Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 12 маусымдағы № 431 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті оған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің «Республикалық дағдарыс орталығы» мемлекеттік мекемесін қосу арқылы қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2015 жылғы 12 маусымдағы
№ 431 қаулысымен     
бекітілген       

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:
      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер мен оның ведомстволарының тізбесiнде:
      «4. Төтенше жағдайлар комитеті» деген бөлімде:
      5-тармақ алып тасталсын.
      2. «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
      1-бөлімде:
      17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «

17)

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:

84661,5

»;

      60), 61) тармақшалар алып тасталсын.
      3. «Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 қарашадағы № 1296 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қағидаларда:
      18-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосы;»;
      21-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосымен, мемлекеттік авиацияның ҚҮО, сондай-ақ шекаралас мемлекеттердің Үйлестіру орталықтарымен іс-қимылдарды үйлестіру;»;
      22-тармақта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) Үйлестіру орталығымен, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосымен ІҚО (Ж) жүргізудің бастапқы жоспарын іске асыру бойынша өзара іс-қимыл жасау, оны әрі қарай әзірлеу және нақтылау;»;
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) Үйлестіру орталығына, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосына күн сайын ІҚО (Ж) жүргізу нәтижелері туралы есеп беру;»;
      8), 9) және 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) ІҚО (Ж) үйлестірушісіне және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосына, тартылған күштер мен құралдардың басшыларына қайтып талап етілмейтін күштер мен құралдарды босату жөнінде ұсынымдар беру;
      9) Үйлестіру орталығына, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосына тірі қалған адамдар саны мен олардың тектері туралы ақпарат беру;
      10) Үйлестіру орталығына, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосына талап етілетін қосымша көмекке сұрау салу болып табылады.»;
      90-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «90. ІҚО (Ж)-ның бастапқы кезеңінде іс-қимылды үйлестіру мен шешім қабылдауды Үйлестіру орталығы азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосымен келісу бойынша, қажет болған жағдайда мемлекеттік авиацияның ҚҮО-мен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асырады.»;
      91-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «91. ІҚО (Ж) аймағын кеңейту кезеңінде ІҚО (Ж) басшысы азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосымен және қажет болған жағдайда Үйлестіру орталығымен және мемлекеттік авиацияның ҚҮО-мен өзара іс-қимыл жасай отырып шешім қабылдауды қамтамасыз етеді.»;
      97 және 98-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «97. Айқынсыздық кезеңі туындаған кезде Үйлестіру орталығы ӘҚҚ (ӘҚҰ) органдарымен және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосымен бірлесіп, келіп түскен ақпаратты бағалайды.
      98. Алаңдаушылық кезеңі туындаған кезде Үйлестіру орталығы бұл туралы дереу азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосын хабардар етеді.
      Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосы алаңдаушылық кезеңінің туындағаны туралы ІҚО (Ж) басшысын тағайындау үшін болжамды іздестіру мен құтқару ауданының өзінің аумақтық бөлімшесінің кезекші қызметін хабардар етеді.»;
      99-тармақта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосымен бірлесіп, болжамды іздестіру мен құтқару аудандарындағы ІҚО (Ж) жедел штабтар арқылы іздестіру-құтқару күштері мен құралдарын дереу әрекетке кірістіреді, сондай-ақ жағдайдың дамуын бағалау негізінде кезекші іздестіру-құтқару ӘК-ні көтеруге команда береді;»;
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) қолда бар ақпарат негізінде ІҚО (Ж) өткізу жөніндегі бірінші кезектегі іс-шаралар жоспарын жасайды және оны мемлекеттік авиация ҚҮО-мен және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосымен келіседі;»;
      108-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) өздеріне бағынысты органдарға нұсқау береді және осы нұсқаулар туралы азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосына хабарлайды;»;
      3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) қажет болған жағдайда азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосы арқылы іздестіру мен құтқару үшін қосымша әуе және жерүсті іздестіру-құтқару күштері мен құралдарын сұратады;
      4) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосына және Үйлестіру орталығына күн сайын ІҚО (Ж)-ның орындалу барысы туралы есеп береді.»;
      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы өзгерістерге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      көрсетілген Қағидаларға 6-қосымшада:
      «Апат кезеңі үшін Үйлестіру орталығының кезекші ауысымы іс-қимылын бақылау тізбесі» деген 3-бөлімде:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. ІҚО (Ж) жүргізу орнында үйлестіруші (ІҚО (Ж) басшысы) тағайындау туралы мәселені азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосымен келісу.»;
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Оқиға куәгерлерімен байланысты ұйымдастыру үшін азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосына хабарлама мен байланыс телефонын беру.».

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2015 жылғы 12 маусымдағы 
№ 431 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы  
Yкiметінің        
кейбiр шешімдерiне    
енгізілетін өзгерiстерге 
қосымша          

Қазақстан Республикасының   
аумағында ұшуды         
іздестіру-құтқарумен қамтамасыз
етуді ұйымдастыру жөніндегі 
қағидаларға          
1-қосымша           

Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз ету схемасы     

           

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады