2014 жылға арналған республикалық бюджет көрсеткіштерін түзету туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 390 қаулысы

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 111-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2014 жылға арналған республикалық бюджет көрсеткіштерін түзету жүзеге асырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мүдделі республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен бірлесіп, тиісті қаржы жылына арналған міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізсін.
      3. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері осы қаулыға қол қойылған сәттен бастап бір ай мерзімде стратегиялық жоспарларға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылғы 23 сәуірдегі
№ 390 қаулысына  
қосымша       

2014 жылға арналған республикалық бюджет көрсеткіштерін түзету

                                                мың теңге

Функционалдық топ

Атауы

Өзгерістер
(+/-)


Әкімші


Бағдарлама




II. Шығындар

0

1



Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

-525 441


101


Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі

562 652



005

Ведомстволық бағыныстағы мекемелердің күрделі шығыстары

38 644



008

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасының қызметін қамтамасыз ету

524 008


104


Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi

-1 088 093



004

Ведомстволық бағыныстағы мекемелердің күрделі шығыстары

-38 644



011

Назарбаев орталығының қызметін қамтамасыз ету

-1 049 449

8



Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

525 441


238


Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

525 441



010

Тарихи-мәдени мұраларды сақтауды қамтамасыз ету

525 441

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады