"Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2014 жылға арналған нысаналы трансферт бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 10 қазандағы № 669 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 маусымдағы № 701 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2014 жылға арналған нысаналы трансферт бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 10 қазандағы № 669 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

«Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2014 жылға арналған нысаналы трансферт бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 10 қазандағы № 669 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2014 жылға арналған нысаналы трансферт бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 10 қазандағы № 669 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2014 жылға арналған республикалық бюджетке:
      Астана - Алматы автожолының Астана - Қарағанды, Алматы - Қапшағай учаскелерін салуға;
      Астана - Павлодар автожолын салуға;
      «Жезқазған - Бейнеу» теміржолын салуға;
      ЭКСПО-2017-ні өткізуге дайындыққа;
      Инфрақұрылымдық жобалар қорын қалыптастыруға «Бәйтерек» ұлттық
басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға 150 (жүз елу) миллиард теңге;
      банк секторын сауықтыру үшін «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамын капиталдандыруға 250 (екі жүз елу) миллиард теңге мөлшерінде нысаналы трансферт бөлінсін.».
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады