Байланыс формасы

Мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 1313 қаулысы.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 114-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазтелерадио" акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакеті республикалық меншіктен "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларын төлеуге берілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.04.2015 № 286 қаулысымен.

      2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1313 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      "Астана қаласы" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 21-145-жол алып тасталсын;

      "Алматы қаласы" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 123-135-жол алып тасталсын.

      2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне" деген бөлімде:

      реттік нөмірлері 338 және 343-жолдар алып тасталсын.

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.

      4. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 936 қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады