"Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2014 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 156 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 шілдедегі № 770 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2014 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 156 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) есепті айдан кейінгі айдың 15-ші күніне дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне 010 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер», 038 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» және 063 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың стипендияларының мөлшерін ұлғайтуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламалары бойынша және Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігіне «005 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне халықтың иммундық профилактикасын қамтамасыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы бойынша нысаналы ағымдағы берілетін трансферттердің бөлінген сомаларының пайдаланылуы туралы есептер беруді қамтамасыз етсін.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2014 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану қағидаларында:
      3-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
      «063 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың стипендияларының мөлшерін ұлғайтуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер.»»;
      мынадай мазмұндағы 4-1-тараумен толықтырылсын:
      «4-1. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың стипендия мөлшерін ұлғайтуға республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану»
      «17-1. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер «Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде медициналық колледждерде білім алушылардың стипендияларының мөлшерін 10 %-ға ұлғайту үшін пайдалынылады.»;
      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «19. Ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану кезінде үнемдеу пайда болған жағдайда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары 010 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер», 038 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» және 063 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың стипендияларының мөлшерін ұлғайтуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламалары бойынша үнемделген соманы уәкілетті органмен келісім бойынша және «005 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне халықтың иммундық профилактикасын қамтамасыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы бойынша соманы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісім бойынша Ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімде айқындалған нәтижелер көрсеткіштерін жақсарту үшін пайдалануға құқылы.»;
      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «20. Қандай да бір облыс және Астана мен Алматы қалалары бөлінген қаражатты, оның ішінде облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу нәтижелері бойынша толық игермеген жағдайда, 010 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер», 038 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» және 063 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың стипендияларының мөлшерін ұлғайтуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламалары бойынша уәкілетті орган және «005 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне халықтың иммундық профилактикасын қамтамасыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган нысаналы трансферттердің сомаларын облыстардың, Астана және Алматы қалаларының арасында қайта бөлу туралы ұсыныстарды заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.»;
      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «21. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары жартыжылдықтың және жылдың қорытындылары бойынша уәкілетті органға 010 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер», 038 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер», 063 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың стипендияларының мөлшерін ұлғайтуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламалары бойынша уәкілетті органға және «005 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне халықтың иммундық профилактикасын қамтамасыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органға Нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімдерге сәйкес бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есеп береді.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады