Жерді бір санаттан басқа санатқа ауыстыру және оны қорғаныс мұқтажы үшін беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 268 қаулысы

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 2-бабына, 13-бабының 3) тармақшасына және 105-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Ақмола облысы Аршалы ауданының босалқы жер санатынан жалпы ауданы 80,0 гектар жер учаскесі өнеркәсіп, көлік, байланыс жері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер санатына ауыстырылсын.
      2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскесін өнеркәсіп, көлік, байланыс жері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер санатынан Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Ақмола аудандық пайдалану бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесіне тұрақты жер пайдалану құқығында далалық оқу орталығын салу және оған қызмет көрсету үшін берілсін.
      3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Ақмола аудандық пайдалану бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаға сәйкес ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алу салдарынан болған ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын республикалық бюджет кірісіне өтесін.
      4. Ақмола облысының әкімі, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      5. Осы қаулы қол қойған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                      К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2015 жылғы 23 сәуірдегі
№ 268 қаулысына   
қосымша       

Босалқы жер санатынан өнеркәсіп, көлік, байланыс жері, ғарыш қызметі,қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналған өзге де жер санатына ауыстырылатын учаскесінің экспликациясы 

Р/с

Жер учаскесінің орналасқан орны

Жалпы ауданы, гектар

оның ішінде

жайылым

басқа жерлер

1.

Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Арнасай ауылдық округі

80,0

80,0




Барлығы

80,0

80,0

-

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады