Болжанатын тиімділігі: мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуға тең қол жеткізу, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызметті алушылармен кері байланысты және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бірыңғай тәсілін қамтамасыз ету.

      Қазақстан Республикасының
      Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз