Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 маусымдағы № 656 қаулысы

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 19-бабына, «2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне Байқоңыр қаласының денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға Қызылорда облысының әкімдігіне ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде аудару үшін 2014 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 604151000 (алты жүз төрт миллион бір жүз елу бір мың) теңге сомасында қаражат бөлінсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2014 № 1428 қаулысымен.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
      3. Қызылорда облысының әкімі 2015 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне бөлінген қаражаттың нысаналы пайдаланылуы жөнінде есеп берсін.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2014.11.10 № 1187 қаулысымен.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады