Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республиксы Үкіметінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 505 қаулысы

      «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 114-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің теңгерімінен республикалық меншіктен Астана қаласы, Алматы ауданы, Ж. Тәшенов көшесі, № 22 үй мекенжайы бойынша орналасқан ғимарат заңнамада белгіленген тәртіппен «Хабар» агенттігі» акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігімен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады