Кредиторлар талаптары тiзiлiмiнің нысандарын, оны қалыптастыру қағидалары мен мерзімін бекiту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 762 қаулысы.

      "Оңалту және банкроттық туралы" 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 72-бабының 7-тармағына және 88-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) оңалту рәсіміндегі кредиторлар талаптары тізілімінің нысаны;

      2) банкроттық рәсіміндегі кредиторлар талаптары тізілімінің нысаны;

      3) мақта өндеу ұйымдары кредиторларының талаптары тізілімінің нысаны;

      4) астық қабылдау кәсіпорындары кредиторларының талаптары тізілімінің нысаны;

      5) Кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру қағидалары мен мерзімі бекітілсін.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 желтоқсандағы № 1437 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 5, 100-құжат);

      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1363 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 72, 951-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 15-тармағы.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 2 шілдедегі
№ 762 қаулысымен
бекітілген
  Нысан
  20 __ жылғы "____" __________
  (кредиторлар талаптарының
  тізілімін уәкілетті органның
  интернет-ресурсында жариялау күні)

Оңалту рәсіміндегі кредиторлар талаптарының тізілімі

      Ескерту. Тізілім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.06.2017 № 334 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – 01.11.2018 № 705 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      _________________________________________________

      (оңалтылатын борышкердің атауы)

Р/с

Кезек, кредитордың Т.А.Ә. (бар болса)/атауы

Кредитордың жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН)

Қойылған талаптардың сомасы (теңге)

Әкімші қабылдаған шешімнің негізділігін растайтын құжаттар (атауы, күні, нөмірі), берешек туындаған күн

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

1.

Бірінші кезек





1)

Тиісті мерзімдік төлемдерді капиталдандыру жолымен айқындалған, азаматтардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін олардың алдында борышкер жауапты болатын азаматтардың талаптары






Жиыны:





2)

Алименттерді өндіріп алу бойынша талаптар






Жиыны:





3)

Еңбек шарты бойынша жұмыс істеген адамдарға борышкерде оңалту туралы іс жүргізу қозғалғанға дейін бір жыл алдындағы күнтізбелік он екі ай бұрын қалыптасқан орташа айлық жалақыдан асырылмай есептелген еңбекақы және өтемақылар төлеу бойынша талаптар






Жиыны:





4)

Борышкерде оңалту туралы іс жүргізу қозғалғанға дейін бір жыл алдындағы күнтізбелік он екі ай бұрын қалыптасқан орташа айлық жалақы есебінен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар бойынша берешек






Жиыны:





5)

Борышкерде оңалту туралы іс жүргізу қозғалғанға дейін бір жыл алдындағы күнтізбелік он екі ай бұрын қалыптасқан орташа айлық жалақы есебінен жалақыдан ұсталған міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек






Жиыны:





6)

Борышкерде оңалту туралы іс жүргізу қозғалғанға дейін бір жыл алдындағы күнтізбелік он екі ай бұрын қалыптасқан орташа айлық жалақы есебінен жалақыдан ұсталған табыс салығы бойынша берешек






Жиыны:





7)

Авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу бойынша талаптар






Жиыны:






Бірінші кезек бойынша жиыны:





2.

Екінші кезек





1)

Борышкердің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделген мүлік кепілімен қамтамасыз етілген міндеттемелер бойынша кредиторлардың талаптары






Жиыны:





2)

Орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын клирингтік ұйымның бұрын жасалған және осы клирингтік ұйымға қатысушы болып табылатын орындамаған банкрот, орталық контрагент қатысатын мәмілелердің нәтижесінде туындаған талаптары






Жиыны:






Екінші кезек бойынша жиыны:





3.

Үшінші кезек





1)

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешек





2)

Борышкер салық есептілігіне сәйкес есептеген, салық қызметі органы өткен салық кезеңдері мен оңалту рәсімі қолданылған салық кезеңі үшін салықтық тексерулер нәтижелері бойынша есептеген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша берешек






Үшінші кезек бойынша жиыны:





4.

Төртінші кезек





1)

Азаматтық-құқықтық және өзге де міндеттемелер бойынша кредиторлардың талаптары






Жиыны:





2)

Кепілді өткізуден түскен сома мөлшерінен асатын кепілді кредиторлардың талаптары






Жиыны:






Төртінші кезек бойынша жиыны:





5.

Бесінші кезек





1)

Залалдар, тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар, өсімпұлдар)






Жиыны:





2)

Еңбек қатынастары оңалту туралы іс бойынша іс жүргізу қозғалғанға дейін бір жылдан басталған уақыт кезеңі ішінде туындаған кредиторлардың борышкерде оңалту туралы іс бойынша іс жүргізу қозғалғанға дейін бір жыл алдындағы күнтізбелік он екі ай бұрын қалыптасқан орташа айлық жалақы мөлшерінен асатын еңбекақы және өтемақылар төлеу бойынша талаптары






Жиыны:





3)

Оңалту туралы іс бойынша іс жүргізу қозғалғанға дейін бір жылдан бастап есептелген кезеңде қызметкердің жалақысын көтеру нәтижесінде қалыптасқан еңбекақы және өтемақылар төлеу бойынша кредиторлар талаптарының ұлғаю сомасы






Жиыны:





4)

Талаптар қою мерзімі өткеннен кейін мәлімделген талаптар





...







Бесінші кезек бойынша жиыны:






Тізілім бойынша жиыны:





6.

Танылмаған талаптар:






Жиыны:





      Әкімші

      ______________________________________ ___________ ____________________

      (борышкердің атауы/ Т.А.Ә. (бар болса))            (қолы)            (Т.А.Ә. (бар болса))

      М.О. (бар болса)

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 2 шілдедегі
№ 762 қаулысымен
бекітілген

      Нысан

      20 __ жылғы "____" ___________

      (кредиторлар талаптарының тізілімін

      уәкілетті органның интернет-ресурсында

      жариялау күні)

Банкроттық рәсіміндегі кредиторлар талаптарының тізілімі

      Ескерту. Тізілімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 01.09.2015 № 726 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – 01.11.2018 № 705 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

______________________________________________________________ (таратылатын борышкердің атауы/Т.А.Ә. (бар болса))

Р/с

Кезек, кредитордың Т.А.Ә. (бар болса)/ атауы

Кредитордың жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнессәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН)

Қойылған талаптардың сомасы (теңге)

Әкімші қабылдаған шешімнің негізділігін растайтын құжаттар (атауы, күні, нөмірі), берешек туындаған күн

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

1.

Бірінші кезек





1)

Тиісті мерзімдік төлемдерді капиталдандыру жолымен айқындалған, өмірі мен денсаулығына зиян келтірілгені үшін олардың алдында борышкер жауапты болатын азаматтардың талаптары











Жиыны:





2)

Алименттерді өндіріп алу талаптары











Жиыны:





3)

Еңбек шарты бойынша жұмыс істеген адамдарға борышкерде банкроттық туралы іс жүргізу қозғалғанға дейін бір жыл алдындағы күнтізбелік он екі ай бұрын қалыптасқан орташа айлық жалақы есебінен еңбекақы және өтемақылар төлеу бойынша талаптар











Жиыны:





4)

Борышкерде банкроттық туралы іс жүргізу қозғалғанға дейін бір жыл алдындағы күнтізбелік он екі ай бұрын қалыптасқан орташа айлық жалақы есебінен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар бойынша берешек











Жиыны:





5)

Борышкерде банкроттық туралы іс жүргізу қозғалғанға дейін бір жыл алдындағы күнтізбелік он екі ай бұрын қалыптасқан орташа айлық жалақы есебінен жалақыдан ұсталған міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек











Жиыны:





6)

Борышкерде банкроттық туралы іс жүргізу қозғалғанға дейін бір жыл алдындағы күнтізбелік он екі ай бұрын қалыптасқан орташа айлық жалақы есебінен жалақыдан ұсталған табыс салығы бойынша берешек











Жиыны:





7)

Авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу талаптары











Жиыны:






Бірінші кезек бойынша барлығы:





2.

Екінші кезек





1)

Борышкердің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделген мүлік кепілімен қамтамасыз етілген міндеттемелер бойынша кредиторлардың талаптары






Жиыны:





2)

Банкроттық рәсімін жүргізу кезеңінде банкроттықты басқарушының кредит алуы нәтижесінде туындаған кредиторлардың талаптары






Жиыны:





3)

Орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын клирингтік ұйымның бұрын жасалған және осы клирингтік ұйымға қатысушы болып табылатын орындамаған банкрот, орталық контрагент қатысатын мәмілелердің нәтижесінде туындаған талаптары






Жиыны






Екінші кезек бойынша жиыны:





3.

Үшінші кезек





1)

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешек










2)

Салық төлеуші салық есептілігіне сәйкес есептеген, салық қызметі органы өтіп кеткен салық кезеңдері мен банкроттық рәсімі қолданылған салық кезеңі үшін салықтық тексерулер нәтижелері бойынша есептеген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша берешек











Үшінші кезек бойынша жиыны:





4.

Төртінші кезек





1)

Азаматтық-құқықтық және өзге де міндеттемелер бойынша кредиторлардың талаптары











Жиыны:





2)

Кепілмен қамтамасыз етілмеген бөлігінде міндеттемелер бойынша кепілді кредиторлардың талаптары











Жиыны:





3)

Кепілді өткізуден түсетін сома мөлшерінен асатын кепілді кредиторлардың талаптары











Жиыны:





4)

Егер кепілді мүліктің бағалау құны кепілді кредитор бірінші кезектегі кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру есебіне төлеген сомамен жиынтықта кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілген кепілді кредитордың талаптарынан кем болған жағдайда, айырма мөлшеріндегі кепілді мүлікті беру кезіндегі кепілді кредиторлардың талаптары











Төртінші кезек бойынша жиыны:





5.

Бесінші кезек





1)

Залалдар, тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар, өсімпұлдар)











Жиыны:





2)

Еңбек қатынастары банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізу қозғалғанға дейін бір жылдан басталған уақыт кезеңі ішінде туындаған кредиторлардың борышкерде банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізу қозғалғанға дейін бір жыл алдындағы күнтізбелік он екі ай бұрын қалыптасқан орташа айлық жалақы мөлшерінен асатын еңбекақы және өтемақылар төлеу бойынша талаптары.











Жиыны:





3)

Банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізу қозғалғанға дейін бір жылдан бастап есептелген кезеңде қызметкердің жалақысын арттыру нәтижесінде қалыптасқан кредиторлардың еңбекақы және өтемақылар төлеу бойынша кредиторлар талаптарының ұлғаю сомасы











Жиыны:





4)

Талаптар қою мерзімі өткеннен кейін мәлімделген талаптар











Бесінші кезек бойынша жиыны:






Тізілім бойынша жиыны:





6.

Танылмаған талаптар:











Жиыны:






      Әкімші

      ______________________________________ ___________ __________________

      (борышкердің атауы/ Т.А.Ә. (бар болса)) (қолы) (Т.А.Ә. (бар болса))

      М.О. (бар болса)

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 2 шілдедегі
№ 762 қаулысымен
бекітілген

      Нысан

      20___ жылғы "____" ___________

      (кредиторлар талаптарының тізілімін

      уәкілетті органның интернет-ресурсында

      жариялау күні)

Астық қабылдау кәсіпорнының кредиторлары талаптарының тізілімі ______________________________________________________________

      (таратылатын борышкердің атауы/Т.А.Ә. (бар болса))

Р/с

Кезек, кредитордың Т.А.Ә. (бар болса)/атауы

Кредитордың жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН)

Қойылған талаптардың сомасы (теңге)

Әкімші қабылдаған шешімнің негізділігін растайтын құжаттар (атауы, күні, нөмірі), берешек туындаған күн

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

1.

Бірінші кезек





1)

Азаматтардың өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiрілгенi үшiн олардың алдында таратылатын астық қабылдау кәсiпорны жауап беретiн талаптары











Бірінші кезек бойынша барлығы:





2.

Екінші кезек





1)

Eңбек шарты бойынша жұмыс iстейтін адамдарға еңбекақы төлеу бойынша талаптар











Екінші кезек бойынша жиыны:





3.

Үшінші кезек





1)

Кепiл туралы мәлiметтердi қамтитын астық қолхаттарын ұстаушылардың талаптары











Үшінші кезек бойынша жиыны:





4.

Төртінші кезек





1)

Кепiл туралы мәлiметтердi қамтымайтын астық қолхаттарын ұстаушылардың талаптары











Төртінші кезек бойынша жиыны:





5.

Бесінші кезек





1)

Таратылатын астық қабылдау кәсiпорнының мүлiк кепiлiмен қамтамасыз етiлген мiндеттемелер бойынша кредиторлардың талаптары











Бесінші кезек бойынша жиыны:





6.

Алтыншы кезек





1)

Бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдер бойынша талаптар











Алтыншы кезек бойынша жиыны:





7.

Жетінші кезек





1)

Заңнамалық актiлерге сәйкес басқа кредиторлардың талаптары











Жетінші кезек бойынша жиыны:






Тізілім бойынша жиыны:





8.

Танылмаған талаптар:





….







Жиыны:






      Әкімші

      ____________________________________ ___________ ____________________

      (борышкердің атауы/ Т.А.Ә. (бар болса)) (қолы) (Т.А.Ә. (бар болса))

      М.О. (бар болса)

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 2 шілдедегі
№ 762 қаулысымен
бекітілген

      Нысан

      20___ жылғы "____" __________

      (кредиторлар талаптарының тізілімін

      уәкілетті органның интернет-ресурсында

      жариялау күні)

Мақта өңдеу ұйымының кредиторлары талаптарының тізілімі ______________________________________________________________

      (таратылатын борышкердің атауы/Т.А.Ә. (бар болса))

Р/с

Кезек, кредитордың Т.А.Ә. (бар болса)/

атауы

Кредитордың жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН)

Қойылған талаптардың сомасы (теңге)

Әкімші қабылдаған шешімнің негізділігін растайтын құжаттар (атауы, күні, нөмірі), берешек туындаған күн

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

1.

Бірінші кезек





1)

Тиісті мерзімдік төлемдерді капиталдандыру арқылы өміріне немесе денсаулығына зиян келтірілгені үшін олардың алдында таратылатын мақта өңдеу ұйымы жауапты болатын азаматтардың талаптары











Бірінші кезек бойынша барлығы:





2.

Екінші кезек





1)

Жеке еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдарға еңбекақы, жалақыдан ұсталған алименттерді және міндетті зейнетақы жарналарын, сондай-ақ авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу бойынша талаптар











Екінші кезек бойынша жиыны:





3.

Үшнші кезек





1)

Кепіл туралы мәліметтерді қамтитын мақта қолхаттарын ұстаушылардың талаптары; мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді өтеуге байланысты жүргізілген төлемдер бойынша мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорының болашақтағы талаптары











Үшінші кезек бойынша жиыны:





4.

Төртінші кезек





1)

Кепіл туралы мәліметтерді қамтымайтын мақта қолхаттарын ұстаушылардың талаптары











Төртінші кезек бойынша жиыны:





5.

Бесінші кезек





1)

Таратылатын мақта өңдеу ұйымының мүлік кепілдігімен қамтамасыз етілген міндеттемелер бойынша кредиторлардың талаптары











Бесінші кезек бойынша жиыны:





6.

Алтыншы кезек





1)

Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша талаптар











Алтыншы кезек бойынша жиыны:





7.

Жетінші кезек





1)

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа кредиторлардың талаптары











Жетінші кезек бойынша жиыны:






Тізілім бойынша жиыны:





8.

Танылмаған талаптар:





….







Жиыны:






      Әкімші

      ____________________________________ ___________ ____________________

      (борышкердің атауы/ Т.А.Ә. (бар болса)) (қолы) (Т.А.Ә. (бар болса))

      М.О. (бар болса)

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 2 шілдедегі
№ 762 қаулысымен
бекітілген

Кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру қағидалары
мен мерзімі
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру қағидалары мен мерзімі (бұдан әрі – Қағидалар) "Оңалту және банкроттық туралы" 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 72-бабының 7-тармағына және 88-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және оңалту рәсімін қолдану кезінде - уақытша әкімшінің және банкроттық туралы іс қозғалған кезде уақытша басқарушының кредиторлар талаптарының тізілімін (бұдан әрі – тізілім) қалыптастыру тәртібін айқындайды.

      Заңның 71-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына және 89-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына сәйкес тізілімді жүргізуді оңалту рәсімін жүргізу кезінде – оңалтуды басқарушы және банкроттық рәсімін жүргізу кезінде банкроттықты басқарушы жүзеге асырады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.06.2017 № 334 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2. Оңалту рәсімі кезінде тізілімді қалыптастыру тәртібі

      2. Кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру және олардың мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында уақытша әкімші соттың оңалту рәсімін қолдану туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап екі айдан кешіктірілмейтін мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысан бойынша тізілімді қалыптастырады.

      3. Тізілімді қалыптастыру үшін уақытша әкімші тағайындалған күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі – уәкілетті орган) оңалту рәсiмiн қолдану және кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы қазақ және орыс тілдеріндегі хабарландыруды (бұдан әрі – хабарландыру) жолдайды.

      Хабарландыру уәкілетті органның және борышкердің интернет-ресурсында (бар болса) екі жұмыс күні ішінде орналастырылады.

      4. Кредиторлардың борышкерге қоятын талаптары ерікті түрде жазбаша нысанда мәлімделуі тиіс және мыналар:

      1) талаптың сомасы туралы (негізгі берешектің, сыйақының (мүдденің), тұрақсыздық айыбының және өзге де айыппұл санкцияларының, залалдардың сомасы туралы жеке-жеке) мәліметтер;

      2) кредиторлар жиналысын өткізу туралы хабарландыру тәсілдерінің бірін көрсету қамтылуы қажет.

      Талаптар, егер осы Қағидалардың 10-тармағының бірінші бөлігінде өзгеше белгіленбесе, кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы хабарлама жарияланған сәттен бастап бір айдан кешіктірілмейтін мерзімде мәлімделуі және хабарландыруда көрсетілген мекенжайға жіберілуі тиіс.

      Кредитордың осы Қағидалардың 4-тармағының екінші бөлігінде белгіленген мерзімнен кешіктіріліп мәлімделген талабы уақытша әкімшіге немесе оңалтуды басқарушыға жолданады.

      Өтінішке талаптың негізі мен сомасын растайтын құжаттардың көшірмелері (заңды күшіне енген сот шешімдері, шарттардың көшірмелері, борышкердің қарызын мойындауы) қоса беріледі, салыстырып тексеру үшін онымен бір мезгілде құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

      Кредиторлар талаптың негізі мен сомасын растайтын өзге құжаттарды ұсынуға құқылы.

      Кредиторлардың шетел валютасында көрсетілген талаптары сот оңалту рәсімін енгізу туралы шешім қабылдаған сәтте Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша теңгемен ескеріледі.

      Кредиторлар борышкерге берешек сомасын және осы сомаға тиесілі сыйақыны (мүддені), борышкер тарапынан міндеттемелердің орындалмауынан немесе тиісінше орындалмауынан келтірілген залалдарды, тұрақсыздық айыбын (айыппұлдарды, өсімпұлдарды) қамтитын талаптарды қоюға құқылы.

      Сыйақының (мүдденің), залалдардың, тұрақсыздық айыбының (айыппұлдардың, өсімпұлдардың) сомасы сот оңалту рәсімін енгізу туралы шешім қабылдаған күні айқындалады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.06.2017 № 334 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      5. Өтініш пен оған қоса берілетін құжаттарды уақытша әкімші немесе оңалтуды басқарушы оларды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.06.2017 № 334 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      6. Кредиторлардың талаптарын толық көлемде немесе бір бөлігінде тануды немесе танымауды уақытша әкімші кредитор ұсынған құжаттарды борышкердің мынадай құжаттарымен салыстырып тексеру негізінде жүзеге асырады: бухгалтерлік құжаттама, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделген шарттар; кредитор мен борышкер арасындағы өзара есеп айырысуларды салыстырып тексеру актілері; түгендеу ведомосы; шот-фактуралар; кіріс кассалық ордерлері; фискалды чектер; тауарды жөнелтуге арналған жүкқұжаттар; тауарға ілеспе жүкқұжаттар; банктік шоттан көшірме жазбалар; шығыс кассалық ордерлері; салық есептілігі; күнін және берешектің пайда болу негізін, міндеттемелердің болуын растайтын өзге де құжаттар.

      Тізілімді борышкердің бухгалтерлік теңгеріміне кредиторлық берешекті таратып жазу негізінде қалыптастыруға жол берілмейді.

      7. Кредиторлардың талаптарын қарау нәтижелері туралы (танымау себептерін көрсете отырып, талаптарды толық көлемде немесе бір бөлігін тану немесе танымау туралы) уақытша әкімші шешім қабылданған күннен кейінгі күні әрбір кредиторды жазбаша хабардар етеді.

      8. Уақытша әкімші таныған кредиторлардың талаптары да тізілімге енгізіледі.

      Осы Қағидалардың 4-тармағының талаптарына сай келетін өтініш болған кезде кредиторлардың бұрын сотқа мәлiмдеген талаптары тiзiлiмге енгiзiледi.

      9. Кредитордың талабын (толық көлемде немесе бір бөлігінде) тану туралы хабарламада уақытша әкімші кредиторлардың алғашқы жиналысының өткізілу күнін, уақытын, орны мен күн тәртібін көрсетеді.

      10. Кредитордың осы Қағидалардың 4-тармағының екінші бөлігінде белгіленген мерзімнен кешіктіріліп мәлімделген талабы танылған жағдайда тізілімге енгізіледі, бірақ мұндай кредитор бір ай мерзімде мәлімделген кредиторлар талаптары толық қанағаттандырылғанға дейін кредиторлар жиналысында дауыс беру құқығынан айырылады.

      Осы Қағидалардың 5, 6, 7 және 8-тармақтарының талаптары, осы Қағидалардың 4-тармағының екінші бөлігінде белгіленген мерзімнен кешіктіріліп мәлімделген кредиторлардың талаптарын қарау кезінде оңалтуды басқарушыға қолданылады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.06.2017 № 334 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      11. Тізілім Заңның 104-бабында белгіленген кепілді кредиторлар талаптарының тәртібін қоспағанда, Заңның 100 және 101-баптарында белгіленген кезектілікті сақтай отырып қалыптастырылады.

      12. Уақытша әкімші тізілімнің әрбір кезегі бойынша бөлек іс қалыптастырады, онда хронологиялық тәртіппен және (немесе) логикалық кезектілікпен қолжазбаларсыз және артық даналарсыз: кредитордың өтініші; кредитор ұсынған құжаттар; уақытша әкімшінің қолымен куәландырылған кредитор талаптарының танылуын немесе танылмауын растайтын құжаттардың көшірмелері тігіледі.

      Әрбір істің тақырыбы (титул парағы) кезектің атауын қамтиды және қысқаша түрде оның мазмұнын көрсетеді.

      Әрбір іс тігіледі (бауланады), нөмірленеді және істің артқы бетінде борышкердің мөрімен (бар болса) куәландырылады және оған уақытша әкімші қол қояды. Құжаттар көлемі үлкен болған жағдайда, парақтары дербес нөмірленген томдар қалыптастырылады. Томдардан тұратын (олардың реттік нөмірлері көрсетілген) істің тақырыптары (кезектің атауы көрсетілген) осы томның ерекшеліктерін сипаттайтын ақпаратты қамтиды.

      Тізілімге өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, құжаттарға уақытша әкімші немесе оңалтуды басқарушы қол қояды, осы тармақта белгіленген тәртіппен бөлек қалыптастырылған істе ресімделеді және тігіледі.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 02.06.2017 № 334 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      13. Борышкер әр парағын дәйектеген, қол қойған және оның мөрімен (бар болса) куәландырылған тізілімді:

      1) уақытша әкімші – соттың оңалту рәсімін қолдану туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап екі айдан кешіктірілмейтін мерзімде;

      2) уақытша әкімші немесе оңалтуды басқарушы осы Қағидалардың 4-тармағының екінші бөлігінде белгіленген мерзімнен кешіктіріліп мәлімделген кредитор талаптарын таныған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қағаз және электрондық жеткізгіштерде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру үшін уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне жібереді.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.06.2017 № 334 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      14. Уәкілетті орган уақытша әкімші немесе оңалтуды басқарушы тізілімді ұсынған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оны өзінің интернет-ресурсында орналастырады.

      Егер ұсынылған тізілім бекітілген нысанға сәйкес келмесе не толық ақпаратты қамтымаса, уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі тізілімді алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде уақытша әкімшіге немесе оңалтуды басқарушыға жазбаша дәлелді ескертулер жібереді, ол алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оларды жоюы қажет.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.06.2017 № 334 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      15. Тізілім уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған күннен бастап қалыптастырылды (өзгертілді немесе толықтырылды) деп есептеледі.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.06.2017 № 334 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      16. Тізілім уәкілетті органның интернет-ресурсында оңалту рәсімі аяқталғанға дейін орналасады.

3. Банкроттық рәсімі кезінде тізілімді қалыптастыру тәртібі

      17. Кредиторлар талаптарын қанағаттандыру және олардың мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында уақытша басқарушы соттың борышкерді банкрот деп тану туралы шешімі шыққаннан кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысан бойынша тізілімді қалыптастырады.

      18. Тізілімді қалыптастыру үшін уақытша басқарушы соттың оны тағайындау туралы ұйғарымы шығарылған күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне банкроттық туралы істі қозғау және кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы қазақ және орыс тілдеріндегі хабарландыруды (бұдан әрі – банкроттық жөніндегі істі қозғау туралы хабарландыру) жібереді.

      Банкроттық жөнінде істі қозғау туралы хабарландыру уәкілетті органның және борышкердің интернет-ресурсында (бар болса) екі жұмыс күні ішінде орналастырылады.

      19. Уақытша басқарушы сот орындаушыларынан заңды күшіне енген сот шешімін немесе борышкерден ақшаны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде осындай кредиторларды банкроттық жөніндегі істі қозғау (борышкерді банкрот деп тану) және талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы жазбаша хабардар етеді.

      20. Уақытша басқарушы соттың банкроттық жөнінде істі қозғау туралы ұйғарымды шығарған күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде өміріне және денсаулығына зиян келтірілгені үшін олардың алдында борышкер жауапты болатын азаматтарды да борышкерді банкрот деп тану және талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы хабардар етеді.

      21. Кредиторлардың борышкерге қоятын талаптары ерікті түрде жазбаша нысанда мәлімделуі тиіс және мыналар:

      1) талаптың сомасы туралы (негізгі берешектің, сыйақының (мүдденің), тұрақсыздық айыбының және өзге де айыппұл санкцияларының, залалдардың сомасы туралы жеке-жеке) мәліметтер;

      2) кредиторлар жиналысын өткізу туралы хабарландыру тәсілдерінің бірін көрсету қамтылуы қажет.

      Талаптар, егер осы Қағидалардың 27-тармағының бірінші бөлігінде өзгеше белгіленбесе, кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы хабарлама жарияланған сәттен бастап бір айдан кешіктірілмейтін мерзімде мәлімделуі және хабарландыруда көрсетілген мекенжайға жіберілуі тиіс.

      Кредитордың осы Қағидалардың 21-тармағының екінші бөлігінде белгіленген мерзімнен кешіктіріліп мәлімделген талабы уақытша немесе банкроттықты басқарушыға жолданады.

      Өтінішке талаптың негізі мен сомасын растайтын құжаттардың көшірмелері (заңды күшіне енген сот шешімдері, шарттардың көшірмелері, борышкердің қарызын мойындауы) қоса беріледі, салыстырып тексеру үшін онымен бір мезгілде құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

      Кредиторлар талаптың негізі мен сомасын растайтын өзге құжаттарды ұсынуға құқылы.

      Кредиторлардың шетел валютасында көрсетілген талаптары сот банкроттық рәсімін енгізу туралы шешім қабылдаған сәтте Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша теңгемен ескеріледі.

      Кредиторлар борышкерге берешек сомасын және осы сомаға тиесілі сыйақыны (мүддені), борышкер тарапынан міндеттемелердің орындалмауынан немесе тиісінше орындалмауынан келтірілген залалдарды, тұрақсыздық айыбын (айыппұлдарды, өсімпұлдарды) қамтитын талаптарды қоюға құқылы.

      Сыйақының (мүдденің), залалдардың, тұрақсыздық айыбының (айыппұлдардың, өсімпұлдардың) сомасы борышкерді банкрот деп тану туралы шешім қабылдаған күні айқындалады.

      Егер кредиторлардың мәлімдеген талаптары бойынша сыйақы (мүдде), тұрақсыздық айыбы және өзге де айыппұл санкциялары, залалдар есептелген болса, онда мұндай кредиторлар борышкер банкрот деп танылғаннан кейін күнтізбелік он бес күн ішінде сыйақыны (мүддені), тұрақсыздық айыбын және өзге де айыппұл санкцияларын, залалдарды ескере отырып, өзінің талаптарын қайтадан мәлімдейді.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.06.2017 № 334 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      22. Өтініш пен оған қоса берілетін құжаттарды уақытша басқарушы немесе банкроттықты басқарушы оларды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.06.2017 № 334 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      23. Кредиторлардың талаптарын толық көлемде немесе бір бөлігін тануды немесе танымауды уақытша басқарушы кредитор ұсынған құжаттарды борышкердің мынадай құжаттарымен салыстырып тексеру негізінде жүзеге асырады: бухгалтерлік құжаттама, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделген шарттар; кредитор мен борышкер арасындағы өзара есеп айырысуларды салыстырып тексеру актілері; түгендеу ведомосы; шот-фактуралар; кіріс кассалық ордерлері; фискалды чектер; тауарды жөнелтуге арналған жүкқұжаттар; тауарға ілеспе жүкқұжаттар; банктік шоттан көшірме жазбалар; шығыс кассалық ордерлері; салық есептілігі; күнін және берешектің пайда болу негізін, міндеттемелердің болуын растайтын өзге де құжаттар.

      Тізілімді борышкердің бухгалтерлік теңгеріміне кредиторлық берешекті таратып жазу негізінде қалыптастыруға жол берілмейді.

      24. Кредиторлардың талаптарын қарау нәтижелері туралы (танымау себептерін көрсете отырып, талаптарды толық көлемде немесе бір бөлігін тану немесе танымау туралы) уақытша басқарушы шешім қабылданған күннен кейінгі күні әрбір кредиторды жазбаша хабардар етеді. Кредиторлардың борышкер банкрот деп танылғаннан кейін мәлімделген талаптары бойынша уақытша басқарушы шешім қабылданған күннен кейінгі күні осындай кредиторды жазбаша хабардар етеді.

      25. Уақытша басқарушы таныған кредиторлардың талаптары тізілімге енгізіледі.

      Осы Қағидалардың 21-тармағының талаптарына сай келетін өтініш болған кезде кредиторлардың бұрын сотқа мәлiмдеген талаптары да тiзiлiмге енгiзiледi.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.06.2017 № 334 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      26. Кредитордың талабын (толық көлемде немесе бір бөлігін) тану туралы хабарламада уақытша басқарушы кредиторлардың алғашқы жиналысының өткізілу күнін, уақытын, орны мен күн тәртібін көрсетеді.

      27. Кредитордың осы Қағидалардың 21-тармағының екінші бөлігінде белгіленген мерзімнен кешіктіріліп мәлімделген талабы танылған жағдайда тізілімге енгізіледі, бірақ мұндай кредитор бір ай мерзімде мәлімделген кредиторлар талаптары толық қанағаттандырылғанға дейін кредиторлар жиналысында дауыс беру құқығынан айырылады.

      Осы Қағидалардың 22, 23, 24 және 25-тармақтарының талаптары осы Қағидалардың 21-тармағының екінші бөлігінде белгіленген мерзімнен кешіктіріліп мәлімделген кредиторлардың талаптарын қарау кезінде банкроттықты басқарушыға қолданылады.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.06.2017 № 334 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      28. Тізілім Заңның 100; 101; 102; 103; 104; 105; 106; 107-баптарында белгіленген кезектілікті сақтай отырып қалыптастырылады.

      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 01.09.2015 № 726 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      29. Тізілімнің әрбір кезегі бойынша уақытша басқарушы осы Қағидалардың 12-тармағының талаптарына сәйкес бөлек іс қалыптастырады.

      Тізілімге өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, құжаттарға уақытша немесе банкроттықты басқарушы қол қояды, осы Қағидалардың 12-тармағында белгіленген тәртіппен бөлек қалыптастырылған істе ресімделеді және тігіледі.

      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.06.2017 № 334 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      30. Борышкер әр парағын дәйектеген, қол қойған және оның мөрімен (бар болса) куәландырылған тізілімді:

      1) уақытша басқарушы – соттың борышкерді банкрот деп тану туралы шешімі шығарылған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде;

      2) уақытша немесе банкроттықты басқарушы осы Қағидалардың 21-тармағының екінші бөлігінде белгіленген мерзімнен кешіктіріліп мәлімделген кредитор талаптарын таныған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қағаз және электрондық жеткізгіштерде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру үшін уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне жібереді.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.06.2017 № 334 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      31. Уәкілетті орган уақытша немесе банкроттықты басқарушы тізілімді ұсынған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оны өзінің интернет-ресурсында орналастырады.

      Егер ұсынылған тізілім бекітілген нысанға сәйкес келмесе не толық ақпаратты қамтымаса, уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі тізілімді алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде уақытша немесе банкроттықты басқарушыға жазбаша дәлелді ескертулер жібереді, ол алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оларды жоюы қажет.

      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.06.2017 № 334 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      31-1. Банкроттық рәсімін жүргізу кезеңінде банкроттықты басқарушы кредит алған жағдайда, кредиторлар талаптарының қалыптастырылған тізіліміне алынған кредитті қайтару бойынша кредиторлар талаптарының екінші кезегінің құрамына қосу арқылы өзгерістер енгізіледі.

      Ескерту. Қағидалар мен мерзім 31-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 01.09.2015 № 726 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      31-2. Тізілім уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған күннен бастап қалыптастырылды (өзгертілді немесе толықтырылды) деп есептеледі.

      Ескерту. Қағидалар мен мерзім 31-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 02.06.2017 № 334 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      32. Тізілім уәкілетті органның интернет-ресурсында банкроттық рәсімі аяқталғанға дейін орналасады.

      33. Таратылатын астық қабылдау кәсіпорнының тізілімін қалыптастыру Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысан бойынша "Астық туралы" 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

      34. Мақта өндеу ұйымының тізілімін қалыптастыру Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысан бойынша "Мақта саласын дамыту туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады