Қырғыз Республикасымен және Тәжікстан Республикасымен электр энергиясының тауар айналымы жөніндегі мәміленің бағасын белгілеу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 қазандағы № 839 қаулысы.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 31.12.2019 № 1044 (05.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2015 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Трансферттік баға белгілеу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 10-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ Қырғыз Республикасымен және Тәжікстан Республикасымен электр энергиясының сыртқы сауда тауар айналымы мәселелері бойынша екіжақты ынтымақтастық, және Қазақстанның оңтүстік өңірлерін электрмен жабдықтаудағы орнықсыз жұмыс тәуекелін азайту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 31.12.2019 № 1044 (05.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Бір күнтізбелік жыл шеңберінде баламалы көлемде электр энергиясымен өзара алмасу шарттарын сақтаған кезде Қырғыз Республикасы тарапынан "Электр станциялары" ашық акционерлік қоғамымен Қазақстан Республикасының тарапынан "Алматыэнергосбыт", "Samga Development" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері, Тәжікстан Республикасының тарапынан "Барки Точик" ашық акционерлік холдингтік компаниясымен Қазақстан Республикасының тарапынан "Энергопоток" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасында жасалатын Қырғыз Республикасымен және Тәжікстан Республикасымен электр энергиясының тауар айналымы мәмілесінің бағасы 1 (бір) киловатт/сағат үшін 0,0000001 АҚШ доллары мөлшерінде белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 31.12.2019 № 1044 (05.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне жүктелсін.

      3. Осы қаулы 2015 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады