Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 12 қазандағы № 821 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2015 жылғы 12 қазандағы
№ 821 қаулысына    
қосымша        

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күші жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тізбесі

      1. «Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 28 тамыздағы № 1298 қаулысы.
      2. «Авариялық-құтқару қызметтерін, құрамаларын және құтқарушыларды аттестаттаудың кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 12 маусымдағы № 808 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 22, 274-құжат).
      3. «Қылмыстық-атқару жүйесiнiң тәрбиелеу колониялары жанындағы қамқоршылық кеңес туралы ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 17 маусымдағы № 655 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 17, 192-құжат).
      4. «Халықты және өрт қауiпсiздiгі саласындағы мамандарды хабарландыру, білімдi насихаттау, оқыту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 желтоқсандағы № 1327 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 45, 452-құжат).
      5. «Мемлекеттік өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің нысандық киімінің және арнайы киім-кешектерінің үлгілері мен тиесілілік нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 15 қаңтардағы № 13 қаулысы.
      6. «Төтенше жағдайлар саласында бiлімді насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету, хабардар ету ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 50 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 2, 18-құжат).
      7. Қызмет бабында пайдалану үшін (қосымшаға сәйкес).
      8. «Қазақстан Республикасы Yкiметінің 1997 жылғы 28 тамыздағы   № 1298 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1387 қаулысы.
      9. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 662 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 10 және  11-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 27, 341-құжат).
      10. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қаңтардағы № 38 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 4, 32-құжат).
      11. «Кәсіби және ерікті авариялық құтқару қызметтері мен құралымдарының құтқарушыларын құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу кезеңінде тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 қаңтардағы № 45 қаулысы.
      12. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 сәуірдегі № 340 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 9-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 15, 148-құжат).
      13. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу және кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 желтоқсандағы № 1164 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 46, 493-құжат).
      14. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің кейбір мемлекеттік мекемелерін қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 1282 қаулысының 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 50, 533-құжат).
      15. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 12 маусымдағы № 808 және 2006 жылғы 30 маусымдағы № 626 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 қыркүйектегі № 820 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 34, 384-құжат).
      16. «Кәсіби авариялық құтқару құралымдарын жарықтандыру және кинологиялық қызметтерді қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы № 872 қаулысы.
      17. «Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарына криминалистік талаптар мен оларды сынау әдістерін, Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытындылар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 1146 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 44, 524-құжат).
      18. «Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды азаматтардың ерікті түрде өтемді тапсыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 1299 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 48, 598-құжат).
      19. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 шілдедегі № 712 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 34, 354-құжат).
      20. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің өрт қауіпсіздігі саласындағы кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қарашадағы № 1068 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің өрт қауіпсіздігі саласындағы кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 17121415 және 39-тармақтары.
      21. «Казармалық жағдайдағы өрт-техникалық оқу орындары курсанттарын тамақпен қамтамасыз ету жөніндегі нормаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 мамырдағы № 624 қаулысы.
      22. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 15 қаңтардағы № 13 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2116 қаулысы.
      23. «Техникалық байқау операторларының тiзiлiмiн жүргiзу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 524 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 39, 475-құжат).
      24. «Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қарашадағы № 1303 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 2, 19-құжат).
      25. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің және өрт-техникалық оқу орындары курсанттарының нысандық және арнайы киім-кешектерінің үлгілері мен тиесілілігі нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 15 қаңтардағы № 13 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 қарашадағы № 1306 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 2, 22-құжат).
      26. «Есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы объектілер мен үй-жайларды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 қарашадағы № 1312 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 2, 26-құжат).
      27. «Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарына криминалистік талаптар мен сынау әдістерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 1146 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 1483 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 2012 ж., № 6, 132-құжат).
      28. «Бас бостандығы шектеулі, сондай-ақ сот үкімі бойынша жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жүрген, арнайы мекемелерге орналастырылған азаматтарға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 сәуірдегі № 430 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 42, 556-құжат).
      29. «Техникалық байқау орталықтарының тiзiлiмiн жүргiзу қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 17 мамырдағы № 524 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 шілдедегі № 1003 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 64, 904-құжат).
      30. «Төтенше жағдайлар саласында бiлімді насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету, хабардар ету ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 50 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 2 қарашадағы № 1394 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 77-78, 1138-құжат).
      31. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінің мәселелері» туралы 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 және «Есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы объектілер мен үй-жайларды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» 2011 жылғы 9 қарашадағы № 1312 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қарашадағы № 1422 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 79, 1152-құжат).
      32. «Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қарашадағы № 1303 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 қарашадағы № 1503 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 1, 12-құжат).
      33. «Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды азаматтардың ерікті түрде өтемді тапсыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 1299 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 сәуірдегі № 370 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 26, 412-құжат).
      34. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 507 қаулысының 13-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 34, 505-құжат).
      35. «Төтенше жағдайлар саласында білімді насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету, хабардар ету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 50 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 3 қыркүйектегі № 919 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 52, 731-құжат).
      36. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 3 қазандағы № 1048 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 58, 794-құжат).
      37. «Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 ақпандағы № 54 қаулысының 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 4, 39 құжат).
      38. «Шығу визаларын ұзарту және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 ақпандағы № 55 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 4, 40-құжат).
      39. «Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 ақпандағы № 71 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 5, 48-құжат).
      40. «Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер және шетелдiктерге тұруға ықтиярхаттар беру», «Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру», «Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауды және одан шығуды тiркеу» және «Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 111 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 7, 71-құжат).
      41. «Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың шекаралық аймаққа кіруіне рұқсаттама беру», «Жеке істері бойынша және отбасының қайта қосылуы мақсатында Қазақстан Республикасына шақыруларды ресімдеу» және «Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 113 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 7, 73-құжат).
      42. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік мұрағатының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 ақпандағы № 122 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 9, 81-құжат).
      43. «Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 131 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 9, 85-құжат).
      44. «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 132 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 9, 86-құжат).
      45. «Азаматтық және қызметтік қару және оның патрондарының айналымы және азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды лицензиялау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 190 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 15, 132-құжат).
      46. «Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды азаматтардың ерікті түрде өтемді тапсыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 1299 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 629 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 40-41, 383-құжат).
      47. «Авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдары құтқарушыларының сыныптылығына үстемеақы төлеу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 858 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 48, 490-құжат).
      48. «Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 893 қаулысының 2-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 51, 517-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады