Филиппин Республикасына ізгілік көмек көрсету туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 маусымдағы № 678 қаулысы

      Филиппин Республикасында қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық ахуалға байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне Филиппин Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін 2014 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің айырбасталатын күнгі ресми бағамы бойынша 100000 (жүз мың) АҚШ долларына баламалы сомада қаражат бөлсін.
      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен көрсетілген қаражатты арнайы банктік шотқа аударуды қамтамасыз етсін:

      National Disaster Risk Reduction and Management Center (NDRRMC)
      Account Name: NDRRMC Donated Fund
      Account Numbers: 0435-021927-030 (Peso Account); 0435-021927-530 (dollar account)
      SWIFT CODE: DBPHPHMM Account # 36002016
      Bank Branch Address: Development Bank of Philippines (DBP) Camp Aguinaldo Branch, PVAO Compound, Camp Aguinaldo Quezon City 1110, Philippines
      Contact Person: Ms. Rufina A. Pascual – Collecting officer NDRRMC, Office of Civil Defence, Camp Aguinaldo, Quezon City
      Contact Nos.: (+632) 421-1920; 911-5061 to 65 local 116
      E-mail: accounting@ocd.gov.ph
      Website: www.ndrrmc.gov.ph

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады