Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне өтеусіз негізде техникалық көмек (жәрдем) көрсету туралы келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1169 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған 2015 жылғы 12 қазанда Астанада жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне өтеусіз негізде техникалық көмек (жәрдем) көрсету туралы келісім бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1169 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне өтеусіз негізде техникалық көмек (жәрдем) көрсету туралы келісім

      (2016 жылғы 2 ақпанда күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2017 ж., № 3, 32-құжат)

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі

      екі мемлекет арасындағы достық қарым-қатынастарды одан әрі дамыту және олардың қарулы күштері арасындағы әскери ынтымақтастықты нығайту мақсатында

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Қытай тарапы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін жарақтандыруда техникалық көмек (жәрдем) ретінде жалпы сомасы 30 миллион юань мүлікті өтеусіз негізде Қазақстан тарапының меншігіне береді, оның тізбесі осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын қосымшада көрсетілген.

2-бап

      Қытай тарапы мүлікті Алашанькоу шекара пунктіне жеткізеді, онда Тараптардың уәкілетті органдарының өкілдері арасында тиісті актіге қол қойылып, оны қабылдау-беру жүзеге асырылатын болады.

      Алашанькоу шекара пунктіне дейін мүлікті жеткізуге байланысты барлық шығыстарды Қытай тарапы көтереді, ал мүлікті Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдауға байланысты одан кейінгі шығыстарды Қазақстан тарапы көтереді.

3-бап

      Қазақстан тарапы осы Келісім шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін мүлікті лицензиялау, кедендік декларациялау ресімдерін жүргізуді жүзеге асырады, ол Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың құқығын құрайтын кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін халықаралық шарттар мен актілерге сәйкес кедендік төлемдер мен қосылған құн салықтарын төлеуден босатады.

4-бап

      Осы Келісімді іске асыру жөніндегі уәкілетті органдар:

      Қазақстан тарапынан – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі;

      Қытай тарапынан – Қытай Халық Республикасы Қорғаныс министрлігі болып табылады.

5-бап

      Осы Келісімге Тараптардың өзара келісуі бойынша жекелеген хаттамалармен ресімделетін және оның ажырамас бөліктері болып табылатын өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

6-бап

      Осы Келісімді түсіндіру немесе қолдану бойынша даулар туындаған жағдайда Тараптар оларды келіссөздер немесе консультациялар жолымен шешеді.

7-бап

      Осы Келісім Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күшіне енеді және осы Келісімнің 2-бабында көрсетілген мүлікті қабылдау-беру актісіне қол қойылған күннен бастап өз қолданысын тоқтатады.

      2015 жылғы 12 қазанда Астана қаласында әрқайсысы қазақ, қытай және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.


Қазақстан Республикасының
Үкіметі үшін

Қытай Халық Республикасының
Үкіметі үшін

  Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай
Халық Республикасының Үкіметі арасындағы
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне
өтеусіз негізде техникалық көмек (жәрдем) көрсету
туралы келісімге
қосымша

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне
техникалық көмек (жәрдем) ретінде өтеусіз негізде берілетін
мүлік тізбесі (тралдары бар ершікті тартқыштар, "S-05" ауыр
машина-платформа)

Р/с

Мүлік қуаты

Қуаты

Сипаттамалары

Саны

1

2

3

4

5

1.

Цзефан ершікті тартқыштар

350-400 а/к

Жүк көтергіштігі - 60 тонна

13 дана

2.

Цзефан (FAW) ауыр жүк таситын жартылай тіркеме-трал


Жұмыс платформасының ұзындығы - 10 метр, ені - 3,3 метр. Тралдың жалпы ұзындығы - 14,5 метр

13 дана

3.

Цзефан ершікті тартқыштар

350-400 а/к

Жүк көтергіштігі - 40 тонна

13 дана

4.

Цзефан (FAW) ауыр жүк таситын жартылай тіркеме-трал


Жұмыс платформасының ұзындығы - 12,5 метр, ені - 3,2 метр. Тралдың жалпы ұзындығы - 16,9 метр

13 дана

5.

"S-05" ауыр машина-платформа


Салмағы - 32,36 тонна, ұзындығы - 13 250 мм, ені - 3 125 мм, биіктігі - 3 135 мм

1 дана


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады