"Инновациялық технология бойынша өңделген шойын ала отырып темір кенін өндіру және өңдеу" басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2014 жылға арналған квота белгілеу және "Инновациялық технология бойынша өңделген шойын ала отырып темір кенін өндіру және өңдеу" басым жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің шарттарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі № 397 қаулысы

«Инновациялық технология бойынша өңделген шойын ала отырып темір кенін өндіру және өңдеу» басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2014 жылға арналған квота белгілеу және «Инновациялық технология бойынша өңделген шойын ала отырып темір кенін өндіру және өңдеу» басым жобасын іске асыру үшін шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат берудің шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі №397 қаулысына
баспасөз релизі

      «Инновациялық технология бойынша өңделген шойын ала отырып темір кенін өндіру және өңдеу» басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2014 жылға арналған квота белгілеу және «Инновациялық технология бойынша өңделген шойын ала отырып темір кенін өндіру және өңдеу» басым жобасын іске асыру үшін шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат берудің шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі №397 қаулысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы №45 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квотаны белгiлеу қағидаларының 4510-тармақтарына және Шетелдiк қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат берудiң қағидалары мен шарттарының 46-тармағына сәйкес әзірлеген.
      Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қаулының мақсаты басым жоба бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға2014 жылға арналған квотаны белгілеу.
      Қаулы республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржылық шығындарды талап етпейді және теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкелмейді.
      Болжамды тиімділік: Алматы облысының аймақтық индустрияландыру картасында қарастырылған «Инновациялық технология бойынша өңделген шойын ала отырып темір кенін өндіру және өңдеу» басым жобаның уақытында және сапалы іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында.

      Қазақстан Республикасының
      Индустрия және жаңа
      технологиялар министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз