Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ мәслихаттардың, әкімдіктердің, тексеру комиссияларының және әкімдердің нормативтiк құқықтық актiлерiнің ресми жариялануын бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 384 қаулысы. Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 37-38, 226-құжат. Басуға қол қойылған күні 21.07.2016 ж. жарияланды. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 мамырдағы № 357 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.05.2021 № 357 қаулысымен.

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ мәслихаттардың, әкімдіктердің, тексеру комиссияларының және әкімдердің нормативтiк құқықтық актiлерiнің ресми жариялануын бақылауды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

      2. "Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің жариялануын бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 15 тамыздағы № 900 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 27, 296-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 29 маусымдағы
№ 384 қаулысымен
бекітілген

Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ мәслихаттардың, әкімдіктердің, тексеру комиссияларының және әкімдердің нормативтiк құқықтық актiлерiнің ресми жариялануын бақылауды жүзеге асыру қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ мәслихаттардың, әкімдіктердің, тексеру комиссияларының және әкімдердің нормативтiк құқықтық актiлерiнің ресми жариялануын бақылауды жүзеге асыру қағидалары мемлекеттік құпияларды және (немесе) қызмет бабында пайдалану үшін өзге де ақпараттықамтитын нормативтік құқықтық актілерді немесе олардың жекелеген бөліктерін қоспағанда, орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ мәслихаттардың, әкімдіктердің, тексеру комиссияларының және әкімдердің нормативтiк құқықтық актiлерiнің ресми жариялануын бақылауды жүзеге асыру тәртiбiн айқындайды.

      2. Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне қатысты орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ мәслихаттардың, әкімдіктердің, тексеру комиссияларының және әкімдердің нормативтік құқықтық актілерін ресми жариялау оларды қолданудың міндетті шарты болып табылады.

      3. Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ мәслихаттардың, әкімдіктердің, тексеру комиссияларының және әкімдердің нормативтiк құқықтық актiлерiнiң ресми жариялануын бақылауды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi (бұдан әрі – Әділет министрлiгi) және оның аумақтық органдары жүзеге асырады.

      4. Әдiлет министрлiгiнің және оның аумақтық органдарының қызметкерлерi орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ мәслихаттардың, әкімдіктердің, тексеру комиссияларының және әкімдердің нормативтiк құқықтық актiлерiнiң ресми жариялануын бақылауды жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабын, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексін, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi және осы Қағидаларды басшылыққа алады.

      5. Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ мәслихаттардың, әкімдіктердің, тексеру комиссияларының және әкімдердің нормативтiк құқықтық актiлерiнiң ресми жариялануын бақылаудың негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi:

      1) орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ мәслихаттардың, әкімдіктердің, тексеру комиссияларының және әкімдердің заңнамада белгiленген тәртiппен жарияланбаған нормативтiк құқықтық актiлерiн қолдануға жол бермеу;

      2) орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ мәслихаттардың, әкімдіктердің, тексеру комиссияларының және әкімдердің нормативтiк құқықтық актiлерiн ресми жариялау мәселелерi бойынша қолданыстағы заңнаманың бұзылуын анықтау және оларды жою жөнiнде шаралар қабылдау;

      3) орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарға, сондай-ақ мәслихаттарға, әкімдіктерге, тексеру комиссияларына және әкімдерге, олар нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялауды жүзеге асырған кезде әдiстемелiк көмек көрсету болып табылады.

2. Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ мәслихаттардың, әкімдіктердің, тексеру комиссияларының және әкімдердің нормативтік құқықтық актiлерінің ресми жариялануын бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру

      6. Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ мәслихаттардың, әкімдіктердің, тексеру комиссияларының және әкімдердің нормативтiк құқықтық актiлерiнiң ресми жариялануын бақылау:

      1) орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ мәслихаттардың, әкімдіктердің, тексеру комиссияларының және әкімдердің нормативтiк құқықтық актiлерiнiң ресми жариялануының мониторингі;

      2) орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ мәслихаттардың, әкімдіктердің, тексеру комиссияларының және әкімдердің нормативтiк құқықтық актiлерiнiң ресми жариялануын реттейтiн заңнаманың сақталуын тексеру жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

      Тексеруді тағайындау туралы бұйрықта көрсетілген кезеңде тексерілетін субъект шығарған және ресми жариялануға жататын барлық актілер тексерілуге жатады.

      Тексерулер "Орталық мемлекеттік органдарда, сондай-ақ мәслихаттар мен әкімдіктерде мемлекеттік тіркелуге жататын нормативтік құқықтық актілерді тексеруді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 1596 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

      7. Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ мәслихаттардың, әкімдіктердің, тексеру комиссияларының және әкімдердің нормативтiк құқықтық актiлерiнiң ресми жариялануын бақылауды жүзеге асыру кезінде мынадай мәселелерге:

      1) нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялауға жіберудің уақтылығына;

      2) нормативтік құқықтық актілерді қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялаудың уақтылығына және бір мезгілдігіне;

      3) нормативтік құқықтық актіні ресми жариялау кезінде оның толық баяндалуына;

      4) нормативтік құқықтық актіні қолданысқа енгізу мерзімінің сақталуына;

      5) қолданыстағы заңнамада көзделген нормативтік құқықтық актіні ресми жариялауға қойылатын талаптарды бұзушылықтарды жою бойынша мемлекеттік орган (лауазымды адам) қолданатын шараларға назар аудару қажет.

      8. Бақылауды жүзеге асыру кезiнде Әдiлет министрлiгi және оның аумақтық органдары:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен мемлекеттiк органдар мен ұйымдардан, жеке және заңды тұлғалардан бақылауды жүзеге асыру үшiн қажеттi материалдар мен ақпаратты сұратады;

      2) "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексінде және "Әділет органдары туралы" 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген шараларды қолданады.

3. Нормативтік құқықтық актілердің ресми жариялануына мониторинг жүргізу

      9. Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ мәслихаттардың, әкімдіктердің, тексеру комиссияларының және әкімдердің нормативтiк құқықтық актiлерiнің ресми жариялануының мониторингі:

      1) нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау құқығына конкурстың қорытындысы туралы ақпарат жинауды;

      2) мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін ресми жариялау бойынша деректерді есепке алуды;

      3) мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін ресми жариялау бойынша жұмысты талдауды қамтиды.

      10. Әдiлет министрлiгiнде немесе оның аумақтық органдарында тіркелген орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ мәслихаттардың, әкімдіктердің, тексеру комиссияларының және әкімдердің нормативтiк құқықтық актiлерiн ресми жариялау бойынша ақпарат жиналуға жатады.

      11. Әділет министрлігі және оның аумақтық органдары орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ мәслихаттардың, әкімдіктердің, тексеру комиссияларының және әкімдердің нормативтiк құқықтық актiлерiн ресми жариялау бойынша деректерді есепке алуды Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне жазбаларды енгізу арқылы жүзеге асырады.

      12. Мемлекеттік органдар күшін жоятын, өзгерістер мен толықтырулар енгізетін, бұрын шығарылған актілердің қолданысын тоқтата тұратын немесе қалпына келтіретін нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау да мониторингке жатады. Бұл актілер бойынша мәліметтер де Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне енгізіледі.

      13. Жинау және есепке алу нәтижелері бойынша мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін ресми жариялау бойынша жұмысты талдау жүргізіледі, онда нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялауға байланысты орын алған бұзушылықтар мен проблемалар, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою үшін қажетті шаралар көрсетіледі.

On approval of the Rules for control over official publication of normative legal acts of central executive and other central state bodies, as well as maslikhats, akimats, revision commissions and akims

Decree of the Government of the Republic of Kazakhstan dated June 29, 2016 No. 384. Abolished by the Decree of the Government of the Republic of Kazakhstan dated May 31, 2021 No. 357

      Unofficial translation

      Footnote. Abolished by the Decree of the Government of the Republic of Kazakhstan dated May 31, 2021 No. 357

      For the purposes of implementation of article 41 of the Law of the Republic of Kazakhstan dated April 6, 2016 "On Legal Acts" the Government of the Republic of Kazakhstan hereby decrees:

      1. To approve the attached Rules for control over official publication of normative legal acts of central executive and other central state bodies, as well as maslikhats, akimats, revision commissions and akims.

      2. to recognize invalid the decree of the Government of the Republic of Kazakhstan dated August 15, 2002 no. 900 " On approval of the Rules for control over the publication of normative legal acts of central and local state bodies " (Collected Acts of the President and the Government of the Republic of Kazakhstan , 2002, no.27, art. 296).

      3. This decree shall come into force from the date of signing.

      Prime Minister
      of the Republic of Kazakhstan К. Massimov

  Approved by decree of the
Government of the
Republic of Kazakhstan
dated June 29, 2016 no. 384

Rules for control over official publication of normative legal acts of central executive and other central state bodies, as well as maslikhats, akimats, revision commissions and akims

1. General Provisions

      1. These Rules for control over official publication of normative legal acts of central executive and other central state bodies, as well as maslikhats, akimats, revision commissions and akims shall determine the procedure of control over official publication of normative legal acts of central executive and other central state bodies, as well as maslikhats, akimats, revision commissions and akims, except for normative legal acts or their separate parts, containing state secrets and (or) other restricted information.

      2. The official publication of normative legal acts of the central executive and other central state bodies, as well as maslikhats, akimats, revision commissions and akims regarding the rights, freedoms and duties of citizens of the Republic of Kazakhstan, shall be a prerequisite for their application.

      3. Control over official publication of normative legal acts of central executive and other central state bodies, as well as maslikhats, akimats, revision commissions and akims shall be carried out by the Ministry of Justice of the Republic of Kazakhstan (hereinafter referred to as the Ministry of Justice) and its territorial bodies.

      4. When exercising control over the official publication of normative legal acts of central executive and other central government bodies, as well as maslikhats, akimats, revision commissions and akims, the employees of the Ministry of Justice and its territorial bodies shall be governed by article 4 of the Constitution of the Republic of Kazakhstan, the Code of the Republic of Kazakhstan dated July 5, 2014 "Administrative Offences Code", the Law of the Republic of Kazakhstan dated April 6, 2016 "On Legal Acts", other normative legal acts and these Rules.

      5. main goals and objectives of the control over official publication of normative legal acts of central executive and other central state bodies, as well as maslikhats, akimats, revision commissions and akims shall be:

      1) prevention of the application of normative legal acts of central executive and other central state bodies, as well as maslikhats, akimats, revision commissions and akims not published in accordance with the procedure established by the law;

      2) identification and implementation of measures to eliminate violations of the current law on issues of official publication of normative legal acts of central executive and other central state bodies, as well as maslikhats, akimats, revision commissions and akims;

      3) rendering assistance to central executive and other central state bodies, as well as maslikhats, akimats, revision commissions and akims in methodical aid during official publication by them of normative legal acts.

2. Organization and implementation of control over official publication of normative legal acts of central executive and other central state bodies, as well as maslikhats, akimats, revision commissions and akims

      6. The control over official publication of normative legal acts of central executive and other central state bodies, as well as maslikhats, akimats, revision commissions and akims shall be implemented through:

      1) monitoring of the official publication of normative legal acts of central executive and other central state bodies, as well as maslikhats, akimats, revision commissions and akims;

      2) conducting audits of compliance with the legislation, regulating the official publication of normative legal acts of central executive and other central state bodies, as well as maslikhats, akimats, revision commissions and akims.

      The audit shall apply to all acts, published by the audited entity within the period indicated in the order on assigning of the audit and subjected to the official publication.

      Audits shall be carried out in accordance with the decree of the Government of the Republic of Kazakhstan dated December 14, 2012 no. 1596 "On approval of the Rules for the audit in central estate bodies, as well as in maslikhats and akimats of normative legal acts that are subject to state registration".

      7. When implementing the control over official publication of normative legal acts of central executive and other central state bodies, as well as maslikhats, akimats, revision commissions and akims it is necessary to pay attention to:

      1) timeliness of sending normative legal acts to official publication;

      2) timeliness and simultaneity of official publication of normative legal acts in Kazakh and Russian;

      3) completeness of a normative legal act at its official publication;

      4) compliance with the deadline for the enactment of a normative legal act;

      5) measures taken by a state body (official) to eliminate violations of the requirements provided for by the current legislation for the official publication of a normative legal act.

      8. When implementing the control, the Ministry of Justice and its territorial bodies shall:

      1) request from state bodies and organizations, individuals and legal entities, required for implementation of control, materials and information in accordance with the procedure, stipulated by the legislation of the Republic of Kazakhstan ;

      2) take measures, stipulated by the Code of the Republic of Kazakhstan dated July 5, 2014 "Administrative Offences Code" and the Law of the Republic of Kazakhstan dated March 18, 2002 "On the Bodies of Justice".

3. Monitoring of the official publication of normative legal acts

      9. The monitoring of the official publication of normative legal acts of central executive and other central state bodies, as well as maslikhats, akimats, revision commissions and akims shall include:

      1) collection of information about the results of tenders for the right of official publication of normative legal acts;

      2) registration of data on official publication of normative legal acts of state bodies;

      3) analysis of the work on the official publication of normative legal acts of state bodies.

      10. Information on the official publication of normative legal acts of central executive and other central state bodies, as well as maslikhats, akimats, revision commissions and akims, registered with the Ministry of Justice or its territorial bodies shall be subject to collection.

      11. The data on the official publication of normative legal acts of central executive and other central state bodies, as well as maslikhats, akimats, revision commissions and akims by the Ministry of Justice and its territorial bodies shall be recorded by making entries in the register of state registration of normative legal acts.

      12. The official publication of normative legal acts of state bodies, which put them at a loss, make changes and additions, suspend or restore the actions of previously issued acts, shall also be subject to monitoring. Information on these acts shall also be entered in the register of state registration of normative legal acts.

      13. By results of collection and registration, analysis of work on the official publication of normative legal acts of state bodies, which reflects the violations that occurred and problems associated with the official publication of normative legal acts, as well as the measures required for elimination of the violations identified.