"Республикалық бюджетке түсетін түсімдердің алынуына, артық (қате) төленген соманың бюджеттен қайтарылуына және (немесе) есепке алынуына және салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін соманың, қарыздардың бюджетке түсуін бақылауды жүзеге асыруға жауапты уәкілетті органдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1339 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 902 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 289 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 24.05.2018 № 289 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Республикалық бюджетке түсетін түсімдердің алынуына, артық (қате) төленген соманың бюджеттен қайтарылуына және (немесе) есепке алынуына және салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін соманың, қарыздардың бюджетке түсуін бақылауды жүзеге асыруға жауапты уәкілетті органдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1339 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 49, 556-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық бюджетке түсетін түсімдердің алынуына, артық (қате) төленген соманың бюджеттен қайтарылуына және (немесе) есепке алынуына және салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін соманың, қарыздардың бюджетке түсуін бақылауды жүзеге асыруға жауапты уәкілетті органдардың тізбесінде:

      реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

6
 

Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті 

"Байқоңыр" кешенін пайдаланғаны үшін жалдау ақысынан түсетін түсімдер 

                                                                                                                        ";

      реттік нөмірлері 7-1 және 8-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

7-1

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

Атқарушылық санкция

8

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын уәкілетті мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (мәжбүрлеп орындату туралы сот қаулысы болған жағдайда)

Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, орталық мемлекеттік органдар, олардың аумақтық бөлімшелері салатын әкiмшiлiк айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын өзге де айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

Орталық мемлекеттік органдар, олардың аумақтық бөлімшелері мұнай секторы ұйымдарына салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мұнай секторы ұйымдарына салатын өзге де айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін басқа да салықтық емес түсімдер

Тәркіленген мүлікті, белгіленген тәртіппен республикалық меншікке өтеусіз өткен мүлікті, оның ішінде кедендік бас тарту режимінде мемлекеттің пайдасына ресімделген тауарлар мен көлік құралдарын сатудан түсетін түсімдер


      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 8-1-жолмен толықтырылсын:

      "

8-1

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

Сот үкімдері бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін тағайындалған айыппұлдар

      ";

      реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

9

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті

Жер қойнауы туралы ақпаратты пайдалануға бергені үшін төлемақы

      ";

      реттік нөмірлері 10-1 және 11-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

10-1
 

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі
 

Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, зиянды өтеу туралы талаптар бойынша табиғат пайдаланушылардан алынған қаражат
 

Мұнай секторы ұйымдарының зиянды өтеуі туралы талаптар бойынша табиғат пайдаланушылардан алынған қаражат
 

Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарының квота көлемі резервін басқарудан және белгіленген мөлшер бірліктерін беруден түскен түсімдер
 

11
 

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
 

Орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда орман алқаптарын пайдалану үшін алып қойған кезде орман шаруашылығы өндірістерінің зияндарын өтеуден түсетін түсімдер


      ";

      реттік нөмірі 12-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

12



Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі



Республикалық меншіктегі мүлікті жалға алудан түсетін кірістер


Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің депозиттері бойынша сыйақылар


Екінші деңгейдегі банктердегі шоттарда мемлекеттік сыртқы қарыздардың қаражатын орналастыруға сыйақылар


Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарына ішкі көздер есебінен республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар


Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарына үкiметтiк сыртқы қарыздар қаражаты есебiнен республикалық бюджеттен берiлген бюджеттiк кредиттер бойынша сыйақылар


Мамандандырылған ұйымдарға ішкі көздер есебінен республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар


Мамандандырылған ұйымдарға үкіметтік сыртқы қарыздар қаражаты есебінен республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар


Заңды тұлғаларға үкіметтік сыртқы қарыздар қаражаты есебінен 2005 жылға дейін республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар


Жеке тұлғаларға республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар


Шет мемлекеттерге берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар


Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік кепілдіктер бойынша төлеген талаптар бойынша сыйақылар


Бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында сатып алынған мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздардан түскен сыйақылар


Республикалық меншіктегі жер учаскелері бойынша сервитут үшін төлемақы


Заңсыз алынған мүлікті өз еркімен тапсырудан немесе өндіріп алудан немесе мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғаларға немесе оларға теңестірілген тұлғаларға заңсыз көрсетілген қызметтердің құнынан алынатын сомалардың түсімі


Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, республикалық бюджетке түсетін басқа да салықтық емес түсімдер


Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарына республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер (қарыздар) бойынша айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар


Мамандандырылған ұйымдарға, шет мемлекеттерге, жеке тұлғаларға бюджеттік кредиттер (қарыздар) бойынша республикалық бюджеттен берілген айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар


Мүлiктi жария еткенi үшiн алым



      ";

      реттік нөмірі 14-жол алып тасталсын;

      реттік нөмірлері 16 және 17-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

16



Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі



Нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған нысаналы трансферттерді қайтару


Пайдаланылмаған (жете пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару


Атырау облысының облыстық бюджетінен бюджеттік алып қою


Маңғыстау облысының облыстық бюджетінен бюджеттік алып қою


Алматы қаласының бюджетінен бюджеттік алып қою


Астана қаласының бюджетінен бюджеттік алып қою


Облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен республикалық бюджеттің шығындарын өтеуге трансферттердің түсімдері


Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке кепiлдендірілген трансферт


Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке өткен жылы аударылмаған кепiлдендірілген трансферт сомасы


Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан Республикалық бюджеткe берiлетiн нысаналы трансферт


Бюджет заңнамасында көзделген жағдайларда жалпы сипаттағы трансферттерді қайтару


Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жете пайдалануға рұқсат етілген, өткен қаржы жылында бөлінген, пайдаланылмаған (жете пайдаланылмаған) нысаналы даму трансферттерінің сомасын қайтару


Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен республикалық бюджеттен бөлінген пайдаланылмаған (жете пайдаланылмаған) нысаналы трансферттердің сомасын қайтару


17



Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі



Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарына ішкі көздер есебінен республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу


Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарына үкіметтік сыртқы қарыздар қаражаты есебінен республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу


Мамандандырылған ұйымдарға ішкі көздер есебінен республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу


Мамандандырылған ұйымдарға үкіметтік сыртқы қарыз қаражаты есебінен республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу


Заңды тұлғаларға үкіметтік сыртқы қарыздар қаражаты есебінен республикалық бюджеттен

2005 жылға дейін берілген бюджеттік кредиттерді өтеу


Жеке тұлғаларға республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу


Шет мемлекеттерге берілген бюджеттік кредиттерді өтеу


Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының республикалық бюджеттен берілген нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған кредиттерді қайтаруы


Республикалық бюджеттен берілген нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған кредиттерді жеке және заңды тұлғалардың қайтаруы


Мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындауға бағытталған қаражатты қайтару


Бюджеттік кредиттер, сондай-ақ мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындауға бағытталған бюджет қаражаты бойынша берешекті өтеу есебіне мемлекет пайдасына алынған немесе өндірілген мүлікті сатудан түсетін түсімдер


Республикалық бюджеттен берілген, пайдаланылмаған бюджеттік кредиттерді қайтару


Республикалық бюджеттен берілген, пайдаланылмаған бюджеттік кредиттерді облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бюджеттерінен қайтару



      ".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

Б. Сағынтаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады