Шаруашылық жүргізу құқығындағы кейбір республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға байқау кеңестерін енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № 932 қаулысы.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 142, 148-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мынадай шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарына байқау кеңестері енгізілсін:

      1) "Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты";

      2) "Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті";

      3) Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті";

      4) "Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті";

      5) "Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті";

      6) "Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті";

      7) "Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті";

      8) "Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті";

      9) "Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті";

      10) "Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті";

      11) "Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты";

      12) "А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті";

      13) "Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті";

      14) "Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты";

      15) "С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті";

      16) "Рудный индустриялық институты";

      17) "Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті";

      18) "Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті";

      19) "Тараз мемлекеттік педагогикалық институты";

      20) "Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты".

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 03.05.2019 № 241 қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) кәсіпорындардың жарғыларына тиісті өзгерістер енгізуді;

      2) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады