1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Сарышаған сынақ полигонын жалдау туралы шартқа өзгеріс енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 136 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Сарышаған сынақ полигонын жалдау туралы шартқа өзгеріс енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетовке 1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Сарышаған сынақ полигонын жалдау туралы шартқа өзгеріс енгізу туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                      К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2015 жылғы 13 наурыздары
№ 136 қаулысымен  
мақұлданған    

      Жоба

1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Сарышаған сынақ полигонын жалдау туралы шартқа өзгеріс енгізу туралы хаттама
      

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі
      1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Сарышаған сынақ полигонын жалдау туралы шарттың (бұдан әрі - Шарт) 19-бабын басшылыққа ала отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

      1-бап

      Шарттың 4-бабының бірінші бөлігіндегі «2005 жылғы 1 қаңтардан бастап 18,932 млн. АҚШ долларына баламалы соманы құрайды» деген сөздер «2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 16,276 млн. АҚШ долларына баламалы соманы құрайды» деген сөздермен ауыстырылсын.

      2-бап

      Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіру және қолдану кезінде туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктерді Тараптар өзара консультациялар және келіссөздер арқылы шешеді.
      Тараптардың бірінде бірлесіп шешуді талап ететін мәселелер туындаған кезде осы Тарап келіссөздер басталғанға дейін 30 күннен кешіктірмей бұл туралы екінші тарапты жазбаша хабардар етеді.
      Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күшіне енеді.

      2015 жылғы « » қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі екі мәтіннің күші бірдей.
      
      Қазақстан Республикасының        Ресей Федерациясының
             Үкіметі үшін                  Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады