Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы Қосарланған салық салуды болдырмау және табыс пен капиталға салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенция шеңберінде Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының мемлекеттік органдары берген резиденттікті растайтын ресми құжаттарды тану тәртібі туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 қазандағы № 863 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы Қосарланған салық салуды болдырмау және табыс пен капиталға салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенция шеңберінде Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының мемлекеттік органдары берген резиденттікті растайтын ресми құжаттарды тану тәртібі туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімнің жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы Қосарланған салық салуды болдырмау және табыс пен капиталға салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенция шеңберінде Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының мемлекеттік органдары берген резиденттікті растайтын ресми құжаттарды тану тәртібі туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімге Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қойсын, оған қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат берілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2015 жылғы 29 қазандағы
№ 863 қаулысымен   
мақұлданған     

Жоба         

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы
Үкiметiнiң арасындағы Қосарланған салық салуды болдырмау және
табыс пен капиталға салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы
конвенция шеңберінде Қазақстан Республикасының және Ресей
Федерациясының мемлекеттік органдары берген резиденттікті
растайтын ресми құжаттарды тану тәртібі туралы ноталар алмасу
нысанындағы келісім

Ресей Федерациясының 
Сыртқы істер министрлігі
Мәскеу қаласы     

      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігіне деген өз ілтипатын білдіре отырып, мынаны хабарлауды мәртебе деп санайды.
      1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы Қосарланған салық салуды болдырмау және табыс пен капиталға салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенция шеңберінде ынтымақтастықтың тиімді және оңайлатылған тетігін жасауға ұмтыла отырып, ресми құжаттарды тану мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі Ресей Федерациясының Үкіметіне (бұдан әрі – Тараптар) мынаны айқындауды ұсынады.
      1. Бір Тарап мемлекетінің уәкілетті органы берген және оның елтаңбалы мөрімен бекемделген құжаттар екінші Тарап мемлекетінің аумағында қандай да бір арнайы куәландырусыз, оның ішінде апостиль қойылмай немесе консулдық заңдастырусыз қабылданады. Бір Тарап мемлекетінің аумағында ресми ретінде қаралатын мұндай құжаттар екінші Тарап мемлекетінің аумағында ресми құжаттардың дәлелдемелік күшіне ие болады. Танудың осы тәртібі 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап Тараптар мемлекеттерінің уәкілетті органдары берген ресми құжаттарға қолданылады.
      2. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруге немесе қолдануға қатысты кез келген даулар мен келіспеушіліктерді Тараптар консультациялар мен келіссөздер арқылы шешеді.
      3. Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады және Тараптардың бірi оның қолданысын тоқтатқанша күшiнде қалады. Әрбір Тарап осы Келісім күшiне енген күннен бастап 5 жыл өткеннен кейiн ағымдағы күнтiзбелiк жыл аяқталғанға дейін кемiнде 6 (алты) ай бұрын оның қолданысын тоқтатуға өзінің ниеті туралы дипломатиялық арналар арқылы жазбаша хабардар ете отырып, осы Келісімнің қолданысын тоқтата алады.
      Бұл жағдайда осы Келісім осындай хабарлама алынған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап өзінің қолданысын тоқтатады.
      4. Ресей Федерациясының Үкіметі жоғарыда баяндалғанмен келіскен жағдайда, осы нотаны және Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігінің жауап нотасын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы Қосарланған салық салуды болдырмау және табыс пен капиталға салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы Конвенция шеңберінде Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының мемлекеттік органдары берген резиденттікті растайтын ресми құжаттарды тану тәртібі туралы ноталар алмасу нысанындағы келісім деп есептеуді ұсынуды мәртебе санайды, ол Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы дипломатиялық арналар арқылы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшіне енеді.
      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі осы жағдайды пайдалана отырып, Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігіне өзінің зор құрметін білдіреді.

      2015 жылғы ___ __________              Астана қаласы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады