"Мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға "Ұлттық" мәртебе берудің қағидасы мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 10 мамырдағы № 76 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 13 ақпандағы № 57 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға "Ұлттық" мәртебе берудің қағидасы мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 10 мамырдағы № 76 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

"Мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға "Ұлттық" мәртебе берудің қағидасы мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 10 мамырдағы № 76 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға "Ұлттық" мәртебе берудің қағидасы мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 10 мамырдағы № 76 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 37, 442-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға "Ұлттық" мәртебе берудің қағидасы мен шарттарында:

      2-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "мәдениет саласындағы уәкілетті орган бекітетін тәртіппен берілген "Академиялық" мәртебесі бар;".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады