"Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 тамыздағы № 1210 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 343 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 526 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.08.2017 № 526 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 тамыздағы № 1210 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 34, 413-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясының құрамы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 11 сәуірдегі
№ 343 қаулысына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2000 жылғы 7 тамыздағы
№ 1210 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясының құрамы

      Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі, төраға

      Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО жанындағы тұрақты өкілі,

      Қазақстан Республикасының Франциядағы елшісі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің кеңесшісі, бас хатшы

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі

      Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрі

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі

      Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы

      Қазақстан Республикасының Мұнай және газ вице-министрі, ЮНЕСКО клубтарының Қазақстандық Федерациясының президенті

      Р. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры (келісім бойынша)

      Ш. Уәлиханов атындағы Этнология және тарих институтының директоры (келісім бойынша)

      Ә. Марғұлан атындағы Археология институтының директоры (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының бас директоры (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұражайының директоры (келісім бойынша)

      Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өнер мұражайының директоры (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының президенті (келісім бойынша)

      Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры (келісім бойынша)

      Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры (келісім бойынша)

      Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры (келісім бойынша)

      Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры (келісім бойынша)

      Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры (келісім бойынша)

      Түркі академиясының президенті (келісім бойынша)

      М. Әуезов атындағы Қордың президенті, Қазақстан Республикасы Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі ұлттық комитеттің құрметті төрағасы (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының бас директоры, Қазақстан Республикасы Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі ұлттық комитеттің төрағасы (келісім бойынша)

      Халықаралық мұражайлар кеңесі (ИКОМ) комитетінің төрағасы (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамының төрағасы (келісім бойынша)

Сүлейменов

Олжас Омарұлы

-

қоғам қайраткері (келісім бойынша)

Есім Ғарифолла

-

қоғам қайраткері (келісім бойынша)

Байпақов

Карл Молдахметұлы

-

Қазақстан Республикасының Ә. Марғұлан атындағы Археология институтының құрметті директоры, бас ғылыми қызметкері (келісім бойынша)

Северский

Игорь Васильевич

-

Қазақстан Республикасы География институтының бас ғылыми қызметкері, ЮНЕСКО-ның Халықаралық гидрологиялық бағдарламасы жөніндегі ұлттық комитеттің төрағасы (келісім бойынша)

Ященко

Роман Васильевич

-

Қазақстан Республикасы Зоология институтының бас ғылыми қызметкері, "Адам және биосфера" ұлттық комитетінің төрағасы (келісім бойынша)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады