Байланыс формасы

Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің жариялануын бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 тамыздағы N 900 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 384 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.06.2016 № 384 қаулысымен.

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-1-бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің жариялануын бақылауды жүзеге асыру ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Yкiметiнiң        
2002 жылғы 15 тамыздағы  
N 900 қаулысымен    
бекiтiлген      

Орталық және жергiлiктi мемлекеттiк
органдардың нормативтiк құқықтық актілерiнiң
жариялануын бақылауды жүзеге асыру ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жариялануын бақылауды жүзеге асыру ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына, "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жариялануын бақылауды жүзеге асыру тәртiбiн айқындайды.

      2. Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық актiлерiн (бұдан әрi - орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерi) ресми жариялау оларды қолданудың мiндеттi шарты болып табылады.

      3. Орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың заңнамада белгiленген тәртiппен жарияланбаған нормативтiк құқықтық актiлерi қолдануға жатпайды.

      4. Орталық және жергілiктi мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк тiркеуге жататын нормативтiк құқықтық актiлерi әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелгеннен кейiн ғана жарияланады.

      5. Орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жариялануын бақылауды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi мен оның аумақтық органдары жүзеге асырады.

      6. Әдiлет министрлiгi мен оның аумақтық органдарының қызметкерлерi орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жариялануын бақылауды жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметiнiң актiлерiн, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi және осы Ереженi басшылыққа алады.

      7. Орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жариялануын бақылаудың негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi мыналар болып табылады:
      1) орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жариялануын реттейтiн заңнаманың сақталуын тексеру;
      2) орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың заңнамада белгiленген тәртiппен жарияланбаған нормативтiк құқықтық актiлерiн қолдануға жол бермеу;
      3) орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiн жариялау мәселелерi бойынша қолданыстағы заңнаманың бұзылуын анықтау және оларды жою жөнiнде шаралар қабылдау;
      4) орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жариялануын жүзеге асыру кезiнде әдiстемелiк көмек көрсету.

2. Орталық және жергіліктi мемлекеттiк органдардың
нормативтік құқықтық актiлерінің жариялануын бақылауды
ұйымдастыру және жүзеге асыру

      8. Әдiлет министрлiгi мен оның аумақтық органдары бақылауды жүзеге асыру кезiнде мынадай функцияларды орындайды:
      1) орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жариялануын реттейтiн заңнаманың сақталуына тексерулер жүргiзедi;
      2) әкiмшiлiк iс қозғау және iс материалдарын сотқа беру туралы шешiм қабылдайды;
      3) орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың жарияланған нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мониторингін Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырады;
      4) қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      9. Бақылауды жүзеге асыру кезiнде Әдiлет министрлiгi мен оның аумақтық органдары мыналарға құқылы:
      1) мемлекеттiк органдардан және ұйымдардан, жеке және заңды тұлғалардан бақылауды жүзеге асыру үшiн қажеттi материалдар мен ақпаратты сұратуға;
      2) орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жариялануын реттейтiн заңнаманың бұзылуын жою туралы мемлекеттiк органдарға ұсыныстар енгізуге;
      3) бұзушылықтарға жол берген лауазымды адамдардан түсiнiктемелер сұратуға;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шараларды қабылдауға.

3. Тексерулер жүргiзу

      10. Тексеру жүргiзудiң алдында мұқият дайындықтың болуы, заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық актiлер зерделенуi тиіс.

      11. Әрбiр тексерудiң алдында тексеру барысында зерделеуге жататын мiндеттер мен мәселелер тiзбесiн, тексеру жүргiзуге арналған топ құрамы және тексерулер жүргiзуге қатысты өзге де мәлiметтердi қамтитын тексеру бағдарламасы әзiрленедi.
      Тексеру бағдарламасын Әдiлет министрi, Әдiлет министрлiгi аумақтық органының басшысы не оның орынбасарлары бекiтедi.

      12. Тексеру Әдiлет министрiнiң немесе Әдiлет министрлiгі аумақтық органы басшысының бұйрығымен тағайындалады және Әдiлет министрлiгi мен оның аумақтық органдарының қызметкерлерi жүзеге асырады.

      13. Тексеру жүргiзуге кедергi келтiру Қазақстан Республикасының  заңнамалық актiлерiнде   көзделген жауапкершiлiкке әкеп соғады.

      14. Тексеру жүргізу кезiнде тексерушiлерге тексерiлетiн субъектiлерге объективтi емес және ағат пiкiр айтуға, тексеру барысында алынған, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес коммерциялық немесе өзге де қорғалатын құпияны бiлдiретiн ақпаратты жария етуге жол берiлмейдi.

      15. Тексерудiң мерзiмi алдағы жұмыстардың көлемiн, қойылған мiндеттер мен тексерушi топтың құрамын ескере отырып белгiленедi және 30 күнтiзбелiк күндi құрайды.
      Әдiлет министрiнiң, Әдiлет министрлiгi аумақтық органы басшысының шешiмi бойынша тексеру мерзiмiн ұзартуға рұқсат етiледi, ол 30 күнтiзбелiк күннен аспауға тиiс.

      16. Тексеру аяқталғаннан кейiн тексерушi топтың басшысы мен оның мүшелерi және тексерiлетiн субъектiнiң бiрiншi басшысы қол қоятын екi данада тексеру актiсi жасалады.

      17. Тексеру нәтижелерi қолда бар құжаттар мен материалдардан туындайтын тексерiлген деректер мен фактiлердiң негiзiнде актiде баяндалады.

      18. Анықталған кемшiлiктер мен бұзушылықтар тексеру актiсiнде объективтi түрде, тиiстi нормативтiк құқықтық актiлер мен фактiлерге сiлтеме жасалып баяндалуға тиiс.

      19. Тексеру актiсiнiң бiрiншi данасы тексерiлетiн субъектiнiң бiрiншi басшысына тапсырылады, екiншiсi тексерушi топтың басшысында қалады.

      20. Тексерiлетiн субъектiнiң бiрiншi басшысы тексеру актiсiне қол қоюдан бас тартқан жағдайда бұл актiде тиiстi жазба жасалады.
      Тексерiлетiн субъектiнiң тарапынан тексеру актiсi бойынша қарсылық болған кезде, оның басшысы өзiнiң қолы алдында бұл туралы ескертпе жасайды және жазбаша қарсылығын қоса бередi.
      Жазбаша қарсылықтарда баяндалған фактiлердiң дұрыстығы тексерiлуге тиiс және олар бойынша топтың басшысы жазбаша қорытынды бередi.

      21. Сондай-ақ, тексеру актiсiне бұзушылыққа жол берген лауазымды адамдардың түсiнiктемелерi де қоса берiледi.

      22. Тексеру нәтижелерi бойынша Әдiлет министрлiгі мен оның аумақтық органдары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген шараларды қабылдайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады