"Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 ақпандағы № 44 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 1118 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 5, 49-құжат, 2012 ж., № 68, 976-құжат, № 77-78, 1130-құжат, 2014 ж., № 51, 511-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында:
      «1. Бағдарламаның Паспорты» деген бөлімде:
      «Бағдарламалық мақсаттарда»:
      жетінші абзац алып тасталсын;
      «Міндеттерде»:
      он төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «орта білім берудің мазмұнын жаңарту;»;
      «Нысаналы индикаторларда»:
      жетінші абзац алып тасталсын;
      «3. Ағымдағы жай-күйді талдау» деген тарауда:
      жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру нәтижесінде 2010 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша білім берудің барлық деңгейлері тиісті ұйымдар желісімен институционалды қамтамасыз етілді. Білім берудің құрылымы Білім берудің халықаралық стандартты жіктеуішіне сәйкес келтірілді. Техникалық және кәсіптік білім беру қайта құрылымдалды. Мамандарды үш деңгейлі даярлау енгізілді: бакалавр – магистр – Ph.D докторы. Мамандықтардың ірілендірілген топтарынан тұратын Қазақстан Республикасы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтарының жіктеуіші бекітілді.»;
      «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» деген бөлікте:
      жиырма төртінші абзац алып тасталсын;
      жиырма алтыншы абзац алып тасталсын;
      «Орта білім» деген бөлікте:
      алтыншы абзац алып тасталсын;
      «4. Бағдарламаның мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары және іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері» деген бөлімде:
      «Бағдарламалық мақсаттарда:»:
      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткер, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін әлемде оның табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру, еліміздің экономикалық әл-ауқаты үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту;»
      «Нысаналы индикаторларда:»:
      мына:
      «

2015 жылдан бастап ШЖМ-нан басқа, барлық білім беру ұйымдарында жан басына шаққандағы қаржыландыру тетіктері енгізіледі

0%

60%

60%

»

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «

2018 жылға дейін 63 пилоттық мектептің 10-11 сыныптары жан басына шаққандағы қаржыландыруды сынаудан өткізуге қатысады

0%

100%

100%

»;

      мына:
      «

2020 жылға қарай 12 жылдық оқыту моделіне толық көшу жүзеге асырылған

0

1, 5, 11 сыныптар

1-10, 12 сыныптар

»

      деген жол алып тасталсын;
      «Алға қойылған мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:» деген бөлікте:
      оныншы абзац алып тасталсын;
      «Міндеттерге қол жеткізу мынадай көрсеткіштермен өлшенетін болады:» деген бөлікте:
      мына:
      «

магистр дәрежесі бар бейіндік мектеп педагогтерінің үлесі

0%

кемінде 10%

кемінде 20%

БҒМ

      деген жол алып тасталсын;
      мына:
      «

бейіндік мектептердің жалпы санынан жаратылыстану-математика бағытындағы бейіндік мектептердің үлесі

0%

15% кем емес

35% кем емес

ЖАО, БҒМ

»

      деген жол алып тасталсын;
      «5. Бағдарламаның негізгі бағыттары, алға қойылған мақсаттарға жету жолдары және тиісті шаралар» деген бөлімде:
      «Білім беру жүйесін қаржыландыру» деген кіші бөлімде:
      «Нысаналы индикатор:» мынадай редакцияда жазылсын:
      «Нысаналы индикатор:
      2018 жылға дейін 63 пилоттық мектептің 10-11 сыныптары жан басына шаққандағы қаржыландыруды сынаудан өткізуге қатысады.»;
      «Жан басына қаржыландыруда»:
      үшінші бөлік алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы бөліктермен толықтырылсын:
      «2013 – 2014 жылдары Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарының 63 мектебінің базасында 1-ден 11-сыныпқа дейін жан басына қаржыландыру тетіктері сынаудан өтеді.
      2015 жылы пилоттық жобаның нәтижелеріне талдау жүргізілетін болады.
      Одан әрі 2018 жылға дейін сынауға 63 пилоттық мектептің тек 10-11 сыныптары ғана қатысатын болады.»;
      төртінші, бесінші, жетінші, сегізінші бөліктер алып тасталсын;
      «Педагог мәртебесі» деген кіші бөлімде:
      «Білім беру жүйесін жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз етуде»:
      бірінші бөліктің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «педагогтарды, оның ішінде ШЖМ үшін педагогтарды қосымша пәндік мамандандыра отырып даярлау бағдарламасы жетілдіріледі;»;
      «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» деген кіші бөлімде:
      «Мектепке дейінгі ұйымдардың желісін ұлғайту»:
      мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      «Қолданыстағы заңнамаға жүргізілген мониторингті және оған тиісті өзгерістер енгізуді ескере отырып, әлеуметтік көмек көрсетілетін балалардың жекелеген санаттарына, оның ішінде аз қамтамасыз етілген, көп балалы отбасылардың балаларына және мүмкіндігі шектеулі балаларға мектепке дейінгі ұйымдардағы орындарға басым құқық беру мәселелі пысықталатын болады.»;
      «Орта білім» деген кіші бөлімде:
      «Мақсаты:» мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мақсаты:
      Жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткер, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру, оның тез өзгеретін әлемде табысқа жетуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру, еліміздің экономикалық игіліктері үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту.»;
      «Міндеттері:» деген бөлікте:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Орта білімнің мазмұнын жаңарту.»;
      «Нысаналы индикаторларда:»:
      бірінші абзац алып тасталсын;
      «Білім берудің 12 жылдық моделіне көшу», «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің құрылымы» алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы кіші бөліммен толықтырылсын:
      «Орта білімнің мазмұнын жаңарту
      Орта білімнің мазмұнын жаңарту мақсатында 11 жылдық білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті жаңа білім беру стандартын әзірлеу және жүйелі түрде енгізу жоспарлануда.
      Жаңа МЖБС-тың базалық қағидаты – құндылықтарды орта білім мазмұнын жаңарту мен мектепте білім беру процесін ұйымдастырудың негіздері ретінде айқындау.
      Орта білім берудің құндылықтары тәртіп пен жасампаздық қызметті ынталандыратын оқушы тұлғасының өмірлік бағдарлары, өзін іске асырып, өз өмірі мен қоршаған ортаның сапасын жақсарта білетін адам тұлғасын қалыптастырудағы жетекші фактор болуға тиіс.
      Сапалы білім беру жағдайында мектеп Қазақстан халқын біріктіретін жалпыұлттық идеяларды іске асыруға үлес қосып, патриоттық сезімдер ұялатуға және оларды өз елінің ашық, тілектес азаматтары етіп тәрбиелеуге жәрдемдесуі тиіс.
      Орта білім беру жүйесінің бітірушілері функционалдық жағынан сауатты ғана емес, сонымен қатар:
      1) жауапкершілігін, белсенді азаматтық ұстанымын танытуға және өз елінің дамуына үлес қосуға;
      2) мәдениеттер мен пікірлердің әралуандығын сыйлауға;
      3) шығармашыл және сыни тұрғыдан ойлауға;
      4) коммуникативті және дос пейілді болуға;
      5) әлеуметтік жағынан жауапты және қамқор болуға;
      6) ақпараттық-коммуникативтік құралдар мен технологияларды тиімді пайдалануға;
      7) өмір бойы білім алуға дайын болуға қабілетті болуға тиіс.
      2016 жылдан бастап ғылыми зерттеулердің нәтижелерін, үздік педагогикалық практикаларды ескере отырып, Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесін тарату негізінде МЖБС және бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің оқу бағдарламалары дәйекті түрде енгізілетін болады.
      Барлық білім беру деңгейлерінің сабақтастығы олардың мазмұны мен оның модульдік құрылымын ықпалдастыру, оқыту нәтижелерін кең спектрдегі дағдыларға қол жеткізу мен оларды критерийлік бағалау жүйесі арқылы өлшеуге бағдарлау негізінде қамтамасыз етіледі.
      Білім берудің инновациялық, көптілді моделін жасау мақсатында білім беруді үш тілде ұсынатын мектептердің саны 33-тен 700-ге дейін көбейеді. Оның ішінде, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» желісінің саны 6-дан 20-ға дейін көбейтіледі. Бұл мектептер білім берудің көптілді моделін, білім берудегі инновацияларды сынаудан өткізу үшін базалық алаңдарға айналады.
      Қазақстан оқушыларының білім беру сапасы халықаралық зерттеуге қатысуы қамтамасыз етіледі: PISA (15–16 жастағы оқушылардың математикалық сауаттылығы мен оқу және жаратылыстану бойынша сауаттылығын бағалау), TIMSS (4 және 8-сынып оқушыларының математикалық және жаратылыстанушылық білімінің сапасын бағалау), PIRLS (әлем елдеріндегі бастауыш мектеп оқушыларының оқу деңгейі мен сапасын, мәтінді түсінуін салыстыру), TIMSS ADVANSED (11-сынып оқушыларының математика және жаратылыстану (физика) пәндері тереңдетіліп оқытылатын сыныптарда сол пәндер бойынша сауаттылығын бағалау), ICILS (8-сынып оқушыларының компьютерлік және ақпараттық сауаттылығын бағалау).»;
      «Медициналық қызмет көрсетуде»:
      үшінші бөліктің екінші абзацы алып тасталсын;
      «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім» деген кіші бөлімде:
      «Жоғары білімнің мазмұны мен құрылымын Болон процесінің параметрлеріне сәйкес келтіру арқылы жоғары білімнің еуропалық аймаққа кірігуін қамтамасыз етуде»:
      бірінші бөліктің жетінші абзацы алып тасталсын;
      «6. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері» деген бөлімде:
      «Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде мынадай әлеуметтік-экономикалық әсерлер қамтамасыз етіледі:» деген бөлікте:
      «2015 жылға қарай:» деген бөліктегі 3-тармақ алып тасталсын;
      «2020 жылға қарай:» деген бөлікте:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Жалпы білім беретін мектептердің 10-11 сыныптарында нормативтік-жан басына шағу қағидаты негізінде жаңа қаржылық-экономикалық тетікті сынау.»;
      7-тармақ алып тасталсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады